Аналар – асыл қазынам! — Сценарилер — Bilim

0

Аналар – асыл қазынам!

Мақтарал ауданы, Асықата кенті

«№121 жалпы орта мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі: Боранбаева Жанар

             
Мақсаты: Балаларға 8-наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті ұстаздар!

Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 — наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын! 0 «Ә» сыныбының «Аналар – асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағатын көріп тамашалаңыздар.

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн үйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қаймақты сүттей қалқытқан

Суық болса жөргегі

Қорғасындай балқытқан

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Иісін жүпар аңқытқан

Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Жүргізуші: Құрметті апалар, ұстаздар және оқушылар, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз. Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере алған аналар үшін елімізде бір күнді мейрам деп белгілеген. Ол 8 наурыз мерекесі: Олай болса бүгінгі ән мен би аналардың анасы әжелерге, аналарға, сұлу да сымбатты қыздарға арналады.

Бүгін наурыздың 8 — і

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі дей отырып сүйікті аналар,сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Айғаным: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамын мен құттықтаймын.
Жанель: Анамды мен жақсы көрем,

Айтқан тілін алып жүрем.

Қасымда анам жүргенде

Шаттанып ойнап күлем
Айша: Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.
Жасұлан: Ақыл құйған санама,

Күннен артық, расында.

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.
Жасмин: Ана деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.
Т.Аслан: Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз
К. Аслан: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!
Нұркелді: Жарқын жузді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттык кетпес баладан
Ақмарал: Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.
Нұрдаулет: Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.
Ернар: Әлпештеген баласын

Ана-бақыт, ана-күн

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын
Жаснұр: Мәпелейсің мені, анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай
Асыйм: Сыйлаған маған өмірді

Анашым  менің аялы

Жүрегі жұмсақ,көңілі

Күн шуақты саялы
Ән: Айналайын ана
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Тақпақтар:
Асыйм: Әжем ұйықтар алдында

Ертегі айтып береді.

Еркелеп ойнап жатқанда

Ылғи ұйықтап қаламын
Жанель: Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.
Бекарыс: Әже деген көп шығар,

Әжемдей жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Ернар: Менің әжем, жыр әжем

Шуағы мол ақ әжем

Ақ жаулығың желбіреп

Аман есен жүр әжем
Дина: Менің әжем,бұл әжем

Айтқан  сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды  әлі әжем
Арсен: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.
Ойын: «Кім тез гүл тереді?»

Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару көктем:

Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтын,

Түбіне тал екенмін.

Гүл боп қырда егілем,

Дән боп жерге себілем.

Жаңбыр болып жауам да,

Нұр боп көктен төгілем.

Шуағын төгіп әлемге.

Жылуын күннің әкелем.

Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан — байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды  мол  төгебер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр.- деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған өлеңдерін қабыл ал.
Тақпақтар:

Дина:
О, Алақай балалар

Шақырады далалар

Көктем келді гүл алып

Құстар келді жыр алып.
Жасмин: Келді көктем күнің,

Күлімдейді гүлің —

Алтын ойлы Анам,

Мерекеңіз бүгін!
Арсен: Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір — бірден

Аналарға сыйлаймыз.
К. Аслан: Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Ендігі кезекті мақал – мәтелге береміз.
Т.Аслан: Ананың сүті-бал

Баланың тілі-бал
Айғаным: Ана сүтін ақтамағанды

Ешкім мқтамайды
К. Аслан: Күн шуағы-жылы

Ананың құшағы -жылы
Асым: Ананың көңілі бала да

Баланың көңілі дала да
Айша: Ақ жаулығы ананың

Ақ көрпесі баланың
Нұркелді: Ана сүті бой өсіреді

Дана тілі ой өсіреді
Арсен: Ананың ізін қыз басар

Атаның ізін ұл басар
Жасмин: Ана баласын арыстанның аузынан алады.
Ернар: Баланың ұяты әкеге

Қыздың ұяты шешеге
Жанель: Атадан өсиет

Анадан қасиет
Бекарыс: Әке көрген оқ жанар

Шеше көрген тон пішер
Дина: ананың алдында құрмет

Атаның алдында қызмет

Жаснұр: Әкеден – ақыл

Анадан – мейір

Музыка шығады:
Тәрбиеші: Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.

Көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ кіріп келеді.
Сайқымазақ: Жан — жағыма қарасам,

Қонақтар өте көп екен.

Ұлдар да көп, қыздар да көп

Апайларда мұнда көп

Мен сайқымазақпын,

Ақылыма көркім сай.

Ұнаймын жұрттың бәріне

Үлкенге де, кішіге.

Келіп қалдым мен бүгін,

Құттықтауға сіздерді.

Аналарды, қыздарды

Сүйікті әжелерді.
Тәрбиеші: Рахмет, саған Сайқымазақ!
Сайқымазақ: Мен билегенді жақсы көремін. Кім менімен билейді?
(Балалардың орындауында) Би: «Шөжелерім»

Көбей Асланның орындауында ән «Менің анам алтын»

Балалардың орындауында би: « Жігіттер».

Қыздардың орындауында би: « Шаттық»

Хор: Ән: «Анашым ана жаным»
Тәрбиеші: Сүйкімді ғой балалар

Өнерлі ғой баршасы

Міне, осындай қойылым

Көрсетті 0«Ә» сыныбы

Құрметті аналар мен әжелер,ұстаздар! Сіздерді 0«Ә» сыныбының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!