Алиментарлық энзимопатия | Скачать Реферат

0
211


М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Стоматология
Кафедрасы: Химиялық пәндер
Пәні: Биологиялық химия
Курс: II
Тақырыбы: Ферменттер белсенділігінің онтогенезде және патология кезінде өзгерісі. Ферменттер белсенділігін анықтауда клинико-диагностикалық маңызы.

Орындаған: Сайлау Алма Нұрлыбайқызы
Группа: 205
Тексерген: Абилова Жанат Максутовна

Ақтөбе, 2018ж.

Жоспар:

І. Кіріспе:

ІІ. Негізгі бөлім:

Ферменттер белсенділігінің онтогенез кезінде реттелуі.
Ферменттер белсенділігінің патология кезіндегі өзгерісі.
Ферменттер белсенділігін анықтауда клинико-диагностикалық маңызы.

ІІІ. Қорытынды:
IV. Пайдаланған әдебиеттер:

Кіріспе

Ферменттер — барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакцияларды жеделдетеді.
Ферменттер жасушаларда синтезделіп, биохимиялық реакцияларға қа – тысатын ақуыздық табиғаттағы биокатализатор болып табылады. Фермент немесе энзим (лат. fermentum – ашу; грек. en – ішінде, zim – ашытқы; 19 ғ. Ван Гельмонт ұсынған) алғашқыда ашыту үдерістерін – де анықталған зат. Энзимология, ферментология – ферменттерді зерттейтін ғылым саласы. Ол басқа ғылымдармен: биология, генетика, фармакология, химиямен тығыз байланысты. Ферменттердің қызметі туралы алғашқы ғылыми еңбекті Кирхгофф (1814) жариялады. Кейін ашу үдерісі ашытқы жасушаларында ғана өтеді деген ұйғарым жасаған Л. Пастерге (1871), Либих фермент – тер жасушалардың өмір сүруіндегі пайда болған өнім, ол жасушада да, олардан бөлек те қызмет атқарады деген қарсы пікір білдірді. Либихтің ғылыми көзқарасы М. Манассейна (1871), Бухнер (1897) зерттеулерінде эксперимент жүзінде дәлелденді. Жасушаларда синтезделген ферменттер өзіне тән арнайы қызметтер – ін организмнің барлық мүшелерінде атқарады. Ферменттік қасиет, негізінен глобулалық құрылымдағы ақуыздарға тән екені белгілі. Бірақ, қазіргі кезде кей – бір фибриллалық ақуыздар да (актин, миозин) катализдік белсенділік көрсететіні анықталды.

Негізгі бөлім

Ферменттер белсенділігінің онтогенез кезінде реттелуі.
Тірі организмдер өзінде жүретін құбылыстарды сыртқы ортаның жағдайына сәйкес реттей алады, бұл биореттелу деп аталады. Биореттелу ферменттердің активтілігін өзгерту арқылы жүреді. Ферменттердің активтілігін реттеудің негізгі жолдары төмендегідей:
Проферментті активтендіру, Көптеген ферменттер өзінің активсіз түрі – проферменттер күйінде кездеседі. Әсіресе асқазан жолдарының ферменттер активсіз күйінде синтезделіп, сонан соң белок молекуласынан пептидтің бөлініп шығуы арқылы активті түрге айналады.

пепсиноген пептид пепсин
НСІ – асқазан сөлінің құрамында болып пепсиногеннің активаторы ретінде «жұмыс» істейді. Немесе:

Ферменттердің активтілігін, олардың организмге қажетсіз уақытында өзертуі, әртүрлі ауруларға шалдықтырады. Мысалы, жара, гастрит, панкреатит трасилолмен емдеу,
2. Ферменттер активтілігінің коваленттік модификация арқылы реттелуі. Ферменттер синтезделгеннен кейін, әрі қарай өңделеді, өзгерістерге ұшырайды.
Мысалы, – Р03 – ОН тобының радикалға қосылуы немесе бөлініп шығуы арқылы кейбір ферменттердің жұмысы активтеледі. Мұны фосфорилдену немесе дефосфорилдену арқылы реттеу деп атайды.

Фосфорилаза, гликогенсинтаза ферменттері осы жолмен реттеледі.
Ферменттер активтілігін тежеу арқылы реттеу. Бұл үшін ингибиторлар деген заттар қолданылады. Ингибиторлардың ролін әртүрлі метаболиттер, дәрі-дәрмектік заттар, кейбір гормондар, ауыр металдардың тұздары» улы заттар атқарады. Улы заттардың әсерінен ферменттердің активтілігі нашарлағаны соншалықты, адамның өліп кетуі мүмкін мыс: цианид.
2. Ферменттер белсенділігінің патология кезіндегі өзгерісі.
Ағзалардың оның торшаларының тіршілік етуі үшін ферменттер өте қажет. Мыңдаған биохимиялық реакциялардың қатаң түрде дұрыс жүруінің бұзылуы торша компоненттері мен қызметінің бұзылуына, ағзаның гомеостазының өзгеруіне әкеледі. Медицина үшін энзимоло – гияның ғылыми жетістіктерін ағзаның сау және патологиялық қалпын анықтау, диагностикада, терапияда қолданудың маңызы зор. Сондық – тан, қазіргі кезде, бұл медицинаның көптеген салаларында кең пайдаланылады және жақсы нәтижелер беруде.
Ферменттерді медицинада қолдану үш негізгі бағыттармен (энзимопатия, энзимодиагностика, энзимотерапия) айқындалады.
Энзимопатия — деп ферменттердің мүлде болмауы немесе оның активтілігінің күрт төмендеуінің нәтижесінде ағзадағы өтетін метаболиттік процесстің бұзылуынан болған ағзадағы патологиялық қалыпты айтады. Энзимопатия туындау жолдарына байланысты екі үлкен топқа бөлінеді:
1. Тұқымқуалаушы энзимопатия, (бірінші ретті);
2. Жүре пайда болған, (екінші ретті).
Себебіне қарай тұқымқуалаушы энзимопатияны үш топқа бөледі:
а) ферменттердің біреуінің немесе бірнеше түрлері жетіспеушілігі;
б) ферменттердің бір немесе бірнеше топтарының жетіспеушілігі;
в) ферменттердің бір немес бірнешеуінің құрылысының өзгеруі нәтижесінде.
Мысалы, лактаза жетіспеушілігі гемолиттік анемия, гемофилияға әкеледі.
Жүре пайда болған энзимопатия — бұл ағзадағы белгілі бір мү – шенің патологиялық процессінің нәтижесінде пайда болған фермент жетіспеушілігі болып табылады. Олар үш топқа бөледі:
1. Токсикалық энзимопатия (уланудың нәтижесінде);
2. Алиментарлық энзимопатия;
3. Нейро-гуморальды энзимопатия.
Токсикалық энзимопатия себептеріне байланысты келесі топтарға бөлінеді:
а) фермент активтілігінің төмендеуіне байланысты;
б) белок биосинтезінің фермент әсерін спецификалық төмендетуіне байланысты;
в) белок биосинтезінің фермент әсерінің бейспецификалық тө – мен – де – туіне байланысты.
Алиментарлы — бұл белгілі бір уақытта берілетін тағамдық ра – ционның құрамдық катынасының бұзылуынан пайда болады. Алиментарлы энзимопатия келесі себептерге тығыз байланысты:
а) тағамдағы витаминдердің тапшылығына (авитаминоз);
б) микроэлементтердің тапшылығына;
в) тағамдағы белоктың тапшылығына (белоктық аштық).
Нейрогуморальдық реттелудің бұзылуынан болатын энзимопатия не – гізінен торшадағы процесстердің өзгеруіне тікелей жүйке қызметі мен гор – мональдық қызметтің сәйкестігінің бұзылуы және кейбір гормон бөлуші ұлпалардың қызметінің бұзылуына тіккелей байланысты болады.
Токсикалық энзимопатия экология әсерлерінен, кейбір дәрілік пре – параттардың әсерлерінен туындайды. Бұл улы заттардың әсерінен фер – менттің белоктық бөлігінің конформациясын өзгертуі арқылы жүретін процесс. Мысалы, антихолинэстеразалық әсер көрсететін ингибитор мен субстратқа ұқсас құрылысты диизопропилфторфосфатты жатқы – зуға болады.
Сонымен бірге, кейбір антибиотиктер де (актиномицин Д, пуромицин, хлорамфеникол және т.б.) белок синтезінің белгілі бір стадияларын тежейді. Афлотоксиндер де канцерогендік әсер беретін улы зат – тарға жатқызылады.
Энзимологияның қазіргі кезендегі ғылыми жетістіктері көптеген аурулардың дамуы механизмдерін түсінуге ықпал жасайды және прак – тикалық медициналық энзимодиагностика, энзимо-, коэнзимотерапия бөлімдерінің кең … жалғасы