Алматы қаласы слайд,презентация — Тарих
Алматы қаласы слайд,презентация
Алматы қаласы – мәдениет және қаржы орталығы
Алматы — әлемдегі сұлу қалалардың бірі. Ол өте көрікті Тянь-Шань тауларының баурайында орналасқан. Алматының жасыл желегі, түзу көшелері, қазіргі заманғы аса сәулетті ғимараттары, гүлді алаңдары, сарқырап аққан бұлақтары, өзендері, көлдері, орманды таулары оны таңғажайып көркейтеді.
Алматы – ірі мәдениет және қаржы орталығы. Қалада көптеген университеттер, академиялар, колледждер, кітапханалар, театрлар, түрлі демалыс парктері, спорт кешендері, қонақ үйлер бар.
Алматы қаласының мәдени өмірі бай. Онда опера және балет, драма, қуыршақ театрлары, көптеген кинотеатрлар бар. Әдебиет, музыка, көркемсурет, сәулет өнері, кино, дизайн өнерлері жақсы дамыған. Мұнда әлемдік фестивальдар, конкурстар, конференциялар, көрмелер ұйымдастырылады, олар өнердің дамуына ықпал етеді.
Алматы қаласындағы осы заманғы сәулет өнері үлгісінде салынған мәдени орындар кімді болса да қызықтырмай қоймайды. Республика алаңы, Тәуелсіздік монументі, Абай ескерткіші, Республика сарайы, Студенттер сарайы, Ұлттық кітапхана, Ұлттық мұражай, Неке сарайы, Президент резиденциясы, Халық аспаптар мұражайы және т.б. әсем ғимараттар бар.