Алюминий және оның маңызды қосылыстары, химия

0
Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның маңызды қосылыстары. Алюминий құймасы және оның қолданылуы. Алюминий өндірісі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылар алюминийдің маңызды қосылыстары мен құймаларын сипаттап үйрену, тұрмыста, техникада қолданылуы, алюминий өндірісі туралы білім алу;
Дамытушылық: ой — өрісін, танымдық белсенділігін арттырып, зейінін, өз бетімен қорытынды жасауға дағдылану;
Тәрбиелік: дүниетанымдық, адамгершілік, топтық жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдіс — тәсілдері: түсіндіру, сұрақ — жауап, зертханалық
Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, алюминий түйіршігі мен ұнтақ үлгісі, қышқыл, сілті, сынауық, ұстағыш, спиртшам
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин.
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
3. Сабақтың жүру барысын түсіндіру:
ІІ. Үй тапсырмасы:
1. Сұрақтар: 1. Алюминийдің периодтық жүйедегі орнын сипатта.
2. Алюминий қайда қолданылады?
2. «Тапқырлыққа тапсырма». 10 ұпай

3. Мына реакциялардың теңдеулерін аяқтап, теңестіріңдер:
Al + 4HNO3= Al(NO3) 3 + NO + 2H2O
2Al + 2NaOH + 2H2O = 2NaAlO2 + 3H2↑
2Al + 3Cl2= 2AlCl3

ІІ. Жаңа сабақ. Демонстрациялық тәжірибе. Алюминий мен оксидінің қышқылдар мен негіздермен әрекеттесуі. Al₂O₃+6HCl = 2AlCl₃+3H₂O
2Al + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2↑
Al2O3 — алюминий оксиді. Табиғатта глинозем, боксит, корунд түрінде кездеседі. Ол — ақ түсті, қатты зат. Суда ерімейді.
Алынуы: 4Al + 3O2 = 2Al2O3 — тотықтыру;
2Al(OH) 3= Al2O3 +3H2O — айыру реакциясы
Құрылымдық формуласы: О=Аl — O — Al= O
Химиялық қасиеттері: Алюминий оксиді — екідайлы оксид.
Al₂O₃+6HCl = 2AlCl₃+3H₂O
Al₂O₃+2NaOH=2NaAlO2 + H2O
Al₂O₃ — қаттылығы алмаздан кейін екінші орында, сондықтан бұрғылар мен тегістегіш құралдар жасалады.
Алюминий гидроксиді. Al(OH) 3 — іркілдек, ұйыған айран тәрізді ақ түсті зат. Сатылап диссоцияланады.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеп алу

Дереккөз: http://bilimsite.kz/