Әлеуметтік философия слайд,презентация — Әлеуметтану — Презентация на казахском языке — Қазақша презентация
Әлеуметтік философия слайд,презентация
Әлеуметтік философияның пәні –
қоғам өмірі және оның даму заңдары.
Қоғам ұғымы көлем жағынан тек қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдарды ғана емес, сондай-ақ өткен және болашақ ұрпақтардың бәрін, яғни адамзаттың өткені мен болашақ тарихын қамтитын аса кең көлемді ұғым болып табылады. Қоғам тарихының табиғат тарихынан айырмашылығы міне осында жатыр: біріншісін адамдар жасайды, ал екіншісі өзі жүріп жатады.
Қоғам өмірінің заңдарын әлеуметтік философия қарастырмайды,оны басқа қоғамдық ғылымдар:саяси экономика,тарих,эстетика,педагогика т.б. қарастырады.Алайда бұл ғылымдардың әрқайсысы қоғамдық құбылыстармен қатынастардың белгілі бір түрін,тобын қарастырады,қоғамды қайсы бір жағынан ғана қарастырып,біртұтас қоғамдық даму жайында жалпы ұғым бермейді.