Ана деген теңдесі жоқ ұлылық, тәрбие сағаты

0
Залға музыкамен, әндетіп көктем кіреді:

1 — көктем: — Сәлеметсіздер ме құрметті көрермендер! Ата — аналар және әріптестер!
2 — көктем: — Қайырлы күн бүгінгі кешті тамашалауға келген көпшілік!

Келді көктем далаға,
Келді сұлу шағала
Аспандағы ақ құстар
Айдын көлді арала!

1 — көктем: — Біз бүгін өзімізбен бірге өзіміздің сүйікті гүлдеріміз бен күндерімізді ала келдік!
2 — көктем: — Қарсы алыңыздар!

(Залға балалар кіреді)
2 — көктем: — Құрметті ата — аналар! Көктеммен бірге келген алғашқы мерекесі 8 — наурыз аналар мерекесі құтты болсын дейміз!

— Ал гүлдер мен күндер бізге қандай сый дайындап қойдыңдар!
Ән: «Көктем келді» хормен.
Қоңырау дыбысы естіледі.
— Балалар бізге кім келе жатыр екен?
— Білмейміз, ешкім көрінбейді.

Перденің арғы жағында үсті лас, көңілсіз «үйдің елесі» (Кузя) келеді.
— Балалар, сендер қандай бақыттысыңдар! Сендердің аналарың бар, сондықтан үстілерің тап — таза. Менде ана жоқ, ботқа пісіріп беретін де ешкім жоқ. Маған өздеріңнің аналарыңдай ана тауып беруге қалай қарайсыңдар?

Балалар: — Иә, тауып береміз.
Тақпақтар

Көркемай: Құтты болсын аналар күн мейрамы,
Жарқыраңдар жаз күніндей жайдары
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары.

Анель: Ана біздің күнімі1з,
Ана біздің гүліміз,
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Талант: Өмірдің иесі сен ғазиз ана
Келтірген дүниеге нелер дана,
Анасыз батырда жоқ, ақын да жоқ
Өмірдің алтын кілті сендер ғана.

Зулхая: Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілің кең,
Ананың махаббаты қаусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Тахирмирза: О Анашым таянышым, тірегім,
Бар бақытты бір басыңа тіледім,
Мен жақсы болса екен деп қашан да,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Ән: «Анаға сыйлаймыз»
«Көктемді сипаттау»

Алдияр: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз

Эмиль: Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.

Айшат: Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен,
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті жан барма екен.

Дамир: Наурыз ана күні, әлем күні
Әлемді тебірентер ана үні,
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

Би: «Гүлдер»
Орындайтындар: балалар-қыздар
Қоңырау дыбысы естіледі, залға музыкамен әжей кіреді.
— Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қоңырау үшін естіп осында келдім. Бұл қандай мереке?
Балалар: — Көктем мерекесі
— Аналар мейрамы.

— А — а — а, солай екен, ғой, олай болса маған әндерің мен тақпақтарың болса айтып беріңдер, тыңдайын.

Омар: Менің әжем — гүл әжем
Алтын әжем күн әжем,
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі — Әжем.

Тамила: Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

Диас: Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат мамам ай мамам
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің әрқашан.

Әмина: Анам мені сүйіктім,
Тек өзіңе табынам,
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасам сағынам.

Арайлым: Сенен өскен балалар,
Батырлар да даналар,
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар.

Жансая: Мен анамды жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем,
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап — күлем.

— Балалар қандай жақсы баласыңдар. Менің құрақ көркем бар еді, соны құрау үшін көмектерің қажет болып тұр.

Ойын: «Құрақ көрпе»
Көркем сөз оқу: «Анаға арнау», Оқитын: Айгерім, Каусар.
Ән: «Анама», Орындайтын: Арай

Көкем: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған,
Үлкен — кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

Әли: Келді көктей күнім
Күлімдейі гүлің
Алтын ойлы анам,
Мерекеңіз бүгін.

Айшуақ: Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге,
Шашырайды шуағы,
Үйімізге кіргенде.

Ержан: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай,
Құлпыра өсіп келем мен,
Құшағыңда қысылмай.

Вильдан: Аялаған, саялаған,
Бар бақытым берекем,
Анатайым құттықтаймын,
Бүгін сенің мерекең.

Айбек: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым,
Тақпақ айтып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.

Би: «Өзбек биі», Орындайтындар: балалар-қыздар.

Жібек: Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам,
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.

Нұржас: Ана деген асыл сөз,
Ана деген ғаламат,
Жер бетінде анаға,
Табынар барлық адамзат.

Әмина: Әр сөзіңді жаттағанмын
Жүрегімде сақтағам
Анашым де мақтанам,
Айналайын ақ мамам.

Айару: Дүниеде ең кемеңгер ананы,
Ана тауып аялайды бағады,
Сол үшін де құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы.

Аймир: Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз,
Биік болсын жұлдызыңыз,
Бақыт қонсын басыңызға,
Қолдап жүрсін тәңіріңіз.

Арай: Бесік жырын өмірімді күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырғам,
Асыл ана құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі әлемді сыйдырған.

Кузя мен әжейді шығарып салу.
Ойын: «Биге шақыру»
Ата — аналарымен ойын «Сөйлем құра»
Жылы лебіздерін айтып аналарына сыйлық беру!

ГККП «№ 4 Ветерок балабақшасы»
Тәрбиеші: Досова Мадина Сапаралиевна

Дереккөз: http://bilimsite.kz/