Алтын күз балабақшадағы тәрбие сағаты
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы «Достық» ауылы
«Достық» жалпы орта мектебінің
жанынан ашылған «Айгөлек»
шағын орталығы
Күні:25.10.2012 сағ:1100
Тақырыбы: «Алтын күз».
Көрнекіліктер:Күз көрінісі салынған плакат,еңбек жайында жазылған мақалдар, суреттер,жапырақтар,жемістер аркасы,асқабақ,қауын,жүгері,буклеттер.
Мақсаты:Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Армысыздар ұстаздар!Армысыздар ата-аналар!Армысыңдар кішкене еліміздің болашақтары!Бүгінгі біздің «Алтын күз» атты мерекелік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.Әрбір бала бақытты болуға лайық және әрбір ата-ана өз баласының бақытты балалық шағын тоймай тамашалауға әбден лайықты.Әрине осы балаларды дарынды етіп шығару ұстаздардың міндеті болып табылады. Баршаңызға бүгінгі мерекемізде көтеріңкі көңіл күй тілейміз.Денсаулық,мол бақыт, отбасыларыңызға береке тілей отырып, тәрбие сағатымызға ашық деп жариялаймыз.
1)Мерекелік ән ұранымыз шырқалсын:
Ән «Алтын күз» (хормен).
Алтын күз деп ән салам,
Алтын күз деп сән салам.
Алтын күз деп би билеп,
Алтын күзге тамсанам.
Қ/cы:Алтын күз,
Алтын күз,
Келді біздің бақшаға.
Алтын күз,
Алтын күз,
Келді менің далама.
Алтын күзім мезгілім,
Алтын күзім жемісім.
Алтын күзім берекем,
Алтын күзім мерекем.
2)Ән саламыз,би билеп,
Тақпақтыда жаттаймыз.
Үйренеміз бір-бірлеп,
Текке қарап жатпаймыз,-дей келе ортаға бүлдіршіндеріміздің күз тақпағын тамашалайық.
Жанболат:Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Ерасыл:Үркіп уйрек,қаздары,
Шулайды көл,қоғалы.
Дәурен қтіп жаздағы,
Күзгі желі соғады.
Алмажай:Көктемде егін егетін,
Күзде жинап беретін.
Біздің дала,бай дала,
Алтын астық айнала.
Диас:Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық,алтын тау.
Ерасыл:Күн мұңайып тұр бүгін,
Қыс ызғары келеді,
Құс шуласа бір-бірін,
Жоғалтпасақ дегені.
3)Мың бұралған бишіміз,
Күміс көмей әншіміз.
Заманына қызы сай,
Гүлдер тобы міне біз,-дей келе ортаға биші қыздарымызды шақырайық.
Би «Көңілді күн».
4)Ал енді менің дарынды балапандарым сұрақтарға жауап беріп,жұмбақтарды шешуге дайын деп ойлаймын.Қане айтыңдаршы:
1. Қандай бұршақ өнім бермейді? (піскен бұршақ)
2. Қандай гүлге су құймаймыз? (қағаз гүлге)
3. Орманда тұрады өзі бір қу,
Жүрген жері айқай мен шу. (түлкі)
4. Сары тонын киді,
Егінді де үйді .(Күз)
5)Күз тақпағын шырқайтын:
Берік:Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгіліп.
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір көңілді.
Жандарбек:Тамсандырып таңдайды,
Жеміс жидек піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Жер бетіне түседі.
Дана:Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштарда жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Наргелді:Жапырақ ұшты,
Суықта түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Жансая:Күзім,күзім,күзім,
Пісті алма,жүзім.
Тұрғанда бәрін күз беріп,
Кел алайық біз теріп.
6) «Құлыншақ» би тобының орындауында «Қырман биі».
7)Ортада ән шырқалсын.
Ән «Айгөлек»
Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағымда.
Кемерінен шалықта,
Асып жатқан шағында.
Ойын ойнап,ән салмай,
Өсер бала боларма.
Күміс күлкі көрмей ол,
Кемеліне толарма.
Қ/сы:Айгөлек-ау,айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезінде,
Би билейміз дөңгелеп.
8) Күз тақпағын шырқайтын:
Ақнұр:Соққанда кейде дауылы,
Береке күздің жауыны.
Сол жауыннан өсіпті,
Бақшаның қарбаз,қауыны.
Елнұр:Күздің қазан айынды,
Алмұрт,алма піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
Қарақат: Шаттанды балақай,
Күз түсті,күз түсті.
Береке-салты күз,
Мереке-алтын күз.
Нұртай:Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
9)Күзгі жемістерді көріп тұрмын.Қане жемістермен танысайыншы.
Жемістер жыры:Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзін,
Менің атым-жүзім.
Дөп-дөңгелек сары,
Ішінде бар дәмі.
Қызығасың көріп,
Менің атым-өрік.
Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Менің атым-құлпынай.
Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Менің атым-шие.
Пісетін кезім дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бар дәмі,
Менің атым-шабдалы.
10) «Айгөлектің» бишілері біз боламыз,
Әрқашан алға озып шығамыз.
Бақшамыздың шаңырағын биіктетіп,
Әнмен,бимен ортаны толтырамыз,-демекші ортада «шөжелер» биі.
11)Құрметті ұстаздар,ата-аналар!Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. Баршаңызға үлкен рахмет!!!
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!