Әлеуметтік тұрақты экономикалық дамудың мәні туралы қазақша

0
1

XXI ғасырдың басындағы қазіргі заманғы экономика әлеуметтік жағынан тұрақты дамып, қоғам азаматтарының әл-ауқаты артып, жағдайы жақсарып келеді. Әлеуметтік жағынан тұрақты, орнықты экономика қалыптастыру қазіргі кезеңдегі экономиканың негізгі міндеті мен мақсатына айналып отыр. Осы міндет пен мақсатқа жетуге бірнеше себеп бар.

Біріншіден, технологиялық жағынан экономика бір-бірін өзара толықтыратын қазіргі заманғы күрделі өндірістік, техникалық, қаржы және ақпараттық жүйенің жиынтығынан құралады. Қоғамдағы барлық салалар тереңдеп, өзара байланысқан кезеңде әлеуметтік тұрақтылықтың рөлі артады, сол себептен әлеуметтік тұрақсыздық барлық экономикалық процестер тізбегінің бірте-бірте бұзылуына әкеп соқтыруы ықтимал. Индустриялық даму кезеңіндегі өзгерістермен салыстырғанда осы салдарлар экономиканың әр түрлі салаларын қамту дәрежесі, жылдам таралуы мен қоғам шегетін тікелей экономикалық ысыраппен салыстырғанда едәуір көп шығын әкеледі. Экономикада мұндай қауіпті жағдайлар әр кезде туындауы мүмкін, ал XIX, XX және XXI ғасырда орын алған әлемдік дағдарыстардың тәжірибесі осыны растайды. Алайда қазіргі кезеңде дағдарыстардың күйрететін салдары бірнеше рет артты және экономиканың бір саласындағы дағдарыс ғаламдану жағдайында өте қысқа уақытта бірқатар елдің экономикасын күйретіп, әлеуметтік және саяси дау-дамай тізбегін туындатуы ықтимал. 1998 жылы Азияның бірқатар еліндегі қаржы дағдарысы, сондай-ақ 2007 жылдың тамызында басталған әлемдік қаржы дағдарысын осының мысалы ретінде келтіруге болады.

Екіншіден, экономикада адам факторының маңызы күрт артты. Жаңа тарихи жағдайда адами капитал рөлінің артуына байланысты экономикада еңбек пен адамның атқаратын негізгі рөлі көтерілді. Қазіргі заманғы жоғары технологиялық экономика, ақпараттандыру адамның дамуына, қауіпсіз және қолайлы еңбек және демалу жағдайына, коммуникация тәсілдеріне және т.б. ірі салым жасауды қажет етеді. XX ғасырдың екінші жартысында адами капиталға қомақты қаржы жұмсалды. Адам факторының және жаңа экономиканың сипатының рөлінің артуына байланысты адамның ұдайы өндірісі саласы мен тұтыну саласында қыруар ресурстар тартылды. Осының нәтижесінде қоғамдық өнім құрамында қызметтер өседі және ұлттық байлықта халық жинақтайтын мүлік пен адами капитал ұлғаяды. Адами капиталдың азаюын қысқа мерзім ішінде жаңа тауар, техника және т.б. шығару жолымен өтеуге болмайды. Адами капиталдың ұдайы өндірісі — экономикалық және әлеуметтік процестердің күрделі әрі ұзақ уақыт ішіндегі бірлескен өнімі. Ол даму мен экономиканың және адамдардың өмірінің барлық әлеуметтік жағдайының нәтижесі болып табылады. Осының салдарынан әлеуметтік тұрақсыздық осы негізгі ресурстың ұдайы өндіріске ғана емес жалпы экономиканың ұзақ мерзім бойы тиімділігіне де тікелей қауіп төндіреді.

Әлеуметтік тұрақты экономиканың сыртқы белгілері мен оның экономикалық мәнін ажырата білу қажет. Экономика өрістеп дамыған жағдайда әлеуметтік тұрақтылық орнап экономика орнықты болады. Қоғамдық өнім үнемі өсіп табиғи жұмыссыздықтың төмен деңгейі, төмен инфляция, тұрақты бағалар мен басқа да экономикалық факторлар әрбір нақты кезең ішінде халықтың өмірінде, оның табысын, негізгі игіліктерді тұтынуды, қоғамдық игілікке және т.б. жетуде нақты тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Алайда әлеуметтік тұрақты экономиканы сипаттағанда бірқатар себеп бойынша аталған белгілермен шектелуге болмайды.

Макроэкономикалық көрсеткіштер қысқа немесе орта мерзім бойы тұрақты болуы мүмкін. Өндіріс тіпті қысқа мерзімге түсіп, инфляцияның деңгейі өскен жағдайда азаматтардың орнықты жағдайы бұзылып, жалпы экономикадағы дағдарыс тереңдеуі мүмкін.

Болашақ буыннан қарыз алу есебінен азаматтардың жағдайы мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді тұрақтандыруға болады. Мемлекеттік борыш ұлғайған жағдайда белгіленген кезең бойы ұлттық валютаның бағамын, игілік тұтыну деңгейін қолдауға болады, алайда кейін мемлекеттік борыштың төлемі түскенде халықтың өмір сүру деңгейі бәрібір төмендейді.

Қоғамда игілік пен қызметтерді тұтынудың жалпы көрсеткіштері ұзақ уақыт бойы және табыс теңсіз бөлініп, көлеңкелі экономика өскен жағдайда өзгермеуі де мүмкін. Осындай дамудың нәтижесінде әлеуметтік қарама-қайшылықтар бірте-бірте қордаланып, қоғамда тұрақсыздық, азғындаушылық пен қайыршылық орнайды. Осының салдары елдің әлеуметтік тұрақты экономикалық өсуінің әлеуеті мен оның келешекте өсу мүмкіндігін тежейді.

Өмір сүру ортасы, экологиялық өмір сүру жағдайы нашарлаған кезде де экономика өсіп, халықтың әл-ауқаты жақсаруы мүмкін, ал мұның өзі экологиялық азғындаушылыққа, халықтың денсаулығының нашарлауына, сонымен бірге келешек ұрпақтан қарыз алуға әкеп соқтыруы мүмкін. Әлеуметтік жағынан — орнықты экономикада әлеуметтік орнықтылық пен әл-уақыттың өсуі қысқа немесе орташа уақытқа жалғаспайды, халықтың және қоғамның әл-ауқаты ұзақ уақытқа жақсарады. Басқаша айтқанда, экономиканың осындай ахуалы үнемі сақталуы тиіс. Әлеуметтік тұрақтылық қоғамның орнықты әлеуметтік және экономикалық дамуын үдайы қолдау қабілетіне орай қалыптасады. Әлеуметтік тұрақтылық — экономика мен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының үнемі сақталуы.

XX ғасырдың соңында тұрақты адами даму тұжырымдамасы кең таралды. Осы тұжырымдама, адами даму түжырымдамасына негізделе отырып, экологиялық фактор мен кедейшілік проблемасына ерекше назар аударады. 1994 жылы БҰҰ даму бағдарламасы үшін дайындалған «Адами даму жөніндегі есепте»: «Түрақты адами даму дегеніміз экономикалық өсуге ғана емес, сонымен бірге оның нәтижелерінің әділ бөлінуіне, сондай-ақ қоршаған ортаны бүлдірмей, оны қалпына келтіретін және адамдарды мейірімсіз орындаушыға айналдырмай олардың жауапкершілігін арттыратын даму деген анықтама ұсынылады. Дамудың осы түрі ең алдымен кедейлерге, оларды мүмкіндігін арттыруға айрықша көңіл бөледі және олардың өміріне ықпал ететін шешім қабылдауға олардың өздерінің қатысуын қамтамасыз етеді. Осындай даму — адамдар үшін, табиғат үшін, жұмыс орнының саны көбейіп, әйелдердің қоғамдағы жағдайы жақсару үшін де қажет». Осы даму түрімен салыстырғанда экономика тұрақты дамыған кезде қоғамның алдына біртұтас әлеуметтік-экономикалық процестің екі қырының, яғни экономикалық және әлеуметтік дамуының өзара байланысын қарастыратын мэселе қойылады.

Әлеуметтік тұрақты экономиканың жағдайлары мен негіздерін ажырата білу қажет. Экономикалық жағдайда әлеуметтік тұрақтылық орнау үшін қоғамдық өндіріс халық санының өсуіне орай ұлғаюы және экономиканың тиімділігі де көтерілуі тиіс. Өзге тең жағдайларда мүның өзі өндіріске жаңа ресурстар тартылған жағдайда да халықтың тұрақты тұтыну деңгейін қамтамасыз етеді, ал тұтынудың шектелуін өндіріске жаңа ресурстарды тарту арқылы ғана еңсеруге болады. Осы талаптарды жүзеге асыру өте қиын, өйткені тиімділіктің өзгеруі — бірқатары экономикамен тікелей байланысты емес факторлардың (ресурс өндіру шарттарының нашарлауы, саяси циклдер, табиғи зілзалалар және т.б.) іс-қимыл жасауымен байланысты. Сонымен бірге ұлттық экономика тиімділіктің өсуінің барлық нәтижелері ел ішінде тұтыну мен қорланудың (қорлану капитал шет елдерге «қашпаған» жағдайда орын алады) өсу мақсаттарына пайдалануына мүдделі.

Алайда элеуметтік түрақтылықтың экономикалық және әлеуметтік саланың өзара байланысының ерекшеліктеріне байланысты айрықша ерекшеліктері жоқ емес. Халықтың табысының үлғаюы, қоғамның әлеуметтік мақсаттарға жұмсайтын шығыны келешектегі экономикалық өсу көздерінің есебінен жүзеге аспауға тиіс. Осы талапты іске асыру қиын, өйткені жоғарыда айтып кеткендей экономиканың тиімділігінің деңгейі, ЖІӨ-нің өсуі экономиканың ахуалымен тікелей байланысты емес факторлар, ягни оған сыртқы экономикалық себептер, саяси жағдайдың өзгеруі, төтенше жагдайлар әсер етеді. Барлық мемлекеттердің дамуы көрсеткендей ең бастысы экономиканың тиімділігі төмендегенде әлеуметттік төлемдер, халықтың ақшалай табысы табыс алушылардың қарсы іс-әрекет жасауына байланысты төмендемейді. Осының нәтижесінде ақшалай табыстың, әлеуметтік трансферттердің деңгейі мен орта және ұзақ мерзімді кезеңдердегі нақты деңгейдің арасындағы алшақтық бірте-бірте қордаланады.

Халықтың әл-ауқатының өсуіне, әлеуметтік тұрақтылыққа өндірістің өсу шамасына орай қол жеткізілгенде экономиқаның дамуы әлеуметтік жағынан тұрақты болады, әлеуметтік тұрақтылық осы қағидаға негізделеді.

Алайда әлеуметтік-экономикалық дамудың осы шамасына экономика саласы мен әлеуметтік ортаның арасында табысты бөлудің нәтижесінде қол жеткізіледі деп санауға болмайды. Экономикалық қатынастар экономикалық қатынастардың барлық субъектілерінің элеуметтік тұрақты даму үшін әлеуметтік жауапкершілігін қамтамасыз етуге тиіс.

Азаматтардың экономикалық даму нэтиежелері үшін әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мәселесі — кез келген экономикалық жүйені қалыптастырудың негізгі мәселесіне айналып отыр. Бұрынғы экономикалық жүйеде тиімділіктің өсу шамасына қарай элеуметтік игіліктің ұлғаюына байланыстыратын механизм жасамаған, сол себептен ұлттық экономиканың үлгісі қалыптасқан жағдайда элеуметтік жауапкершілік қалыптастыру мэселесінің маңызы артып отыр. Қазіргі кезеңдегі дамыған экономикалардың тәжірибесі де осы проблеманың шешілуі қиын екенін көрсетеді. Ал Батыстың бірқатар елдерінде өндірістің тиімділігі жоғары деңгейде бола тұра әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруда қиындықтар кездесуде.

Әлемдік тэжірибе көрсеткендей, азаматтардың экономикалық тиімділік пен әлеуметтік тұрақтылық үшін әлеуметтік жауапкершілігі өсуі, экономикалық қатынастардың сипаты өзгеруі үшін келесі бірнше талап өзгеруі тиіс.

Біріншіден, ел халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының іскерлік белсенділігінің өсуіне сәйкес жақсаруы. Осы қағида іске асырылған жағдайда алып-сатарлық, көлеңкелі факторлардың және әл-ауқатты өсірудің басқа да осындай тэсілдерін жөнсіз алу факторлары жойылады.

Екіншіден, әлеуметтік жауапкершілік азаматтардың қызметі мен кәсіпкерлік белсенділігінің нәтижесіне байланысты табыс пен тұтынудың орынды саралануымен қамтамасыз етіледі. Нарықтық экономикада нәтижелер мен шығынның арақатынасы дұрыс болуы үшін табыс пен тұтыну табыс осылай сараланады.

Үшіншіден, қоғамда мемлекет, азаматтар мен кәсіпкерлер өздерінің табысынан тікелей жүзеге асыратын әлеуметтік мақсаттарға жұмсалатын шығынның оңтайлы деңгейіне қол жеткізілуі тиіс. Экономикалық тиімділік үшін өзара әлеуметтік жауапкершілік әлеуметтік тұрақтылыққа жасалатын қамқорлықты бір-біріне сілтеу тәуекелін айтарлықтай жеңілдетеді. Бір жағынан, мемлекеттің атқаратын рөлін асыра мақтау патернализмге (қамқоршылдыққа), азаматтарды тым қамқорлыққа алуға, ал екінші жағынан, жекелеген азаматтардың, кәсіпкерлердің рөлін асыра мақтау қоғамның әлеуметтік қорғауға деген бірыңғай көзқарасын жете бағаламауға әкеп соқтыруы ықтимал. Осының салдарынан халықтың әр түрлі топтарының әлеуметтік игілікке қол жеткізуде теңсіздікті күшейтіп, негізгі әлеуметтік қызметтерге тең пайдалану қүқығын бұзуға түрткі болуы мүмкін.

Төртіншіден, әлеуметтік тұрақтылыққа жету үшін азаматтар меншікті иелену мен басқаруға кеңінен қатысуы тиіс. Меншіктің аралас және үлесімді түрлерінің дамуы да әлеуметтік түрақтылыққа ықпал ету мүмкіндігін күшейтеді.

Әлеуметтік тұрақты экономиканың қалыптасуы, демек, азаматтардың осылай даму үшін жауапкершілігімен, мемлеқеттің әлеуметтік тұрақты саясатымен тікелей байланысты. Осының барлығы қоғамдағы әлеуметтік түрақтылықты ұзақ уақыт бойы сақтау үшін маңызды болып табылады. Сөйтіп әлеуметтік түрақты экономика тиімділіктің және әлеуметтік тұрақтылық азаматтардың экономикалық дамудың нәтижелері үшін әлеуметтік жауапкершілігінің өсуінің негізінде қалыптасады.

Қайта құрудың қазіргі кезеңінде элеуметтік жауапкершіліктің негіздерін қалап, оның негізгі механизмін құру қажет. Қазақстандық экономиканы қайта құрудың бірінші кезеңінде азаматтардың өз нэтижелері үшін әлеуметтік жауапты болуы үшін жағдай жасады. Жаңа механизм жасау үшін меншікті қайта құрып, кәсіпкерлік пен бәсекені дамыту, игілікті бөлуде әлеуметтік әділдікке қол жеткізу, халықты әлеуметтік қорғаудың нарықтық жүйе мен оның институттарына негізделген жүйесін қалыптастыру қажет.

#Әлеуметтік #тұрақты #экономикалық #дамудың #мәні

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз