Алтын төрім -Астана

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Алтын төрім -Астана

Автор: Уразалина Атлас Доскеновна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 2 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-15


Материал туралы қысқаша түсінік

Астана туралы сынып сағаты




Алтын төрім — АстанаТақырыбы: Алтын төрім — АстанаМақсаты: а) Байтақ қазақ даласының иесі кім екенін алыс пен жақынға танытатын қазақ жерінің кіндігіне Ақ ордасын тіккен – жаңа Астана тарихымен таныстыру;б) Астанасына қарап елін таниды дегендей, Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту;в) Екі ғасыр тоғысында Еуразия құрлығындағы ірі тарихи оқиға болып, тарихқа енген астанамыз — Астана қаласымен мақтануға тәрбиелеу;Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Астана қаласының суреттері, Қазақстан картасы, т. б.ЖүрісіІ. ҰйымдастыруҚұрметті оқушылар бүгінгі болып отырған «Алтын төрім – Астанам» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Әнұран Жоспары:1. Кіріспе — мұғалім сөзі2. Сиқырлы сандар не дер екен?- оқушы шығармашылықтары3. Астана айшықтары — суреттер сөйлейді4. Жаса, жайна ару қалам — Астана!ІІ. Негізгі бөлім: Кіріспе:- мұғалім сөзі:.. Балалар, Қазақстан – біздің сүйікті ата мекеніміз. 1991 жылғы 16 желтоқсан — оның тарихындағы ұлы күн. Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті. Еліміз егемен мемлекет болды. Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. Оның көгілдір туы Нью-Йорктегі әлем елдері туының арасында желбіреп тұр. Әнұранымыз дүние жүзінің әр жерінде қазақ тілінде шырқалады.Санжар: Қазақстан: Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі,Әнұранымен айбатты.Аида: Дәуірлердің көшінде, Ел басы — деп шешімге. Отау тіккен Астана,Сарыарқаның төсінде.Мадина:Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін — 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа Астанасы болып жарияланды. Ал 1998 жылы 6 мамырындағы Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.2. Сиқырлы сандар не дер екен?Амангельдыі: Отанымның төрінде, Сарыарқаның өрінде. Ту ұстаған АстанаӘсем қала бас қалам. Заман жаңа ел жаңа, Күлімдейді кең дала.Өз — Астанам өз ордам Сүйсінерім сен ғана.Бегзат: Бой көтерді бір қала,Ол біздің сұлу — Астана.Астанада бәрі бар,Қараймыз соған шаттана.Мынау менің мекенім,Астанада көсемің,Әнұран — ақ көрсетер,Қазақтың кім екенін.Нұрболат:Астана жас қалам,Жайнай бер жас қалам!Өркендеп өренің,Гүлдей бер Астанам!Жүрегім лүпілдеп,Баруға асығам.Бітіріп мектепті,Барармын мен саған.Би:«Қаражорға сынып оқушыларыСанжар: Сұлу қалам — жас қалам,Нұр төгілген бас қалам.Шуақ шашып бәріне,Өсе берші, Астанам!Аида: Астанам мақтанышым,Күн сайын күнге ұмтылған.Халқыңа бар данасың,Өмірге шын құлшынған.Астанам арқадай кең,Даналық мінез сақта.Елбасы Нұрсұлтандай,Жете бер жақсы атқа.Мадина:Арасында дүрмектің,Астанада жүрмекпін.Бірақ Есіл өзені,Бар екенін білмеппін.Арайлы екен таңдары,Көңілді екен жандары,Көшелердің әдеміСамсап тұрған шамдары.Ерекше екен не керек,Жолың түссе көре кет.Астанамыз аяулы,Қала екен ғой керемет! ӘнАстана» Бегзат: Астанам сұлу қалам,Төкті нұрын оған, Алла.Сүйікті қалам — Астанам,Жарқырай бер жас қалам.Амангельды:Күміс күннің астында,Желбірейді туымыз.Қазақ деген халықтың,Қызы менен ұлымыз Ардақтайтын Астанам, Мәртебелі бас қалам.Көркейе бер күн сайын,Алға қарай бас қалам!Нұрболат: Жасыл желек оранған,Әрбір көшең көк орман.Сенде түлеп, сенде өскен,Жас ұрпақта жоқ арман.Заман жаңа, ел жаңа,Күлімдейді кең дала.Өз Астанам, өз ордам,Сүйенерім сен ғана.. Астана айшықтары — суреттер сөйлейді. Жаса, жайна ару қалам — Астана!Оқушылардың салған суреттерін тамашалау.ІІІ. Қорытынды:Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне осындай қала.

Қарлыкөл негізгі мектебі

Тәрбие сағаты2 сынып

Өткізген: Уразалина А.Д.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.