Алимент төлеу туралы келісім | Скачать Дипломдық жұмыс

0


Мазмұны

Кіріспе
1 Алименттік міндеттемелерді төлеу туралы келісім және өндіріп алу тәртібі
1. Алимент төлеу туралы келісім
2. Сот шешімі бойынша алиментті өндіріп алу
2 Жанұя мүшелерінің алименттік міндеттемелері және әлеуметтік міндеттемелердің тоқтатылуы
2.1 Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу жөніндегі міндеттері
2.2 Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы
2.3 Тәрбиеленушілердің өздерінің нақты тәрбиелеушілерді асырап-бағу міндеті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бүгінде шаңырақтың шайқалып, заңды некенің бұзылуы кең өріс алуда.
Республикада қазірде алимент төлеуді қиынсынатындардың жалпы саны соңғы мәліметтер бойынша жүз мыңға жуықтайды. Ал солардың арасында жиырма мың «қашқын» әке бар, олар өз балаларына көмектесуден мүлдем бас тартуда. Қатыгез тіршіліктің ауыр тауқыметі басына түскен әйелдер болса амалсыздан сотқа шағымданады. Әрине, алиментті сот тәртібімен өндіріп алу туралы шағымданушылардың талабы мүлдем орындалмайды емес.
Бірақ, жасыратыны жоқ, бұл мәселенің өз шешімін табуы — сот орындаушыларынан іскерлік пен біліктілікті талап етуде. «Қашқын» әкенің жұмыс істейтін, тұратын орнын анықтау, тағы да басқа қажетті деректер жинау үшін қаншама уақыт, қаншама қажыр-қайрат керек?! Осыншама ауқымды іс-әрекеттің барлығы — ана мен баланың қамы үшін болғандықтан ғана сот орындаушылары қашан да бастаған істің нәтижелі болуына баса назар аударады.
Сот орындаушыларының кез келген қиындықтан жол тауып, сот шешімдерін орындауы құптарлық. Алимент өндіру шараларына сәйкес барлық атқарушылық істер бойынша мемлекеттік тіркеу мекемелеріне сұраныс хаттары қайта жақартылып жіберіледі екен. Борышкерлердің жұмыс орындарындағы бухгалтерияларда алимент өндіруді заң шеңберінде жүргізілгендігін уақтылы тексеруде өз нәтижесін беруде?
Мәселен алимент төлеуден қашып жүрген қашқындарға сот іздеу жариялайды, оның іздеуде жүрген уақытында баланы асырау тек қана аналарының мойнына жүктеледі. Сол себептен, борышкердің іздеуде болған уақытында баланы асырауға Үкіметтен әлеуметтік көмек ретінде қаражат бөлініп тұруы қажет. Ол қаржыны арнайы резервтік қор ашып, алименттен қашып жүрген борышкерлер табылған кезде соттың шешімі шыққан уақыттан бастап алимент бойынша қарыздарын сол қорға өндіру керек. Анығырақ айтқанда, бұл шараларға Үкіметтің ақшасы бастапқы уақытта қорды қалыптастыруға ғана шығады, кейін борышкерлерден өндірілген ақша қорға қүйылады. Сондықтан осы механизм жөнінде кеңірек ойластырылып, Үкімет оны белгілі құқықтық актімен бекітсе, нұр үстіне нұр болары анық, — дейді ол өз ойын одан әрі жалғастырып.
ҚР «Неке және отбасы» туралы Заңының 124-бабына сай, ата-ана кәмелетке толмаған балаларын асырауға міндетті екендігін ескерсек, Үкіметтің «алимент төлеуден қасақана бас тартып жүрген азаматтардың жеке меншігінде тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне тыйым салуы туралы» қаулыларының қабылдануының маңыздылығы жоғары екендігін атап айту қажет. Сондай-ақ, тұрақты жерлері анықталмаған, атқару құжатында көрсетілген мекен-жай бойынша тұрмайтын борышкерлерге іздеу жариялау туралы ұсыныстар да сотқа жолдануда.

1 Алименттік міндеттемелердің түсінігі, түрлері, өндіріп алу тәртібі
1.1 Алимент төлеу туралы келісім
Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеудің шарттары мен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушы адам арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған жағдайда осы адамдардың заңды өкілдері арасында жасалады.
Алимент төлеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс.
Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанының сақталмауы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 157-бабында көзделген салдарларға әкеп соғады. Алимент төлеу туралы нотариат куәлаңдырған келісім атқару парағының күшіне ие болады.
Алимент төлеу туралы келісімді жасасуға, атқаруға, бұзуға және жарамсыз деп тануға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасасуды, атқаруды, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары қолданылады.
Алимент төлеу туралы келісім екі жақтың өзара келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу алимент төлеу туралы келісімнің өзі сияқты нысаңда жасалуға тиіс.
Алимент төлеу туралы келісімді орындаудан біржақты бас тартуға немесе оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.
Тараптардың материалдық немесе отбасы жағдайлары елеулі өзгеріске ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу жөніндегі келісімге қол жетпеген кезде мүдделі тарап осы келісімді өзгерту туралы немесе бұзу туралы сотка талап беруге құқылы. Алимент төлеу туралы
келісімді өзгерту немесе бұзу туралы мәселені шешкен кезде сот тараптардың назар аударарлық кез келген мүддесін ескеруге құқылы.
Алимент алушының мүдделерін бұзатын алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану
Егер алимент төлеу туралы келісімде көзделген кәмелетке толмаған баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесін асырап-бағу шарттары олардың мүдделерін айтарлықтай бұзатын болса, атап айтқанда, осы Заңның 147-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесінің заңды өкілінің, сондай-ақ қорғаншы және камқоршы органның немесе прокурордың талап етуі бойынша сот тәртібімен мұндай келісім жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшерін тараптар сол келісімде белгілейді.
Кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу жөніндегі келісім бойынша белгіленетін алименттің мөлшері олардың сот тәртібімен алимент өндіріп алған жағдайда алатын алиментінің мөлшерінен төмен болмауы керек (осы Заңның 125-бабы).
Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің әдістері мен тәртібі сол келісіммен белгіленеді.
Алименттің алимент төлеуге міндетті адам табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлес есебімен; дүркін-дүркін төленіп тұратын тұрақты ақша сомасымен; бір жолғы төленетін тұрақты ақша сомасымен; мүлік беру жолымен, сондай-ақ келісімде қол жеткеніне қарай өзге де әдістермен төленуі мүмкін.
Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің түрлі әдістерін ұштастыру көзделуі мүмкін.
Бұл шараның басты мақсаты — айлық табыстарын жасырып жүрген немесе алиментті қасақана төлемей жүрген азаматтарды заңды түрде жауапкершілікке тарту. Өкінішке орай, соңғы жылдары мінездері жараспай, шаңырағы шайқалған жас отбасылар қатары көбейіп кетті. Заң бойынша кәмелет жасқа толмаған бала анасының тәрбиесінде болады. Бірақ, бұл әкенің ұл-қыздарын қамқорлыққа алу міндетінен босатылады деген сөз емес. Ал көпшілік әкелер бұл жауапкершілікті мойнына алғысы келмей, бой тасалап жүр. Бүл бірінші кезекте сәбилердің құқының тапталуына себеп болады. Әкелердің біліп жүргені жөн, олар алиментті бұрынғы жұбайы үшін емес, бала-шағасы үшін төлейді. Осындай келеңсіз көріністердің жиілеуі бүгінгідей іс-шараны қолға алуға мәжбүрлеп отыр.
Айлықтың алғашқы күнінен бастап әр ауданның сот орындаушылары осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарын күшейтіп, сот бұйрығымен алимент төлеуге міндетті борышкерлердің тұрғылықты жерлерін анықтау, оларға қатысты іздеу жариялау шаралары қолға алынды. Сондай-ақ, борышкерлердің жұмыс орындарын анықтау және атқару құжаттарын сол кәсіпорындардың бухгалтериясына жолдау, борышкерлерді алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту, кәсіпорындардың лауазымды түлғаларын әкімшілік қүқық бүзғаны үшін әкімшілік жазаға тарту шараларына көбірек көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда барлық атқарушылық істер бойынша мемлекеттік тіркеу мекемелеріне сұраныс хаттар қайта жаңартылып жіберіліп, бухгалтериялардың алимент өндіруді заң шеңберінде қалай жүргізіп жатқандығы тексерілуде.
Облыстық соттар әкімшісіне үстіміздегі жылдың 9 айында 8045 алимент өндіру туралы атқару өндірісі түссе, оның 1088 атқару өндірісі өндіріп алушыға түрлі себептермен кері қайтарылған. Ал 5056 атқару өндірісі қалдық болып өткен. Өз еріктерімін алимент төлеп отырған әкелердің қатары 1156 ғана. Соттар әкімшісі аймақтық бөлімдерінің осы жылдың 9 айында іздеу жарияланған борышкерлер саны облыс бойынша 1588-ді құрап отыр. Әзірге олардың 506-сының ғана тұрғылықты мекен-жайы анықталса, өзгелері әлі де іздеуде жүр.
Қарашаның алғашқы күнінен бастап 60 қашқын әкеге қатысты іздеу жарияланып, іздеуде жүрген 17 борышкердің мекен-жайлары анықталды. Сондай-ақ, 235 бой тасалаған борышкердің жұмыс орындары анықталды.
Оларға қатысты атқару құжаттары жұмыс орындарының бухгалтериясына жолданды. Алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін 32 әке әкімшілік, 13 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзғаны үшін 1 кәсіпорын есепшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы жұмыстарды атқару барысында бұқаралық ақпарат құралдарының да көп жәрдемі тиіп отырғанын ерекше айтып өткім келеді.
Жақында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, прокуратураның, әкімшілік соты судьяларының, ішкі істер органы қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің және сот орындаушыларының қатысуы-мен осы тақырыпқа орай әңгіме ұйымдастырды. Тіпті, бұл басқосуға алимент өндіруші аналар да қатысып, кездесіп отырған қиындықтармен бөлісті. Бірлесіп жұмыс істеу мәселесіне көп көңіл бөлінді.
Осы сәтті пайдаланып айта, кетейін, қазанның 12-і мен қарашаның 12-сі аралығында Мемлекет пайдасына айыппұлдар және басқа да сомалар өндіру туралы деген тақырыппен өткізілген акция барысында мемлекет кірісіне 381 454 481 теңге өндірілсе, оның 40 442 062 теңгесі нақты сот орындаушыларымен өндірілді. Жұмысымызды жеңілдетуге баспасөз өкілдері де өз үлестерін қосты. Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңның 77-бабына сәйкес сот актісі орындалғаннан кейін сот орындаушысы өндіріп алынған соманың он пайызы мөлшерінде борышкерлерден атқару санкция-сын өндіру туралы сотқа ұсыныс келтіріп, соттың ұйғарымы не-гізінде республикалық бюджетке атқару санкциясы өндіріледі. Осы баптың талабы негізінде қазіргі таңда республикалық бюджетке 28 207 213 теңге өндірілді.

1.2 Алиментті сот тәртібімен төлеттіру және өндіріп алу тәртібі
Осы Заңның 124 — 142-баптарында аталған отбасы мүшелері алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
Алимент алуға құқығы бар адам, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, сотқа алимент өндіріп алу туралы арыз беруге құқылы.
Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап беріледі. Егер сотқа арыз беруден бұрын асырап-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы саддарынан алимент алынбағанын сот анықтаса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.
Алименг төлеуге міндетті адамның жұмыс орны бойынша ұйымның әкімшілігі нотариат куәлаңдырған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару парағының негізінде алимент төлеуге міндетті адамның жалақысынан және өзге де кірісінен алимент алушы адам үшін ай сайын алимент ұстап қалуға және оны aлимент төлеуге міндетті адамның есебінен алимент төлеуге міндетті адамға жалақының және өзге де кірістің төленген күнінен бастап үш күн мерзімінен кешіктірмей төлеуге немесе аударуға міндетті.
Нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алимент осындай келісімнің және атқару құжаттарының негізінде ұсталып қалатын жалпы сома алимент төлеуге міндетті адам жалақысының және өзге де кірісінің елу процентінен асқан жағдайда да ұсталып қалуы мүмкін.
Сот шешімі немесе нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісім негізінде алиментті ұстап қалушы ұйымның әкімшілігі алиментті өндіріп алу жөніндегі шешім орындалатын жердегі сот орындаушысына және алимент алушы адамға алиментті төлеуге міндетті адамның жұмыстан босағаны турапы, сондай-ақ, өзіне белгілі болса, оның жақа жұмыс орнын немесе тұратын жерін үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндетті.
Алимент төлеуге міндетті адам сот орындаушысы белгілеген мерзімде соңғысына және алимент алушы адамға жұмыс орнының немесе тұратын жерінің өзгергені туралы, ал кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеген жағдайда қосымша табысының немесе өзге де кірісінің болуы туралы хабарлауға тиіс.
Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған деректерді дәлелсіз себептермен хабарламаған жағдайда бұған кінәлі лауазымды адамдар және өзге де азаматтар әкімшілік жауапқа тартылады.
Алимент төлеу туралы келісіммен немесе сот шешімімен белгіленген мөлшерде алимент, сондай-ақ алимент бойынша берешек алимент төлеуге міндетті адамның табысынан және өзге де кірісінен өндіріп алынады, табысы және өзге де кірісі жеткіліксіз болған жағдайда алимент сол алимент төлеуге міндетті адамның банктердегі шотындағы немесе банктік емес қаржы мекемелеріндегі ақша қаражатынан ұсталады. Бұл қаражат жеткіліксіз болған жағдайда ол алимент төлеуге міндетті адамның заң бойынша өндіріп алуға болатын кез келген мүлкінен өндіріліп алынады.
Алимент төлеуге міндетті адамның шотындағы ақша қаражатынан және оның өзге де мүлкінен алимент өндіріп алу заңдарда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Сот шешімі бойынша тұрақты ақша сомасымен өндіріп алынатын алименттің индекстелуін алиментті ұстайтын орын бойынша ұйымның әкімшілігі занда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің өсуіне бара-бар жүргізеді.
Алимент төлеуге міндетті адам шет мемлекетке тұрақты тұруға кеткен жағдайда ол заң бойынша қаражат беруге міндетті отбасы мүшелерімен осы Заңның 143,144, 147 және 148-баптарына сәйкес алимент төлеу туралы Келісім жасасуға құқылы.
Келісімге қол жетпеген жағдайда мүдделі адам алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу туралы немесе алиментті бір жолғы төлеу туралы не алимент есебіне белгілі бір мүлікті беру туралы немесе алиментті өзге бір жолмен төлеу туралы талап етіп сотқа жүгінуге құқылы.
Борышкердің жалаңысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 57-бабымен белгіленген.
Мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы шешімдерді орындау кезінде, Қазаңстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін борышкердің мүлкі болмаған немесе мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда борышкердің жалақысы мен өзге де табыс түрлерінен өндіріліп алынады.
Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алынған кезде сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу туралы заңның талаптарын ескере отырып қаулы шығарады, онда берілген сома толық өндіріп алынғанға дейін ай сайын қандай мөлшерде ақша ұсталуға тиіс екендігі көрсетіледі және оны орындау үшін борышкер еңбек қатынастарында тұрған немесе сыйақы алатын жұмыс берушіге жібереді.
Сот орындаушысы борышкердің жалақысынан және басқа да табыстарынан ақшаның дұрыс және уақтылы ұсталуына, сондай-ақ ұсталған соманың өндіріп алушыға уақытында жіберілуіне ұдайы бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға міндетті.
Борышкер жұмыстан босатылған жағдайда онымен еңбек қатынастарында тұрған жұмыс беруші бұл жөнінде сот орындаушысына хабарлама жіберіп, атқару құжатын қоса жолдауға міндетті. Тұрғылықты жері өзгерген жағдайда борышкер сот орындаушысына өзінің жақа мекен-жайын хабарлауға міндетті.
Борышкердің жалақысынан және табысының өзге де түрлерінен ұстап қалу мөлшері — борышкердің алуына тиесілі жалақы (табыс) сомасынан есептеледі (ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 58-бабы).
Бір немесе бірнеше атқару құжаттары бойынша борышкердің жалақысынан немесе табысының өзге де түрлерінен өндіріліп алынған жағдайда борышкер жалақысының немесе өзге де табысының кемінде елу пайызы сақталуға тиіс.
Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адамдардан атқару құжаттары бойынша өндіріп алу соттың үкімі немесе қаулысы бойынша жүргізілген ұстап қалу сомасы есепке алынбай, жалақының толық сомасынан жүргізілуге тиіс.
Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдардан, сондай-ақ денсаулық сақтайтын емдеу-профилактикалық мекемелерде емделіп жатқан, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардан өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Сотталушы негізгі жаза түрінде тағайындалған айыппұл төлеуден қасақана жалтарса, сот орындаушысы үкім шығарған сотқа Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарына сәйкес төленбеген айыппұл сомасын басқа жазаға ауыстыру туралы ұсыныс жіберуге құқылы (ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 60-бабы).
ҚР атқарушылың іс жүргізу туралы заңның 61-бабымен әлеуметтік сақтандыру жөніндегі жәрдемақыдан өндіріп алу мәселесі көзделген.
Еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде төленетін әлеуметтік сақтандыру жөніндегі жәрдемақыдан, баланы күтуіне байланысты ішінара ақы төленетін демалыс кезеңінде әйелге берілетін жәрдемақыдан, сондай-ақ оқушылардың стипендиялары мен жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыдан өндіріп алу соттың, алимент төлету туралы және мертіктірумен немесе денсаулығын өзгедей зақымдаумен, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы шешімі бойынша ғана жүргізілуі мүмкін.
Заңмен өндіріліп алуға болмайтын ақша сомасы мыналардан:
1. мертіктірумен немесе денсаулығын өзгедей зақымдаумен, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуы салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін борышкер алған сомалардан;
2. асыраушысынан айрылуына байланысты балаларға берілетін жәрдемақы түрінде борышкер алатын сомалардан;
3. мүгедек балаларға берілетін жәрдемаңы түрінде борышкер алатын сомалардан;
4. адамдарға ңызметтік міндеттерін орындау кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, заңымданған, контузия алған) кезде оларға төленетін және олардың қаза табуына (қайтыс болуына) байланысты отбасы мүшелеріне төленетін сақтандыру сомалары мен бір жолғы жәрдемақыдан;
5. бала тууға байланысты, көпбалалы және жалғызбасты аналарға, кәмелетке толмаған балалардың ата-анасын іздеу кезеңінде оларды асырауға, зейнеткерлер мен I топтағы мүгедектерді күтіп-бағуға төленетін жәрдемақыдан;
6. жәбірленушілердің қосымша тағамына, санаториялық-курорттық емдеу мен протездеуге және мертіктірумен не денсаулығын өзгедей зақымдаумен залал келтірілген жағдайларда оларды күтіп-бағу жөніндегі шығыстарға төленетін сомалардан;
7. зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмысқа төленетін өтемақылардан, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде экологиялық апаттан немесе радиациялық әсерден зардап шеккен азаматтарға төленетін ақша сомасынан;
8. төлем көзіне қарамастан, бір жолғы сипаттағы материалдық көмектен;
9. жерлеуге берілген жәрдемақыдан;
10)арнайы мемлекеттік жәрдемақылардан өндіріп алуға болмайды (ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 62-бабы).
Борышкермен еңбек қатынасында тұрған немесе ол табыс алатын азаматтар және ұйымдардың лауазымды адамдары сот орындаушысы тағайындаған мерзімде борышкердің жұмыс орны мен оның табыстары, атқару құжатына сәйкес ұстап қалу жүргізілгендігі және өндіріп алған соманың өндіріп алушыға жіберілгендігі туралы, борышкердің ақша сомалары мен мүлкінен өндіріп алу жөнінде, сондай-ақ борышкердің жұмыстан босатылғаны туралы, егер өздеріне белгілі болса, оның жақа жұмыс орны немесе тұратын жері туралы дұрыс мәліметтер беруге міндетті. Сот орындаушысының бұл талаптарын орындамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 64-бабы).
ҚР ӘҚБК-нің 525-бабына сәйкес лауазымды адамдар мен азаматтардың сот орындаушылары белгілеген мерзімде дәлелді себептерсіз оларға борышкердің жұмыс орны мен оның табыстары, соттың және басқа органдардың қаулысына сәйкес табысынан ұстап қалу ісін жүргізу және өндіріп алынған соманы өндіріп алушыға салып жіберу туралы, борышкердің өзге жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомасын және мүлкін өндіріп алу жөніндегі сот орындаушыларының талаптарын орындамауы, не борышкердің жұмыстан босатылғандығы, оның жақа жұмыс орны немесе тұрғылықты жері туралы мәліметтерді, егер оған бұлар туралы белгілі болса, хабарламауы — азаматтарға — айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сот орындаушысына борышкердің табыстары мен мүліктік жағдайы туралы көрінеу теріс мәліметтер беру — азаматтарға — айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, ал лауазымды адамдарға жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Айлық есептік көрсеткіш жылдық республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.
ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 66-бабына сәйкес жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын бақылауды сот орындаушысы жүргізеді. Сот орындаушысы борышкердің жалақысы мен басқа табыстарынан ұстап қалу мен үсталған сомаларды өндіріп алушыға жіберудің дұрыстығы мен уақтылы жүргізілуін ұдайы бақылап отыруды жүзеге асырады.
Борышкерден алимент өндіріп алу тәртібі ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 63, 65, 67-бабымен реттелген.
Барлық алимент төлеу жөніндегі берешек алимент төлеушінің жалаңысынан, басқа да табыстарынан өндіріліп алынады.
Алимент төлемдерін жалаңыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы қатарынан өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда борышкердің мүлкінен өндіріп алынады, бұған атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 39-бабына сәйкес өндіріп алуға болмайтын мүлік кірмейді.
Мүліктен өндіріп алу туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.
Сот орындаушысының берешекті анықтау туралы қаулысына заңда белгіленген тәртіппен тараптармен шағым берілуі немесе прокурор наразылық білдіруі мүмкін.
Берешектің мөлшерін сот орындаушысы шешімнің (қаулының) орындалған жері бойынша, заңдарда көзделген тәртіппен белгілейді.
Алименттер жөніндегі берешек мөлшерін сот орындаушысы өндіріп алушының қалауы бойынша борышкердің өндіріп алу жүргізілмеген уақыт ішінде алған не оның берешекті аныңтау кезіне қарай алған нақты жалақысын (табысын) негізге ала отырып шешім орындалатын жерде белгілейді.
Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс істемесе немесе оның табысын және өзге де кірісін растайтын құжаттар ұсынылмаса, алимент бойынша берешек берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшеріне сүйеніп айқындалады.
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдар үшін, егер борышкер бұл кезеңде жұмыс істемесе, алимент бойынша берешек бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айңындалады.
Борышкердің алимент төлеуден жалтару салдарынан ол бойынша берешегі құралған жағдайда берешек сомасына ҚР АК-нің (Жалпы бөлімі) 353-бабына сәйкес айыппұл есептеледі.
Сот қаулысы негізінде берілген атқару құжаты бойынша балаларды, еңбекке жарамсыз ата-аналарды, жұбайын асырауға алимент ұстап қалу ісін жүргізетін ұйымның лауазымды адамының дәлелсіз себептер бойынша бір ай мерзім ішінде сот орындаушысына, алимент алушы адамға алимент төлейтін адамның жұмыстан босатылғандығы туралы, сондай-ақ оның жақа жұмыс орны мен тұрғылықты жері туралы, егер бұл оған белгілі болса, хабарламауы — он айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБК-нің 526-бабы).
Борышкер шетелге тұрақты тұруға немесе жұмысқа және әскери қызметті өтеуге кеткен жағдайда алимент алу тәртібі заңдармен белгіленеді (ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 67-бабы).
Алимент төлеу жөніндегі келісім негізінде немесе атқару парағының негізінде өткен кезең үшін алимент өндіріп алу атқару парағы немесе нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісім табыс етілгеннен бұрынғы үш жыл мерзім шегінде жүргізіледі.
Атқару парағы негізінде немесе нотариат куәландырған келісім негізінде алимент ұстау алиментті төлеуге міндетті адамның іздестірілуіне байланысты жүргізілмеген жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімге қарамастан және асырап-бағуға алимент төлеу белгіленген адамның кәмелетке толғанына қарамастан, алимент бүкіл кезең үшін өндіріп алынады.
Берешек мөлшерін сот шешімінде немесе алимент толеу туралы келісімде белгіленген алимент мөлшерін негізге ала отырып, сот орындаушысы анықтайды.
Осы Занның 125-бабына сәйкес көмелетке толмаған балаларға төленетін алимент бойынша берешектің мөлшері алимент төлеуге міндетті адамның алимент өндіріп алынбаған кезендегі табысы мен взге де кірісі негізге альта отырып анықталады. Егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кірісін куәландыратын құжат тапсырынмаса, алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа жалақы мөлшері негізге алына отырып анықталады. Егер берешекті бұлайша анықтау тараптардың бірінің мүддесіне елеулі түрде нұксан келтірсе, онда мүддесіне нуқсан келтірілген тарап сотқа жугінуге құқылы, ол тараптардың материалдық және отбасы жағдайын, басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, берешекті тұрақты ақша сомасында анықтауы мүмкін.
Сот орындаушысының алимент бойынша берешекті анықтауымен келіспегеи жағдайда кез келген тарап заңдарда көзделген тәртіппен сот орындаушысының әрекетіне шағымдана алады.
Алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-ананы іздестіру кезеңінде төленген, балаға зандарда белгіленген ай сайынғы жәрдемақы сомалары сол ата-аналардан төленген сомалардың он процентін бюджет кірісіне есептеу аркылы өндіріп алынады.
Алимент бойынша берешекті төлеуден босату немесе тараптардың келісімі бойынша алимент төлеген кезде осы берешек, көмелетке толмаған балаларға алимент төлейтін жағдайларды қоспағанда, тараптардың өзара келісуі бойынша азайтылуы мүмкін.
Алимент төлеуге міндетті адамның талап-арызы бойынша сот, егер алимент оның сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептер бойынша төленбегенін, оның материалдық және отбасы жағдайы алимент бойынша пайда болған берешекті өтеуге мүмкіндік бермейтінін анықтаса, оны алимент (юйынша берешекті төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы.
Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кшәсінен берешек пайда болған жағдайда кінәлі адам сол келісімде көзделген тәртіппен жауапты болады.
Сот шешімі бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда болған жағдайда кінәлі адам алимент алушыға кешіктірген әр күні үшін төленбеген алимент сомасының оннан бір проценті мөлшеріңде тұрақсыздық айыбын төлейді.
Алимент алушы алимент төлеуге міндетті, алименттің уақтылы төленбегеніне кінәлі адамнан алименттік міндеттемелерді орындауды кешіктіруден келтірілген бүкіл залалының тұрақсыздық айыбымен жабылмаған бөлігін де өндіріп алуға құқылы.
Алиментті басқа қарсы талаптармен есептеуге болмайды.
Төленген алимент сомасын:
1. алимент алушының жалған мәліметтер хабарлауына байланысты немесе оның қолдан жасалған құжаттар беруіне байланысты алимент өндіріп алу туралы сот шешімінің күші жойылған;
2. алимент алушы тарапынан алдау, қорқыту немесе күш көрсетіп ықпал жасау салдарынан алиментті төлеу жөніндегі келісім жарамсыз деп танылған;
3. сот шешімінің, алимент төлеу туралы келісімнің немесе атқару парағының қолдан жасау фактісі негізінде алимент төленгені сот үкімімен анықталған жағдайларды қоспағанда, кері талап етуге болмайды.
Егер осы баптың 2-тармағында келтірілген әрекеттерді кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекстке қабілетсіз алимент алушының өкілі жасаған болса, алимент кері өндіріліп алынбайды, ал төленген алименттің сомасы алимент төлеуге міндетті адамның талабы бойынша кінәлі өкілден өндіріп алынады.
Өндіріп алынған ақша сомаларын бөлу, өндіріп алуға қосылу, өндіріп алупіылардың талаптарын қанағаттан-дыру кезегі, атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар және оларды өтеу тәртібі, өндіріп алушының шығыстарға аванс беруі атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 4-тарауымен реттелген.
Өндіріп алынған ақша сомаларын бөлудің жалпы тәртібі ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 69-бабымен белгіленген.
Сот орындаушысы борышкерден өндіріп алған сомадан ең алдымен атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар өтеледі, содан кейін орындау жөніндегі шығыстар өтеледі, қалған сома өндіріп алупіылардың талаптарын қанағаттандыруға беріледі. Барлық талаптарды қанағаттандырғаннан кейін қалған сома борышкерге қайтарылады.
Борышкерден өндіріп алынған және өндіріп алушыларға берілуге тиіс сомаларды сот орындаушысы ағымдағы шотқа қосады, содан кейін белгіленген тәртіппен береді немесе аударады.
Мемлекет кірісіне аударуға жататын сомаларды сот орындаушысы тікелей тиісті банк мекемесіне енгізеді.
Өндіріп алуға қосылу ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 70-бабымен қарастырылған.
Өндіріп алуды жүргізу кезінде басқа істер бойынша орындау құжаттары бар адамдар өндіріп алуға қосыла алады.
Өндіріп алушылардың талаптарын қанағаттандыру кезегі ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 71-бабымен реттелген.
Атқару құжаттары бойынша барлық талаптарды қанағаттандыру үшін борышкерден өндіріп алынған сома жеткіліксіз болған жағдайда бұл сома өндіріп алушылар арасында осы заңда белгіленген кезек тәртібімен бөлінеді.
Әрбір келесі кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толық өтелгеннен кейін қанағаттандырылады. Өндіріп алынған сома бір кезектің барлық талаптарын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда бұл талаптар әрбір өндіріп алушыға тиесілі сомаға барабар қанағаттандырылады.
Бірінші кезекте:
* алименттерді өндіріп алу туралы талаптар;
* мертігу немесе денсаулыққа өзге де зақым жасау арқылы келтірілген, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты зиянды өтеу жөніндегі талаптар;
* қызметкерлердің еңбектегі құқық қатынастарынан туындайтын талаптары қанағаттандырылады (ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 72-бабы).
Екінші кезекте:
* патенттер берілген туындыны, өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні пайдаланғаны үшін авторларға тиесілі сыйақы төлеу туралы талаптар;
* азаматтардың мүлкіне қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық арқылы келтірілген зиянды өтеу жөніндегі талаптар қанағаттандырылады.
Үшінші кезекте:
:: несие берушілердің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер жөніндегі талаптары қамтамасыз ету сомаларының шегінде қанағаттандырылады.
Төртінші кезекте:
* бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жөніндегі талаптар;
* қылмыс жасау немесе әкімшілік құқық бұзушылық арқылы келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады.
Бесінші кезекте қалған талаптардың бәрі қанағаттандырылады (ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 73-бабы).
Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар түсінігі және оларға жататын қаражаттар тізімі ҚР атққарушылық іс жүргізу туралы заңның 74-бабымен көзделген.
Атқарушылық әрекеттерді ұйымдастыру мен оларды өткізуге жұмсалған бюджет қаражаттары мен атқарушылық іс жүргізуге қатысушы тараптардың қаражаттары атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар болып табылады.
Атцарушылыц әрекеттер жасау жөніндегі шыгыстарға:
* борышкердің мүлкін анықтауға, қарауға, бағалауға;
* борышкер мүлкін хаттау мен оны пайдалануға тыйым салуды үйымдастыру мен өткізуге, мүндай мүлікті тасымалдау мен саңтауды үйымдастыруға;
* тыйым салынған мүлікті сатуға;
* тілмаштарға, мамандарға және белгіленген тәртіппен атқарушылық әрекеттер жасауға тартылған басқа да адамдарға ақы төлеуге;
* өндіріп алынған сомаларды почта арқылы өндіріп алушыға аударуға (жіберуге);
* өндіріп алынған соманы ағымдағы шоттан беруге байланысты банк шығынына;
* борышкерді іздестіруге;
* өндіріп алузііының аванстың жарнасына;
* атқарушылық іс-әрекеттерді жасау кезінде сот орындаушысының қоғамдың көліктің барлық түрлеріндегі — қалалық, қала маңындағы және жергілікті қатынастағы (таксиден басқа) жол шығынына;
* атқару құжатын орындау процесіндегі басқа да қажетті әрекеттерге жүмсалған қаражаттар жатады.
ҚР Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 75-ба-бымен атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарды өтеу тәртібі реттелген.
Атқарушылық әрекеттер жасау кезінде жасалған шығыстар борышкерден өндіріп алуіпы немесе мемлекет пайдасына өндіріп алынады.
Атқарушылық құжат берілгенде негізге алынған қаулының күші жойылуына байланысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда атқарушылық әрекеттердің жасалуы кезінде жасалған шығыстар республикалық бюджет есебіне жатқызылады.
Борышкерден алынған заттарды өндіріп алупіыға беру туралы атқару құжатын орындау кезінде өндіріп алушының олардан негізсіз бас тартуы және егер ол өзінің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен орындауға кедергі жасаса, атқару құжатын өндіріп алушыға қайтару үшін атқару ісін тоқтатқан кезде атқарушылық әрекеттерді жасау кезінде жасалған шығыстар өндіріп алушыдан алынады.
Бюджет қаражаттары есебінен келтірілген шығыстарды өндіріп алуды және оларды сондай шығыс жасаған органға немесе адамдарға өтеуді сот орындаушысының ұсынысы және шыққан шығындарды растайтын құжаттар негізінде сот жүргізеді.
Сот орындаушысының ұсынысын борышкер мен өндіріп алушыны хабардар ете отырып сот қарайды, алайда тиісінше хабардар етілген жағдайда олардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Сот ұйғарымының көшірмесі борышкер мен өндіріп алушыға үш күн мерзімде жіберіледі. Соттың ұйғарымына тараптармен жеке шағым берілуі немесе прокурормен наразылық білдірілуі мүмкін.
Өндіріп алушының шығыстарға аванс беруі. Атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өндіріп алушы атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылатын тиісті шығыстарды жасау үшін жеткілікті мөлшерде ағымдағы шотқа аванс жарнасын төлеуге құқылы (ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 76-бабы).
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 35-бабы борышкердің (заңды тұлға, жеке кәсіпкерлер және азаматтар) мүлкінен өндіріп алудың жалпы ережелерін бекітеді.
Атқару құжаттары бойынша өндіріп алу, егер атқару құжатында өзгеше тәртіп белгіленбесе, бірінші кезекте борышкердің ақша қаражатына, соның ішінде банк мекемелерінде тұрған ақша қаражатына да қолданылады.
Борышкердің бухгалтерлік (кассалың) құжаттары бойынша көрсетілген қолма-қол ақша сомаларынан өндіріп алу борышкердің келісіміне қарамастан, олардың сақталу орнына тәуелсіз түрде олар үсынылғаннан немесе табылғаннан соң дереу жүргізіледі.
Борышкерде берешекті өтеу үпіін жеткілікті ақша қаражаты болмаған жағдайда ол борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріп алынады. Өндіріп алушының келісімімен сот орындаушысы мүлікті алдын ала бағалап, оны сол қалпында беруге хаңылы.
Борышкер мүлкінен атқару құжатын орындау үшін қажетті мөлшер мен көлемде, орындау жөніндегі шығыс-тар ескеріле отырып өндіріліп алынады. Борышкердің меншігінде басқа адамдармен ортаң мүлік болған жағдайларда оның заңға сәйкес айқындалатын үлесінен өндіріліп алынады. Дау туған жағдайда бұл үлестің мөлшерін сот анықтайды.
Атқару құжатында аталған белгілі бір заттарды өндіріп алушыға берген кезде сот орындаушысы бұл заттарды борышкерден алып қояды да, өндіріп алушыға оларды беру актісін жасай отырып береді.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мцлкінен өндіріп алу ерекшеліктері атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 36-бабымен қарастырылған.
Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша сомасы болмаған ретте (борышкердің есеп айырысу (ағымдағы) шотына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банктің тиісті ақпараты бар болса,) егер занда бұл мүлікке қатысты шектеулер белгіленбесе және заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) мүлікті жауапкершілігі көзделсе, оған тиесілі кез келген басқа мүліктен, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) мүлкінен өндіріліп алынуы мүмкін.
Ақша төлемі мен аударымы туралы заңның 20-бабында сот актісін және сот орындаушысының сауалын орындау ерекшеліктері көзделген. Осылай, Қазақстан Республикасы сотының жеке тұлғадан ақша өндіріп алу туралы сот актісі, осы баптың 6-бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сот істі қарайтын жердегі тиісті бөлімшелеріне ұсынылады. Сот орындаушысының заңды тұлғаның банк шоттарының бар екендігі және олардың нөмірлері, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның ағымдағы шоттары жөніндегі ақпаратты сұратып алуы туралы прокурор санкция берген сауалы, осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқару құжаты орындалатын жердегі тиісті бөлімшелеріне беріледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сот актісін немесе сот орындаушысының сауалын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде олардың көпіірмелерін орындау үшін барлық банктерге жібереді. Банктер аталған құжаттарды алған күннен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей ақша өндіріп алынатын тұлғалардың банк шоттарының бар екендігі не олардың жоқ екендігі туралы мәліметтерді сотқа (сот орындаушысына) жіберуге міндетті. Банк шоттарының бар екендігі туралы мәліметтер банк шоттарының барлың қажетті деректемелері мен олар бойынша қалдықтардың мөлшерін қамтуға тиіс.
Сот (сот орындаушысы) банктерден аталған мәліметтерді алғаннан кейін ақша өндіріп алу туралы сот актісін орындау жөніндегі міндет жүктелетін банкті (банктерді) айқындайды және сондай банкке (банктерге) тиісті ат-қару құжатын қоса тіркей отырып, нүсқау жібереді. Егер сот орындаушысының ақша өндіріп алынуға тиісті тұлғаның банк шотында ақшаның бар екендігі туралы мәлі-меті болса, онда сот орындаушысының тиісті атқару құжаты қоса тіркелген нүсқауы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлімшелеріне түспей, тікелей тиісті банкке орындауға үсынылады.
Егер орындау барысында борышкер — заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мүлкі берешекті өтеу үшін жеткіліксіз болатыны анықталса, ал азаматтық заңдарда борышкерді дәрменсіз (банкрот) деп тануға жол берілсе, сот орындаушысы өндіріп алушыға бұл туралы хабарлауға міндетті.
Белгіленген тәртіппен дәрменсіз (банкрот) деп танылған борышкердің мүлкінен өндіріп алу заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Атқару құжатын орындау кезінде заңды тұлға қайта құрылған жағдайда сот орындаушысы борышкердің құқықтық мүрагерлігін айқындайды және шешім шығарған сотқа баяндап хат жіберіп, борышкерді оның құқықтық мұрагерімен ауыстыру туралы ұйғарым шығару туралы ұсыныс жасайды.
Кепілге салынған мүліктен өндіріп алу тәртібі атқарушылық іс жүргізу заңының 37-бабымен реттелген. Борышкерге қойылған кепілмен қамтамасыз етілмеген барлық талаптарды толық қанағаттандыру үшін оның қалған мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда өндіріп алу кепіл ұстаушының азаматтық заңдарда белгіленген құқықтары сақтала отырып, ипотекалың тұрғын үй қарызының міндеттемесі бойынша қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлікті қоспағанда, кепілге салынған мүліктен жүргізілуі мүмкін.
Кепіл үстаушы өз талабы алдында артықшылығы бар талаптарды кепілге салынған мүлік құнынан, алайда осы мүлік құнынан аспайтын мөлшерде қанағаттандыруға міндетті.
ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 38-бабы борышкердің басқа адамдардағы ақша сомалары мен басқа мүлкінен өндіріп алу жөнінде бекітеді. Борышкердің басқа адамдардағы ақша сомаларынан, сондай-ақ басқа мүлкінен өндіріп алу кезінде сот орындаушысы оларға тыйым салады және мәжбүрлеп орындатуға шаралар қолданады.
Борышкердің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшасына және басқа да мүлкіне сот орындаушысы прокурордың санкциясымен ғана тыйым салады.
Сот орындаушысы борышкердің барлық мүлкінен өндіріп алуға хақысы жоқ, себебі ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 39-бабы өндіріп алынуға болмайтын мүліктер жөнінде бекіткен. Азаматтарға қатысты атқару құжаттарын орындау кезінде заңдарда өндіріп алуға тыйым салынған мүліктен өндіріп алуға болмайды. Өндіріп алуға болмайтын ақша сомалары мен өзге де мүлік тізбесі заңдарға сәйкес белгіленеді.
Бұл мәселеге байланысты ҚР АІЖК-де ережелер белгіленбеген. ҚР Қылмыстық-атқару кодексінде, 1997 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған және өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, қосымша сот үкімі бойынша тәркіленуге жатпайтын мүліктер тізбесі көрсетілген.
Сотталушы мен оның асырауындағы адамдар үшін қажетті, оған жеке меншік қүқығында тиесілі немесе оның ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын мынадай мүлік түрлері мен нәрселер тәркіленуге жатпайды:
1. — Егер сотталушы мен оның отбасы тұрақты түрып жатса, тұрғын үйі, пәтері немесе олардың жекелеген бөліктері.
2. — Тәркіленуге жатпайтын үй мен шаруашылық құрылыстары орналасқан жер учаскелері, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге қажетті жер учаскелері.
3. — Негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болып табылатын адамдарда — шаруашылық құрылыстары мен саны оның отбасының қажеттерін қанағаттандыруға қажетті үй малы, сондай-ақ малға арналған жемшөп.
4. — Кезекті ауылшаруашылық дақылдарын егуге қажетті тұқым.
5. — Үй жабдығы заттары, керек-жарақтар, киімдер:
а) киіліп жүрген киім, аяқкиім, ішкиім, қолданылатын көрпе-төсек, ас үй және асхана заттары. Мех және басқа қымбат киім-кешек, асхана сервизі, қымбат металдардан жасалған, сондай-аң көркемдік жағынан құнды нәрселер тәркіленуі мүмкін;
б) сотталушы мен оның отбасы мүшелері үшін қажеті шамалы жиһаз;
в) балалардың барлық керек-жарақтары.
6. — Сотталушы мен оның отбасы мүшелері үшін, егер сотталушының негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болса, жақа өнімге дейін қажетті мөлшердегі азық-түлік, ал қалған жағдайларда — азық-түлік өнімдері мен жалпы сомасы Қазақстан Республикасының өкіметі белгілеген мөлшердегі ақша.
7. — Ас дайындауға және отбасының түрғын-жайын жылытуға арналған отын.
8. — Сотталушының кәсіптік ісін жалғастыруға қажетті мүкаммал (оның ішінде оқулықтар мен кітаптар), бүған сотталушы тиісті қызметпен айналысу қүқығынан айырылған немесе мүкаммал оның қылмыс жасауы үшін пайдаланылған жағдайлар қосылмайды.
9. — Мүгедектердің жүріп-тұруына арнайы арналған көлік құралдары.
10 — Сотталушы марапатталған халықаралық, мемлекеттік және … жалғасы