Алтын күз сценарий балабақшада

0

МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ

Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Күзгі табиғат өзгерістерін бақылап, күз байлығын, әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге үйрету.
Көрнекілік: Күзгі суреттер, жапырақтар
Жүргізуші:
—    Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар, бүгінгі «Алтын күз» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
(Осы кезде залға Жел жүгіріп келеді.)
Жел:
—    Сәлеметсіңдер ме, кішкентай балапандар! Мен күзгі желмін. Сендерге қонаққа келдім, өнерлеріңді тамашалауға. Қанекей, балалар, маған өз өнерлерінді көрсетіндерші! 
Жүргізуші:
—    Балалар, біз қайда келдік? Желмен бірге біз күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қараңдаршы, жапырақтары сары, қызғылт, қызыл түсті. Өте әдемі екен. Солай ма, балалар? Ал орманды бізге кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме?
Балалар:
—    Сиқырлы күз әдеміледі.
Жүргізуші:
—    Дұрыс балалар.
 Жүргізуші:
— Олай болса, балалар таппақтарымызды айтып берейік.
1. Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
2. Күншуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
3.О, алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма едім, жатып ап?!
4. Қуандырып бізді,
Мерекелі күз келді.
5. Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
6. Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көк егін.
7. Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
8. Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
«Кім жапырақты көп жинайды?» ойыны. Еденде жапырақтар шашылып жатады. Балалар белгі берілген кезде жапырақтарды жинап шығу керек. Көп жинаған бала жеңеді.
Жүргізуші:
—    Балалар, қане, қарайықшы, бізге қонаққа кім келді? Бізге гном келіпті.
Гном:
—    Сәлеметсіңдер ме, балапандар! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер! Менде бүгін әдемімін. (Әрі-бері жүреді.)
Балалар:
—    Иә, әдемі.
Гном:
—    Балалар, сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме?
Балалар:
—    Иә, білеміз.
Гном:
—    Өте жақсы. Жаңбырдың жай түрі болады. Оны салу үшін қолымызды жай шапалақтаймыз. Сонымен қатар, қатты жаңбырлар да болады. Қатты жаңбыр болса, қолымызды қатты шапалақтаймыз. Түсіндік пе? Ал, ендеше, «Қандай жаңбыр?» ойынын ойнайық.
Гном:
—    Ой, балалар, сендермен уақыт өте көңілді өтті. Рахмет. Мен енді үйге қайтайын. Сеңдердің ақылды, көңілді екендерінді достарыма айтып барамын. Сау болыңдар, балалар. (Гном қоштасып шығып кетеді.)
Жүргізуші:
—    Балалар, бүгін бізге гном келді. Ал сиқырлы күз болса, әлі жоқ. Ендеше, ортаға Алтын күзді шақырайық.
Балалар:
—    Келші, келші, Алтын күз.
(ортаға Алтын күз кіреді).
Алтын күз:
Сәлем, өрен достарым,
Алақанды тос бәрің.
Қымбатты сый алыңдар,
Қызығыма қаныңдар.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, мен өзіммен бірге көкөністер әкелдім. Осы көкөністен сеңдердің ата-аналарың қандай салат жасап береді екен? Енді ата-аналарынды сынайық.
«Жылдам салат жасау» ойыны. Ата-аналар ортаға шығып, ұсынылған көкөністерден салат жасайды.
Алтын күз:
—    Балалар, мен ағаштарды сары түске бояп келе жатқанымда мына сары орамалды тауып алдым. Бұл — сиқырлы орамал. Осы сиқырлы орамалмен сендерге сиқыр жасаймын.
Алтын күз:
Орамалды ашайық,
Астында не, қарайық?
Бұл не?
Бұл себет қой!
Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады. Ал жапырақтар астында алма шығады. Алтын күз балалардың әрқайсысына алма үлестіреді. Балалар күзге рахметін айтып қоштасады.
Жүргізуші:
Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау саламат болыныздар!

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!