Алғырлар сайысы

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Алғырлар сайысы

Автор: Абилова Нурсауле Жанабаевна

Бағыты: Физика Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-01-19


Материал туралы қысқаша түсінік

Бүгінгі таңда арманын арқалап келген білімге іңкәр өмірге құштар өз мамандығын сүйетін еліміздің ертіңгі тізгінін ұстайтын студент жастар аз емес.Сайыс сабақ жоспары.
1.Өз төстерін таныстыру
2. «Формула білесіз бе?»
3. «Ғажайып бестік».
4. «Заңдар».
5. Қызықты тәжірибелер. «Физика біздің айналамызда» атты сайыс.
6. Физика мақал-мәтелдерде.
7. Қорытындылау
Физика пәнінен жас оқытушыларға керек материал




АБИЛОВА НУРСАУЛЕ ЖАНАБАЕВНАТүркістан индустриалды – педагогикалық колледжіФизика пәнінің I –санатты оқытушысы «АЛҒЫРЛАР САЙЫСЫ»Гимн.Жүргізуші-:Армысыздар қадірменді қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен мемлекеттің тірегі болған студент жастар.

Оқушылар мен ұстаздар арамызда, Білімдерін көрсетсін баршамызға. Алғашқы кезекті біз берелікКөрсетсін деп өнерлерін ұландарға.

Жүргізуші-: Бүгінгі таңда арманын арқалап келген білімге іңкәр өмірге құштар өз мамандығын сүйетін еліміздің ертіңгі тізгінін ұстайтын студент жастар аз емес.Жарыс толқын жатқандай асып-тасып,Біреу мығым, біреулер шалыс басып.Осы турда байқалар терең ойлар,Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып.

Ұққанға табиғаттың сыры терең,Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем.Демесең болсын егер еңбегім еш,Әуелі физиканы оқы дер ем.Бүгінде физика барлық жерде,Құрылыста, техникада, өндірісте.Сырларын бұл ғылымның игеріңдер,Шәкірттер, ынта қойып үйреніңдер!Білім деген биік шың,Бақытқа сені жеткізер.Білім деген ақылшың,Қиындықтан өткізердеп, бүгінгі «Алғырлар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!Егеменді қазақтың біз ұланы,Өз Туы бар, Елтаңба, Әнұраны.Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың,Самғайтын биіктерге тау қыраны.Бабамыз Резерфорд өзің қолда,Жеңіс тек бізде болар осы жолда.Достар-ау, сендер де бір қолпаштаңдар,Отырған дәл алданда, оң мен солда,Бұл сайысқа екі топ келіп отыр.I топ- «Ньютон». ТКҚ 2-61 тобының студенті. ТКҚ 2-61 тобының студенті.ТКҚ 2-61 тобының студенті.АТК 1-61 тобының студенті II топ – «Паскаль».ТЖК 2-61 тобының студенті. Орынбасар Айдана ТЖК 2-61 тобының студенті.Бурхан НурханТЖК 2-61 тобының студенті.Абишова ОғылайЕТҚ 1-61 тобының студентіЖүргізуші: Ал, енді сайысқа қатысушы «Алғырлар» сайыскерлерін таныстырып болсақ, бүгінгі сайыстың әділ-қазыларымен танысайық:Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: Пазылбеков Лесбек ағайОқу бөлімінің меңгерушісі: Қалиев Жасұлан ағайОқу бөлімінің әдіскері : Мамырова Нүргүл апайАуыл шаруашылық өндірісін электрлендіру пәнінің мұғалімі: Садыков Серікбай ағай

Жүргізуші: Ал, бүгінгі сайыстың ережесімен таныстыра өтсек. (6-турдан тұрады)Сайыс сабақ жоспары.1.Өз төстерін таныстыру2. «Формула білесіз бе?»3. «Ғажайып бестік».4. «Заңдар».5. Қызықты тәжірибелер. «Физика біздің айналамызда» атты сайыс.6. Физика мақал-мәтелдерде.7. ҚорытындылауОйла-ойла тереңнен,Жақсы емес көп бөгелген.Формуланы білмесең,Өте алмайсың көпірден, — деп формулалар сайысына кезек берелік.I кезең – «Формула білесіз бе Әр дұрыс табылған формула – 1 ұпай.Сайысымыздың бұл сатысында берілген физикалық шаманың белгілейтін әріпін және өлшем бірлігін атауыңыз керек. Шаманы атағаннан кейін бірінші болып толық жауап берген топқа 20 және сұрақтың бір бөліміне жауап берген топқа 10 ұпай беріледі.

Шама Белгіленуі Бірлігі Шама Белгіленуі Бірлігі
Күш F Н.Ньютон Жол S м
Жылдамдық V м/с Период Т с
Уақыт t с Толқын ұзындығы М
Үдеу а м/с2 Катушка индуктивтілігі L Ги
Кернеу U В Конденсатор сыйымдылығы С Ф
Кедергі R Ом Толқын ұзындығы ƛ м
Қуат N(P) Вт Электр өрісі кернеулігі Е В/м
Жиілік ѵ Гц Бұрыштық жылдамдық Рад/с
Жұмыс А Дж Период Т С

II. Ғажайып үштікБөлімдерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап беріледі.Ғалымдар: 10 – «Мен енді білемін, атомның қандай екенін!» Осы сөзді айтқан кім? ( Резерфорд)10 – Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізілетінін дәлелдеген француз ғалымы ( Паскаль) 10 – Алғаш рет Күн жүйесінің Гелиоцентрлік моделін жасаған поляк ғалымы (Николай Коперник) 10 – Ежелгі грек ғалымы η-дің шамасын анықтаған ғалым (Архимед)10 – Газдар теориясы, газдар мен сұйықтықтардың бір – біріне айналуы бойынша маңызды жұмыстар жасады. Химия өндірістерін дамытуда көп еңбек сіңірді (Менделеев) 10 – Тас пен шоколадтың қайсысының тығыздығы көп? ( Тастың тығыздығы шоколадқа қарағанда көп. Тастың атомдары бір-біріне жақын орналасқан).10- Көптеген құстардың сүйектері қуыс. Дұрыс па?(Дұрыс. Көптеген құстардың сүйектері қуыс, бұл олардың салмағын азайтады. Сондықтан, құстар ұшқанда жеңіл көтеріледі. Ауада қалықтай алады).10 – Айға ұшқанда ғарыш кемесі, жолдың үлкен бөлігін сөндірілген қозғалтқышпен ұшып өтеді. Дұрыс па? (Дұрыс. Жер мен Айдың арасындағы әлсіз гравитациялық өріс үлкен жылдамдықпен ұшып келе жатқан ғарыш кемесіне өте әлсіз әсер етеді. Оның үстіне ғарышта үйкеліс жоқ). 10 – Болат мыс пен қорғасыннан тұрады. Дұрыс па? (Дұрыс емес. Болат темір мен көміртегінен тұрады. Әлемде өндірілетін металдың 90 пайызы темір мен болат).

III. Заңдар (сәйкестендіру). Әр дұрыс табылған заң – 1 ұпай

Эйнштейн формуласы I=UR Джоуль Ленц заңы F1=-F2
Механикалық энергияның сақталу заңы F=ma Ньютонның 3 – ші заңы F=
Ом заңы Гук заңы
Кулон заңы W=EK+Eп Бүкіләлемдік тартылыс заңы A=IUt
Ньютонның 2-ші заңы Менделеев – Клапейрон теңдеуі PV=mMRT

IV. « Қызықты тәжірибелер». «Физика біздің айналамызда» атты сайыс.Пайдаланады көп ғалым,Физиканың көп заңдарын.Сол заңдармен таныды,Табиғаттың сырларын, — демекші, келесі сайысымыз тәжірибелер сайысы.«Қызықты тәжірибелер» сайысы бойынша екі топқа тапсырма: I.Топтың тәжірибелері:1. Тәжірибе: суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз.Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу керек. Жауабы: тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп, лезде салқындап жабысып қалады. (кристалдану, балқу)2. Суы бар тәрелке, 100 тенге. Алғашында су жоқ кезде теңгенің ең соңғы шеті көрінетіндей етіп қараймыз. Осы қалыпты өзгертпей, ішіне су құямыз. Сол кезде теңге түгелімен көрінеді, неліктен? ( жарықтың екі ортада таралуы) 3. Кәдімгі үрілген балалардың шарын газетпен ысқылап, бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге? ( шар электрленеді)4. Үріліп жіпке байланған 2 шарды газетпен үйкеп – үйкеп жақындатпаймыз. Олар бір – бірін тебеді, неліктен? (аттас зарядтар тебіледі) Шәйнек тез қайнау үшін неге қақпағын жауып қою керек? ( шәйнектің қақпағын жабу арқылы жылу алмасуды сақтаймыз. Бұл қызу беріп тұрған жылуды сақтау үшін қажет).5.Бір шәйнекте шикі су, 2 – ші шәйнекте қайнатылған су бар. Қыздыру бірдей болғанда, қай шәйнектегі су тез қайнайды? ( шикі су тез қайнайды, себебі онда су еріген ауа көпіршіктері бар, ал қайнаған кезде көпіршік жойылады. Ал, қайнатылған суда көпіршік жоқ, бір рет қайнатылған су шикі судан кеш қайнайды)ю II топтың тәжірибелері:

  • Стакан су, қағаз. Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды. Неге? ( Атмосфералық қысым төменнен жоғары қарай да әсер етеді).
  • А 4 2 қағазы керек. Біреуін бүктемей, екіншісін бүктеп, бір уақытта жіберіп қаламыз. Не байқауға болады? Жауап: Жалпы қысымның түсірілген бет ауданына байланысты екенін білеміз, шеге, ине сияқты заттардың неліктен ұшты болатынын білеміз, сол сияқты атмосфералық қысым да беттің ауданына байланысты, екеуіне де бірдей атмосфералық қысым да бірдей атмосфералық қысым түсіп тұр, бірақ шиыршықталған қағазға әсер ететін қысым оның ауданының кіші болуы есебінен бүктелмеген қағазға әсер ететін қысымнан көп болады да, жерге бірінші жетеді.
  • Тәрелке, сабын керек. Тәрелкеге су құйып, төгіп тастаймыз да, сабынды тәрелкеге қатты басып тұрамыз. Сосын сабынды көтергенде тәрелке бірге көтеріледі, неге? ( молекулалардың өзара байланысы)
  • Пластмассалық баклашканы бір жағынан бірдей етіп, 3 жерден тесеміз де тесіктерді шырпымен бітеп қоямыз да, ішіне су құямыз. Шырпыларды алып тастағанда, су тесіктерден әр түрлі қашықтыққа ағады . Неліктен? ( Сұйықтардың әр түрлі деңгейдегі қысымдары әр түрлі болады, төмендеген сайын қысым артады).
  • Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. Сонда нені байқауға болады? ( Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, балқуы, қалқуын)

V. Физика мақал – мәтелдерде Ал, балалар, балалар, Мақалдарды айтайық . Талай жерді көрейік, Асулардан өтейік. Түзу жолды жасайық, Білімге біз енейік, Кедергіні жеңейік, — деп мен қазір мақал – мәтелдерді оқимын. Сендер олардың қандай физикалық тақырыптарға, құбылыстарға сәйкес келетінін табуға тиіссіздер.

  • Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. ( жылулық қозғалыс, ішкі энергияны өзгерту тәсілдері)
  • А) Тонның жылуы – терісінен емес, жүнінен.

Б) Астарлы шапан тондырмас, үш өрім жіп үзілмес. В)Көсеу ұзын болса,қол күймейді.(жылу өткізгіштік) 3. А)Көктеректің жапырағы желсіз де сыбдырлайды. Б)Түндіксіз үйден түзу түтін шықпайды. 4. А)Қол жұмылмай-жылынбайды. Б)Ускі мұз ерігіш, жаңа дос жерігіш.(жылу берілу) 5.Теректің жануында мін жоқ, Бірақ жылуында мән жоқ.(Терек жақсы жанады,оның меншікті жану жылуы аз болғандықтан,тез жанып кетеді, жылуды аз береді)6.Азықсыз адам алысқа бармайды.(Адам әр уақытта энергияны астан алады)Жұмбақтар1.Өзі затты құрайды,Теңесуге таразыны сұрайды.(масса)2.Тіршіліктің қамы үшін,Жоқшылықты түзейді.Егер іскер жан үшін,Жоқшылықты тежейді.(жұмыс)3.Жоғалмайды ешқашан,Түрлендірсең егер де.Басқа күйге ауысса,Жұмыс істейді әрқашан(энергия)4.Қозалысқа келтіріп,Жылдамдығын береді.Өлшемдерін қарасаң,Ньютонға ол келеді(күш)







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.