Ана тілі — Тіл туралы — Өлеңдер, тақпақтар
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Анам тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой, білімді
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Ана тілім —
Бала шағым, өркенім,
Ана тілім —
Болашағым, ертеңім.
Ана тілім —
Сайын далам, жер-көгім,
Ана тілім —
Арман-ойым, өрнегім,
Ана тілім —
Шың, асқарым, өр көгім.
Ана тілім —
Жыр-дастаным, ертегім,
Ана тілім —
Үйім алып, еркемін.
Ана тілмен
Халық күйін шертемін.
Ана тілім —
Пәк сезімді жан сырым,
Ана тілім —
Лебіз демі бал-шырын.
Ана тілмен
Нұрланады маң, қырым.
Ана тілмен
Жырланады бар жырым.
* * *
Ана тілді білмесем,
Шат-шадыман күлмес ем.
Жер бетінде сайраңдап,
Қазақ болып жүрмес ем.
Жүрегімнің бөлшегі
Қаның, жаның — тілінде,
Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.
Ана тілің — ертегің,
Ана тілің — өркенің,
Ана тілің — ертеңің.
Қадірле ана тіліңді —
Жүрегіңнің бөлшегін.
Жақсы кітап — «Әліппе»,
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштастым.
«Әліппемен» достастым.
«А»-дан бастап әріпті,
Түгел маған танытты.