ана мен баланың арасындағы махаббат» тренинг-жиналыс

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

«Ата — ана мен баланың арасындағы махаббат» тренинг-жиналыс

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Барлық материалдар Сыныбы: 2 сынып

Тақырыбы «Ата — ана мен баланың арасындағы махаббат» (тренинг — жиналыс)
Мақсаты: Ата — ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру,дамыту.
Міндеті: Ата — ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл — күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу;

Тақырыбы
Ата — ана мен баланың арасындағы махаббат (тренинг — жиналыс)

Мақсаты:
Ата — ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру,дамыту.

Міндеті:
Ата — ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл — күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу;

Көрнекілігі:
Интерактивті тақта, слайд.

Кезеңі:
Мұғалім іс-әрекеті
Ата-ананың іс-әрекеті:
Ресурс:

Жүру барысы:
Жүргізуші: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы — жанұясы. Жанұялық тәрбие ата — анамен бала арасындағы қарым — қатынастық жүйе. Олай болса, ата — ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан — жақты меңгеру қажет. Ұлы данамыз Әл — Фараби Ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға, алғашқы ұстаз – ата — ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата — ана нәзік те, қиын, қыр — сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде, ата — анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің демекші ата — ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата — атаның парызы.Енді тренигімізді бастамас бұрын бәрлеріңізді ортаға шаттық шеңберіне шақырсам.

І. Бойыма біткен қасиет
Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.Мысалы: Мен нұрлы – НұргүлмінМен көрікті — Әсеммін;Мен дарынды – Дидармын.
Ата-аналар ортаға шеңберге келіп тұрады

ІІ. Жан жылуы

Көзімізді жұмып, терең демаламыз. Жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Ішкі дүниеміз жап-жарық болып кетті. Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Осы гүлді елестетіңіздер .Бұл жай гүл емес. Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек — бұл сіздің балаңыз. Біз гүлге жылуымызды беріп, аялап өсірдік. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Көздерін жұмады
Гүлдің макеті,
музыка

ІІІ. Менің қалағаным…
Ата — аналар мына ортадағы гүлдің үстіндегі 3 түсті көбелек стикердің өзіңізге ұнағанын таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата — аналар бірігіп бір топ боласыздар.Менің қалағаным….Қызыл түс- энергия түсі,ол адамды іс – әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп
отырады. Жоғары сенімді, жігерлі, мінез- құлқы батыл тұлға.Сары түс- көңілді түс, адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдағандар – іскер, мінез- құлқы мықты тұлғалар.
Жасыл түс- әрқашан өз мақсатына жетеді, шыдамды, байсалды тұлға.
Қызыл, сары, жасыл түсті көбелектерді таңдайды
Гүл макеті, стикерлер

ІҮ. Өзіңді-өзің танысаң— істің басы.
Жақсы немесе жаман қасиеттер тренинг— Абай атамыздың Сегіз батыр деп басталатын жұмбағы еске түседі.
Алла мықты жаратқан сегіз батыр,Баяғыдан соғысып әлі жатырКезек-кезек жығылып, жатып тұрыпКім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі жақсылық болса, екіншісі жамандық екен. Кез келген адамнан олекеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың сол жағына жақсы , оң жағына жаман қасиеттеріңізді жазасыздар.3мин
Қандай қасиеттерді көп жаздыңыздар?
Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
Осыған дейін осы қасиеттер жайлы ойланып көрдіңізбе?
Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келеме? Ендеше жаман қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын— деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз.Қорытынды: Бала ата-ананың айнасы-демекші, баламыздың бойына өзбойымыздағы жақсы қасиеттерді сіңіре білейік.
Қағаздың сол жағына жақсы, оң жағына жаман қасиеттерін жазады.

Барлығы жазған қасиеттерін оқып шығады.
Қағаздың оң жағын ұсақтап жыртады

А4

VІ. Аялы алақан (тренинг)

Мақсаты: Ата—ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әркезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу. 6ата-ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Ата— аналардың көздері байлаулы өзбаласын қолынан танып алу керек)
Балаңызды қалай таныдыңыз?
Балаңызды тани алмаймын —ау деген қорқыныш болдыма?
Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?
Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңызба?
Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді. Өсиет әңгіме.Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды даалып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.
Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?)
Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.
Ата-ана байлаулы көздерімен өз баласының қолынан сипап табады
Видеоролик, шарф

Ата-анаға кеңес.
Махаббат салатының дайындалу тәсілі
Құрамы:
1.Сүйіспеншілік (мүмкіндігінше балаға деген сүйіспеншілігіңізді көбірек көрсетіңіз)
2. Тосын сый (тек жақсылары мен жаңалары)
3. Күлкі (отбасындағы қуанышты сәттерден)
4. Бақыт (шексіз)
5. Мейірімділік (отбасы мүшелерінің барлығына)
Жауапкершілік (әр іске жеткілікті мөлшерде)
Күтім (шексіз)
Дайындалу әдісі: Бар тіршілікке жетерлік мейірімділікке бір уыс махаббат қосыңыз. Осы екі қоспаны мұқият араластырып, бір қасық күлкі, екі қасық сүйіспеншілік пен жауапкершілік салыңыз. Салаттың бетін әдемі тосын сыймен безендіріңіз.
Ата-аналар өз фантазияларына байланысты Махабат салатын жасайды.
А3, түрлі-түсті маркерлер

Рефлексия
Сонымен ата-аналар бала тәрбиесі ең маңызды — мәселе. Ең басты – ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңызы зор. Бүгін міне бала тәрбиесіне байланысты ойларыңызды ортаға салдыңыздар. Осы іс — шарамыздың соңында сіздерге мандарин ұсынғым келеді. Барлығыңыздың мандариндеріңіз деді ашыңыздар. Ашып ауыз тиюлеріңізге болады. Мандаринді берген мақсатым: Мандарин жемістің бір түрі. Өзі жұмсақ, нәрлі шырынында дәрумені көп жемістердің ішіндегі, тез көп жеміс беретін өсімдік. Мандарин қандай қасиеттерге ие болса, бізде балаларымызға жұмсақ мінез танытып, жан-жақты тәрбие берейік.Әке, Ана үш — ақ әріп тіршілік,Үш әріптен үлбірейді гүл шығып.Үш — ақ әріп дүниені танытқан,Үш — ақ әріп қойған жыршы ғып — дей келе бүгінгі тренингті аяқтаймыз.

Себетке салынған мандариндер

Кері байланыс

Алдарыңызда жатқан көбелек стикерге
1.Бүгінгі тренинг-жиналыс қызықты болды ма , әлде жок па? (Неге?)
2. тренинг барысындағы өзіңіздің жұмысыңызды бағалаңыз____
3.Жүргізушілерге ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз

Өз ұсыныс тілектерін жазады
Стикерлер

Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп КММ

Ата — ана мен баланың арасындағы махаббат
(тренинг — жиналыс)

Өткізгендер: Рахымбаева З.Т

2018-2019 оқу жылы


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.