Алғашқы ортағасырлық мемлекеттер | туралы қазақша
Алғашқы қауымдық қоғам құрылысының екінші кезеңінің өзінде-ақ құл иеленушілік дамыды, кіріптарлықтың формалары әрқилы болды: еркін халық барған сайын байлар мен шағын шонжарлар тобына және қатардағы қауымдық бұқараға бөліне бастады. Бірте-бірте жеке меншік қалыптасады. Әлеуметтік антагонизмдер туып, шиеленісе түседі, таптар қалыптасып, мемлекеттер орныға бастайды. Кауымдастықтар барған сайын дербес әлеуметтік единица болудан қалады да, мемлекеттің құрамдас бөлшектеріне айналады.
Жаңа дәуірде жаңа өндірістік қатынастар қалыптаса бастайды, нақты тарихи, аймақтық әркелкілігі мен кезендік ерекшеліктері болғанымен олардың бәріне ортақ қасиеттер де бар еді. Біріншіден, негізгі өндіріс құралы — жерге феодалдық меншіктің, яғни тұтас алғанда феодалдық иерархиялық меншіктің (немесе жоғарғы мемлекет меншігі ретінде) болуы, жер өзінің қүндылығымен емес, оны өндейтін жұмыскерді — сол заманның шешуші өндіргіш күшін — қосқанда ғана феодалға қүнды еді.
Екіншіден, қарапайым шаруаға өзінің қожасы «рақымшылықпен» бөліп берген және ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған өңцейтін жері болғанымен, ондай жер отбасының меншігі емес еді. Оның меншігінде өздерінің еңбек құралдары, күш көлігі және жылжымайтын мүлкі ғана болды.
Закавказье, Орта Азия және Қара теңіздің солтүстік жағалауында алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иелену құрылысының келгені мәлім. Шығыс славян халықтары секілді, Қазақстан халықтары да дамудың осы сатысына соқпай өтті. Мұнда алғашқы қауымдық құрылыс бірте-бірте патриархалдық-феодалдық қатынастармен алмастырылды, олар шамамен, біздің заманымыздың бірінші мың жылдығының орта шенінде пайда болды. Қазақстандағы әуелгі феодалдық қатынастардың өз ерекшелігі бар-тын. Феодалдық қоғам ішінде, Шығыс Еуропадағыдай құл иеленушілік уклады орын алды. Құлдар рулар мен тайпалардың жорықтары кезінде қолға түсірілетін. Салығын төлей алмағандар да құл ретінде негізінен феодалдардың үй шаруасында пайдаланылатын, мал бағатын, жер өңдейтін, олар әскери жорықтарға да қатысатын.
Көне заманның заңдарында патриархалдық-рулық әдет-ғұрыптардың сарқыншақтары өз көрінісін тапқан: әйелдердің рөлі кемсітілген, ол күйеуінің мүлкіне мұрагер бола алмайтын, қоғамдық өмірге араласпайтын, соттардағы дау-дамайларда куә бола алмайтын. Мұның бәрі феодалдардың қоғамдағы таптық айырмашылықтарды бүркемелеулеріне көмектесетін. Малға ие болған ру басылары әдет-ғұрыпты пайдаланып, өздерінің туыстарын ақысыз жұмсайтын, олар көсемдерінің малын бағатын, жыл бойында бірнеше рет әр түрлі сый-сияпат жасайтын. Сөйтіп рулық ұйымдастыруды феодалдық ақсүйектер өздерінің туыстары — кедейленген көшпелі шаруаларды қанау үшін пайдаланды.
Жайылымдықтар мен су көздерінің феодалдардың меншігінде болуы патриархалдық-феодалдық қатынастардың негізін қалады. Сонымен бірге феодалдардың қолдарында аса көп мал болды, ол тек жеке басының тұтынуы үшін ғана емес, сондай-ақ айырбастау мақсатында да пайдаланылды. Бұл арада мынаны ескерген жөн: Қазақстанда жердің феодалдардың меншігінде болғаны көне рулық тәртіптің ережелерін бүркемеледі: жер жеке адамдардың емес, күллі бір рудың, қауымның меншігі болып саналатын, ал іс жүзінде оның иесі феодал еді.
Феодалдық қатынастар Қазақстан аумағында біркелкі болып қалыптаспады. Олар оңтүстік аудандарда — Шу, Талас, Сырдария аңғарларында басқа жерлерге қарағанда шапшаңырық дамыды, өйткені мұнда мал шаруашылығымен қатар егіншілік те болған еді. Ал далалық солтүстік аудандарда баяу жүрді.
Маньчжурияның оңтүстік — батысында монғолдардың Қидан тайпаларын және Енисейдегі қырғыздарды басып алған түріктер біздің заманымыздың VI ғасыры ортасында ұлан-ғайыр кеңістікте Түрік қағандығын құрып, (552 ж.) өз үстемдігін орнатты. Түріктер үшін олардың батыстағы жорықтары жемісті болды. VI ғасырдың 60-жылдарының аяғына таман сол кездегі Византия, Сасанилік Иран секілді аса ірі мемлекеттердің саяси және экономикалық қатынастары жүйесіне қосылған Түрік қағандығы Қиыр Шығысты Жерорта теңізі мемлекеттерімен байланыстырған сауда жолына — «Ұлы жібек жолына» бақылау жасау үшін күресті.
Үздіксіз жүргізілген жаулаушылық соғыстар түрік қоғамында әлеуметтік қайта қүру барысындағы өткір қарама-қайшылықтарды уақытша басты, бірақ алғашқы сәтсіздіктер жағдайды бірден өзгертті. Бұған дейін бөлшектенген Қытайда реформалар жүргізудің нәтижесінде өкімет билігі күшейіп, халық бірікті. Мұның өзі империяның экономикалық және әскери қуатының шапшаң өсуіне қол жеткізді. Қытайдың нығаюы түркілердің басқарушы топтары ішіндегі алауыздықты күшейте түсті. Даладағы 581-585 жылдардағы жұт ашаршылыққа ұшыратты — осының бәрі Түрік қағандығында өткір дағдарысқа және өзара қырқысуға әкеліп соқты.
Қағандықтың толық ыдырауы VII ғасырдың басында аяқталады да, ол Шығыс (Орталық Азиялық) және Батыс (ортаазиялық) бөліктерге бөлініп кетеді. Соңғысының орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы. Батыс Түрік қағандығы бөлініп шыққанымен Шығысқа саяси жағынан тәуелді болды, онда билік Ашин тайпасының қолында сақталған еді.
Батыс түрік қағандығы ежелгі үйсін жерлерін жайлады, демек, оның мекені еңдік бағытта Қаратаудың шығыс баурайларынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағандықтың басында қаған (хан) түрды, руларды — тархандар, тайпаларды — бектер басқарды, Қағанның жанында феодалдық ақсүйектерден — бектер мен тархандардан тұратын кеңес болды. Қарапайым халық, «тат» деп аталды. Таттың бір бөлігі құл ретінде үй шаруасымен айналысатын бұрынғы тұтқындардан тұратын.
Барлық билікгі қолына алған қаған саясатта ақсүйектердің басшы тобының мүдделерін көздеп, өзінің шыққан тегі -рулар мен тайпалардан едәуір дәрежеде қол үзді. Соғыс тек қағандықтың басқарушы тобына ғана пайдалы болды, олжа мен салықтың басым көпшілігі солардың үлесіне тиетін. Халықтың негізгі бөлігі мал шаруашылығынан түскен табыспен қанағаттанды. Түріктердің басым көпшілігі тұтқындар мен бағалы заттар үшін, жібек салғырты үшін жасалатын жорықтарды қаламайтын, олар бейбіт айырбас жасауға ынталы еді.
VI-VII ғасырларда Қазақстан жері Орта Азиядан Қытайға баратын Жібек жолы деп аталған сауда жолымен Византияға да тауарлар жеткізілетін. Осы ұлы жолдың бойында Суяб, Құлан, Невакет (Шу аңғары), Тараз, Меркі қалалары болды, олар Орта Азияның қалаларымен байланыс жасап тұрды. Транзиттік, сондай-ақ ішкі саудалық алмасу, ақша айналымын дүниеге әкелді. Алғаш рет теңге Таразда шығарылды.
Қағандықтан қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы Еуроазияның басқа да аудандарындағы ұқсас процестерге байланысты феодалдық қатынастардың орнығуы арнасында жүріп жатты, бірақ өздігінше ерекшеліктері болды. Жетісудың қалалары мен отырықшы мекендер халқы саудамен де, ауыл шаруашылығымен де айналысты.
VІІ-VІІІ ғасырларда Батыс түрік қағандығында өкімет билігі оның Шығыстағысындай соншалықты күшті болмады. Батыс түрік қағандығында әлеуметтік-экономикалық қатынастар ала-құла, үстемдік пен бағынудың алуан түрлі формалары болғанымен қағандықта таптардың құрылуы мен ерте феодалдық қатынастардың біршама шапшаң қалыптасу процесінің жүріп жатқаны айқын еді. Бүл қатынастардың өсуі феодалдар арасындағы күрестің күшеюіне әкеліп соқты. Қағандық өзінің өмір сүруін тәмәмдады (582-704 жж.).
Жетісуда өкімет билігі түркештер тайпасы әскери шонжарларының қолына көшті. Олардың басым көпшілігі Іле мен ІІІу өзендерінің аралығында көшіп-қонып жүретін. Тұңғыш түркештік Сұлу қағанының ордасы Суябте болды, ол Үлкен орда деп аталды, Кіші ордасы Күңгіт қаласында еді. Күңгіт және солай аталатын тайпа Іле өзенінің аңғарында орналасқан (олар мүнда XI ғасырда да тұрған).
Екі топтың арасындағы қарым-қатынастар аса шиеленіскен жағдайда өтіп жатты. Үстемдік үшін күрестің барысында ілелік түркештер шығыс түріктермен әскери одақ құруға дейін барды. Шу түркештері (басқаша айтқанда, сары түркештер) қатты жеңіліске ұшырады, соның салдарынан гегемония олардың бәсекелестері — Қара түркештерге (бұлар өз ордасын Таласқа көшірді) ауысты. Ал 766 жылы бұл қағандық түрік тілді қарлұқ тайпасының тегеурініне шыдай алмай, құлады.
VII ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстан аумағында феодалдану процесі күшейеді, елеулі саяси өзгерістер болады, әуелгі феодалдық мемлекетгік бірлестіктер, атап айтқанда, Қарлұқтардың мемлекеті пайда болады (756 ж.). Қазақстанның жергілікті халықтарының солтүстік шығыста Қырғыз қағандығымен, шығыста Ұйғыр мемлекетімен және батыста Хазар қағандығымен байланысы күшейіп, ұлғайды. Батыс Қазақстан тайпаларының Еділ-Кама Бұлғариясымен, сондай-ақ Русь халықтарымен экономикалық және саяси байланыстары бірден-бірге жиілей түсті. Ол жақтан IX ғасырда-ақ көпестер Еділ бойы мен Каспий теңізінің солтүстік-шығыс және шығыс жағалауларына келетін болды.
Қарлұқтар 766 жылы Тараз бен Суябты басып алғаннан кейін олардың Жетісудағы билігі түбегейлі болды. Қарлұқтардың ұйғырлармен Шығыс Түркістан үшін текетіресі сол кезден басталады. Қарлұқтар түрік тілінің әр түрлі диалектілерінде сөйлеген. Олар монголоидтік белгілерінің болмашы қоспасы бар еуропеидтік антропологиялық типке жатады.
Қарлұқ тайпалары VІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта шеніне дейінгі байтақ жеріне қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің аралығын, осы көлдің айналысын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньның баурайларын мекендеді.
Қарлұқ қағандығына нақты қатер Шығыс Түркістаннан -Қашғардың түркі тілдестері тарапынан төнді. 940 жылы олар Баласағұнды басып алды. Қарлұқтар державасының құлап, Шу аңғарында қарахандар үстемдігінің орнауы осы кезге қатысты. Бұл кезең арабтардың оңтүсгік Қазақстанға келуімен де сипатталады. Аравия түбегіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және этникалық процестердің барысында VII ғасырдың басында Батыс Азия мен Солтүстік Африканы мекендеген, жаңа діни жүйе — исламды уағыздайтын араб халқы қалыптасады. Мұхаммед өлгеннен кейін (632 ж.) Аравия түбегінің әр жерлерінде өкімет билігі үшін күрес өріс алады, халықтық қозғалыс басталады.
638 жылы арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен басқа жерлерді жаулап алу жорықтары басталды. Аз уақыттың ішінде олар Иран, Сирия, Палестина, Египет, Ирак жерлерін басып алып, Орта Азияның оңтүстік облыстарына жақындады. Арабтардың VII ғасырдың ортасы — IX ғасырдың басындағы әскери жорықтары «арабтар жаулаушылығы» деген атпен тарихта қалды. Олар 714 жылы Шаш (Ташкент) пен Испиджабты (Сайрам) алды. Қарлұқ қағандығының өз жерін табандылықпен қорғап, қарсылық көрсеткеніне қарамастан арабтар 910 жылы қарлұқтардың Құлан қаласын басып алады. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудағы арабтардың үстемдігі осылайша басталады.
IX ғасырдың бас кезінде араб Халифатының бұрынғы саяси билігі бұзыла бастады. Мауереннахр халықтарының арабтарға қарсы толассыз күресі мұнда жергілікті феодалдық ақсүйектердің өкімет билігін жеңіп алуына қолайлы жағдай туғызады. IX ғасырдың 20-жылдарынан бастап Хорасан мен Мауереннахрды жергілікті Тахридтер мен Саманидтердің әулеті биледі, бұлар Бағдатқа салық төлеп тұрды, ал басқа жағынан шын мөнінде тәуелсіз еді. Араб үстемдігі оңтүстік Қазақстанның Халифат құрамына енгізілген тек бір бөлігінде ғана жүрді. Ал Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың ұлан-ғайыр жерінде араб басқыншылығының елеулі зардаптары тек Х-ХІІ ғасырларда ғана білінді.
Қоғамдық өмірдегі аса маңызды өзгерістердің бірі мемлекеттік діннің — исламның, араб тілі мен жазуының тарауы болды. Ежелгі түркі жазуы ығыстырылды, ал түрік лексикасына араб сөздері енді.
Қарлұқ қағандығының солтүстік батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында және оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда оғыз тайпаларының әуелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Мұнда Женд, Жаңакент (Қазақстанның түстігіне қарай, Сырдарияның сол жағасында) қалалары болды. Оғыздар Хорезмнің, Мауереннахрдың, Қорасанның отырықшы егіншілік облыстарымен шектесіп жатты.
Қалыптаса бастаған оғыз этносының құрамына Жетісудан шыққан түрік тілдес тайпалар да кірді. Бұлар ең алдымен оғыздармен бірге Сырдарияның орта шеніне ауа көшкен қарлұқ топтары еді. Оғыздардың қалыптасуына шығыс түрік тайпаларының кейбір топтары қатысты. Оғыз этникалық қауымының қалыптасуы ұзаққа созылған күрделі процесс болды, оғыздар ру бөлімшелері мен бірқатар тайпаларға бөлінді. Олардың неғұрлым ірі одақтардың құрамына кірген мұндай бірлестіктерін әдетте «ел» деп атаған, бұл «халық», «мемлекет» деген ұғымды береді. Оғыз қоғамы іс жүзінде рулық-тайпалық ұйымның формасын сақтаған әуелгі таптық қоғам болды.
Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарының қалыптасуына негіз қалады. Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарады. 965 жылы оғыз жабғуы (мемлекет басшысы) мен Киев князі Святославтың арасында хазарларға қарсы соғыс одағы жасалыңды. Соның нәтижесіңде Хазар қағаңдығы талқандадды.
Х-ХІ ғасырлардың өліарасында Оғыз мемлекеті құлдырай бастайды, Қыпшақ тайпаларының соққысынан кейін толық ыдырап бітеді. Оғыздардың бірсыпыра топтары Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға кетеді, ал енді біразы Мауереннахрдағы қарахан әулетіне және Қорасанның селжұқтік билеушілерінің қол астына өтеді.
VІІ-Х ғасырларда кимектер мен қыпшақтар алдымен Алтайды, Ертіс өңірі мен Шығыс Қазақстаңды, ал кейінірек Орал маңы мен Орталық Қазақстаңды мекендеген жұрттың басым көпшілігін құрайды да, осы ұлан-ғайыр кеңістіктегі айқыңдаушы фактор болып алады.
840 жылы Ұйғыр қағандығы ыдырағаннан кейін оған кірген тайпалардың бір бөлігі (еймүр, баяңдұр, татар) қимеқ бірлестігінің ұйытқысына қосылады. Нақ осы кезде, қимеқ федерациясы қалыптасады. IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басында қимақтар патшасы түріктердегі ең жоғарғы атақ -қаған деп атала бастады, мұның өзі «жабғу» деген атақтан екі саты жоғары болатын. Үлкен құрметке бөленген, бірақ іс жүзінде тек мемлекет басы деген атаққа ғана ие болған Хазар қағанына қарағанда, Қимеқ қағанының қолыңда нақты өкімет билігі болды, ол қарамағындағы елдердің патшаларын, тайпа ақсүйектерінің өкілдерін тағайыңдап отырды. Қимеқ мемлекетінде алым-салықтар жүйесі жасалды Мысалы, түріктер өңдірген алтыңда патшаның да үлесі бар деп саналып, оған қысқа қарай қой, жылқы, сиыр етін сүрлеп беретін. ІХ-Х ғасырларда жоғарғы өкімет пен кедейлене түскен көшпелілер бұқарасының, соңдай-ақ, екінші жағынан, жартылай тәуелді мемлекеттер мен жоғарғы өкімет арасындағы әлеуметтік қайшылық Қимеқ мемлекетін әлсіретеді де, оның ыдырауына әкеліп соғады. Осындай оқиғалардың барысында қимақтар саяси үстемдігінен айырылып, қыпшақтарға тәуелді болып қалады, ал соңғылар Қимеқ мемлекеттігінің мұрагері болады. Шығыстық авторлар қыпшақтар жайлаған жерді «Дешті Қыпшақ» (Қыпшақ даласы) деп атаған. Латын мен грек материалдарында қыпшақтар коман (куман), орыстың этнонимдік эквивалентінде — половцы делінумен белгілі болған. Бұл XI-XIV ғғ. қолданылған географиялық ұғым.
Пайдаланылған әдебиеттер: Рысбай К., Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 2005. -368 б.
#Алғашқы #ортағасырлық #мемлекеттер