Әлеуметтік мүдделер | туралы қазақша

0

Мүдде (лат. Interest – маңызы бар, маңызды) – тұлға, әлеуметтік топ, тап қызметінің бағытталғандығын қамтамасыз ететін қажеттіктің көрініс фомасы. Мүдделер нақты іс-қылықтардың ниет-пиғылдарын қалыптастырады, әрекеттердің нақты себебі болады. Олар көңіл күйлер, көзқарастар, эмоциялық реакциялар, идеология және т.б. түрінде көрініс табады.

Мүдделер:

  • қызметтің белгілі бір саласына (экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани және т.б.) бағытталғандығы бойынша;
  • жалпылық (жекелік, топтық, қоғамдық) дәрежесі бойынша;
  • тасымалдауыштың (ұлттық, мемлекеттік, партиялық, таптық және т.б.) сипаты бойынша жіктеледі.

Әлеуметтік мүддені әлеуметтік әрекеттердің, оқиғаларлдың, тындырылған істердің нақты себебі ретінде анықтауға болады, себебі ол әрекеттерге қатысушы индивидтердің, әлеуметтік топтрадың, таптардың тікелей түрткі жасаушылары – ниеттерінің, пиғылдарының, иеяларының және т.б. артында тұрады.

Қоғамдық өмірді индивитердің көмегімен түсіндірудің алғашқы әрекетін XVIII ғасырдағы француз материалистері Гельвеций, Гольбах, Дидро жасады. Олар адамдардың мүдделерін құдайдың жазғанына, сондай-ақ тарихи үдерістердің кездейсоқ мән-жайларына қарама-қарсы қойды. Олар мүддеден адамгершіліктің, саясаттың, тұтастай алғанда, қоғамдық құрылыстың реалдық негізін көрді. Гельвеций: «Егер физикалық дүние қозғалыс заңына қаншалықты бағынса, онда рухани дүние мүдде заңына соншалықты бағынады. Жер бетінде мүдде барлық жаратылыстың көз алдында барлық заттардың түрін өзгертетін бәрінен күшті сиқыршы болып табылады», — деп жазды.

Алайда француз материалистері қоғамдық өмірді идеалистік түсіну шеңберінен шыға алмады, өйткені олар әлеуметтік мүддені жеке мүдделердің жай қосындысы ретінде қарастырды. Олар жеке мүдделерді, тұтастай алғанда, адамның өзгеріссіз қалатын сезімдік табиғатынан шығарды.

Мүддені дамытуда Гегель маңызды рөл атқарды, ол мүдденің дөрекі сезімділікпен, адам жаратылысының табиғатымен телінбейтінін атап көрсетті. Ол: «Тарихты жақыннан қарастырсақ адамдардың іс-әрекеттері олардың мұқтаждықтарынан, құштарлықтарынан және мүдделерінен келіп шығатынын көреміз… және де тек солар ғана басты рөл атқарады» деп атап көрсетті. Адамдар «өз мүдделерін қанағаттандыруға қол жеткізеді, бірақ та осының арқасында олар өздері сезінбеген және өздерінің пиғылдарына енбеген, әріге кеткен жасырын әлденені жүзеге асырады». Гегель бойынша, мүдде пиғыл мен сананың мазмұнына қарағанда, әлдеқандай маңызды нәрсе және де ақтық нәтижеде адамның іс-әрекетінен көрінетін бұл «қалдық» әлемдік зерденің қулығымен, абсолютті идеямен байланысқан. Соңғысы өзін тарихта мұқтаждықтар мен мүдделердің шексіз саналуандығы арқылы жүзеге асырады.

Іс жүзінде әлеуметтік мүдделерге қандай да бір әлеуметтік топтың (марксшілдердегі сияқты таптардың емес) қоғамдық-саяси мүдделерге, сондай-ақ материалдық және рухани құндылықтардың бүкіл жиынтығына деген қатынасы бекітіледі.

#Әлеуметтік #мүдделер

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз