Аналар күні — Балабақшадағы ертеңгіліктер — Bilim

0

Аналар күні

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

«Дарын» балабақшасы

Тәрбиеші: Ходжантаева Куралай Икласовна

Әсем безендірілген залға «Бозжорға» — әнімен балалар кіреді.

Жүргізуші:

Құрметті, аяулы асыл жандар, ұжымдастар! Сіздерді, ең көрікті де қуанышты көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дәубек:

Кетті қысқы ызғар,

Еріп жатыр мұздар.

Мерекеңіз бүгін,

Қызғалдақтай қыздар! — деп ортаға ару қыздарды шақырамын.

(қыздар қолдарына қызғалдақ гүлін ұстап кіреді)

Ақерке:

Келді көктем далаға,

Келді сұлу шағала.

Аспандағы ақ құстар,

Айдын көлді аралап.

Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау алақай,

Көктем қандай көңілді.

Аян:

Қандай қызық көктемде,

Күн шуағын төккенде.

Гүл тереміз алуан,

Шығып алып көк белге.

Көктем күні керемет,

Бар табиғат нәр алып,

Шыға келер жаңарып.

Ғаниет:

Бәйшешектен білеміз,

Көктем келіп қалғанын.

Мәз боламыз күлеміз,

Көрсек гүлін жарғанын.

Амина:

— Әкелетін отбасына береке,

Әз аналар арамызда көп екен.

Жыл құсындай көктем сайын оралар,

Құтты болсын нұрға толы мерекең!

Айлана:

Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп  жатқанда.

Біз қуанып қаламыз

Әнмен  қарсы  аламыз.

Ән. «Көктем»

Али:

Сегізінші наурыз келді,

Шаттық сезім, ой келді.

Қуанышты күні енді,

Құттықтаймыз сіздерді.

Жанымызды жайнатқан,

Сіздер ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар.

А.Бексұлтан:

Гүл жайнаса бар әлем,

Ол аналар мейрамы.

Сыйлық алса әкелер,

Ол аналар мейрамы.

Сезім:

Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Ән. «Аналарға арнаймын»

(Балалар орындарына отырады)

Мұстафа:

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыным, күнім! — дейтін

Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен жақын маған!

Ол жанымда жүрсе, мен де

Батырларша батылданам

Жамандықтан сақтандырып

Жаксы ісімді мақтан қылып

Отыратын анашымды.

Жүрсем деймін шаттандырып.

Жүргізуші: Көңілді музыкалық аспаптарда өнер көрсететін балаларды қарсы алайық!

«Көңілді оркестр» — музыкалық аспаптармен өнер көрсетеді.

Жүргізуші:

Келесі құттықтауды орыс және ағылшын тілдерінде тамашалаңыздар.

(Орыс және ағылшын тілдерінде тақпақтар)

Ән. Хорошо рядом с мамой.

Адия:

Аялаған, баптаған,асыраған, сақтаған.

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді,

Анамызға мың алғыс!

Ботагоз:

Ана деген — бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — қуанышы өмірдің.

Ана деген — әрбір үйдің жылуы,

Ана деген — гүлі туған өмірдің.

Айлана:

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Ауырмасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

Дәубек:

Өмірде ана бұлақ, ана пана

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,.

Талай ер, талай ақын, талай дана,

Ана! Ол біздің елде ардақты адам.

Жансая:

Түн  ұйқысын төрт бөлген,

Мәпелеп өсірген.

Ана деген керемет,

Бар қатеңді кешірген.

С.Бексұлтан:

Әркім сүйер өзінің,

Мақтан етер анасын.

Бәрі жақсы ананың,

Бәрін  сыйлау керек-ау,

Бірақ әрбір баланың,

Өз анасы бөлек-ау.

«Полька биі»

Жүргізуші:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!- келесі құттықтауымызды асыл әжелерге арнаймыз.

Кәусар:

Әжеме ешкім жетпейді,

Айналатын толғанып.

Еркелеп өсіп келемін,

Әжемменен қорғанам,

Әжем аман жүрсе екен,

Бар билікті алса  екен.

Нұркен:

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне,

Базарға өзі барады,

Бәрін сатып алады.

Жұмсайды әжем мені де,

Тауыққа жем беруге

Ауырады кей кезде

Аяғы да, белі де

Біз дәрісін табамыз

Қамқорлыққа аламыз!

Айзере:

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін

Әлім:

Қайырымды, қасиетті.

Ең ардақты, ақ әжем.

Әрбір сөзі өсиетті,

Баға жетпес ақ әжем.

Аман-есен жүріңізші,

Бар тілегім сол, Әжем!

Ән. «Әжеме»

Әзіл ән: Әжелер әні.

Ойын «Өз анаңды сәнде»

Көрініс «Сұлу қыз»?

«Шығыс биі»

Ойын «Бұршақты жинау

Ән «Аналар мерекесі»

Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілей отырып, балаларыңыздың өз қолынан жасаған сыйлығын қабыл алыңыздар!





http://www.bilim-all.kz/