ӘЛЕМДІК ОРИЕНТАЛИСТИКАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

0

Мұрат Лаумулин

Шетелдік шығыстанудағы қазақтардың
тарихын, мәдениетін және
этнографиясын зерттеу

«Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан тарихы және Орталық Азия» деп аталатын (Қазақ
хандығының 550 жылдығына арналған) бұл ғылыми жұмыс – IV томдық монографияның кеңірек
қамтылып, толықтырылып, қайта басылған, Қазақстанның тарихын, мәдениетін, этнографиясын және
тіл білімін «батыс шығыстануындағы қазақтардың тарихы мен этнографиясын зерттеу» мақсатында
жазылған өзектілігі жоғары еңбек.
Кітапта Орталық Азия және Ішкі Еуразияны зерттеу контексіндегі шығыстану мектептерінің
қалыптасу мәселелері мен дамуы қарастырылады. Сонымен қатар, Орталық Азия тарихы бойынша
ежелгі және ортағасырлық дереккөздер талданған, олар – Орталық Азия халықтары туралы ежелгі
авторлардың деректері, автохтонды, ортағасырлық дереккөздер, мұсылмандық тарихнама, сонымен
қатар, маңызды қытай дереккөздері. Еңбекте аймақтағы ортағасырлық тарихтың негізгі бағыттары
айқындалып, номадизмнің тұжырымдамасы мен көшпенділердің мәдениеттануы, түркітану, алтайтану
және аймақтағы көне, әрі ортағасырлық тарихтың тіл білімі, ең бірінші кезекте қыпшақтану (куманология) сияқты бағыттарды қосады.
Әсіресе батыстық шығыстанудағы қазақтардың тарихы мен этнографиясын зерделеуге ерекше назар аударылады. Мұнда кеңінен қарастырылған мәселелер: көне замандағы дереккөздер мен Жаңа
дәуірдің қазақтары туралы деректер; еуропалық жиһанкездердің және ғалымдардың қазақтар мен
Қазақстан туралы жазбалары мен аймақта ғылыми жұмыс жүргізгендегі бақылау мәліметтері. Монография қазақ номадизмінің феноменін географиялық фактор және табиғи орта, әлеуметтік құрылым,
саяси жүйе және қазақтардың көшпелі мәдениеті сияқты ғылыми мәселелер контексінде қарастырады.
Еңбекте Орталық Азияны зерттеу контексіндегі шығыстану мен саясаттанудың өзара байланысы
мен сабақтастығы ұтымды көрсетіліп, Шығыс және Батыс елдерінде тарихи отанынан жырақта жүрген
қазақтар туралы әдебиеттер ұсынылған.
Кітап тарих, тарихнама және шығыстану, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік, геосаясат, саясаттану сынды бірқатар мамандықтарға арналған. Сондай-ақ, бұл монография шығыстану, тарих, саясаттану, халықаралық қатынастар факультеттері мен кафедраларына оқу құралы ретінде пайдалануға да
ұсынылады.

 

[3d-flip-book mode=»fullscreen» id=»157265″][/3d-flip-book]

 

Мазмұны
Кіріспе ………………………………………………………………………………………………………………… 5
I тарау. Көне дереккөздер және Жаңа заман қазақтары туралы мәліметтер……….19
§ 1. Орталық Азиядағы қазақтардың ата-бабаларының тарихы туралы
ежелгі және ортағасырлық дереккөздер …………………………………………………………….19
§ 2. Қыпшақтану/куманология. …………………………………………………………………………… 51
§ 3. Дала империялары Қазақ хандығының ізашары ретінде ………………………………..65
§ 4. Ең басты дереккөз – «Тарих-и Рашиди» …………………………………………………………97
§ 5. Шетелдік жиһанкездер мен зерттеушілер Орталық Азия мен
Қазақстан туралы …………………………………………………………………………………………117
II тарау. Қазақ хандығы……………………………………………………………………………………. 198
§ 1. Темір әулетінен кейінгі Орта Азия ………………………………………………………………..201
§ 2. Қазақ хандығының құрылуы мен шарықтау кезеңі ………………………………………207
§ 3. Қазақ хандығының құлдырауы…………………………………………………………………….218
§ 4. Кіші жүздің Ресейге қосылуы ………………………………………………………………………222
§ 5. Кіші жүз үшін күрес ……………………………………………………………………………………. 228
§ 6. Орта жүзді жаулап алу ……………………………………………………………………………….. 238
§ 7. Даладағы тойтарыс…………………………………………………………………………………….. 245
§ 8. Ұлы жүзді бағындыруы және Орта Азияны жаулау………………………………………..251
III тарау. Қазақ номадизмі ……………………………………………………………………………….. 255
§ 1. Номадизм тұжырымдамасы және көшпенділік мәдениеттануы ……………………255
§ 2. Географиялық фактор және табиғи орта ………………………………………………………276
§ 3. Әлеуметтік құрылым ………………………………………………………………………………….. 286
§ 4. Саяси жүйе…………………………………………………………………………………………………. 293
§ 5. Қазақтардың көшпелі мәдениеті …………………………………………………………………302
IV тарау. Дәстүрлі көшпелі қазақ қоғамының модернизациясы………………………..316
§ 1. Орыстардың ықпалы………………………………………………………………………………….. 316
§ 2. Мәдени өзгерістер: еуропаландыру және орыстандыру ……………………………….323
§ 3. Әлеуметтік-экономикалық модернизация ……………………………………………………330
V тарау. Шетелдегі қазақтар……………………………………………………………………………..334
§ 1. Қытайдағы қазақтар …………………………………………………………………………………… 335
§ 2. Түркиядағы қазақтар ………………………………………………………………………………….. 348
§ 3. Моңғолиядағы қазақтар……………………………………………………………………………… 351
VI тарау. Заманауи саясаттанудағы Қазақстанның тарихы және оның орны ……..361
§ 1. Ориенталистика мен саясаттану назарындағы Орталық Азия………………………..361
§ 2. Заманауи саясаттану мен ориенталистикадағы Қазақстан тарихы және
оның орны…………………………………

 

Кіріспе
Habent sua fata libelli.
Әр кітаптың өз тағдыры бар.
Бұл кітаптың ұзақ тарихы бар. Оны жазу туралы ой 1980-ші
жылдардың соңында келген. Алайда оны аяқтау отыз жылға жуық
уақытты қажет етті. Дегенмен, осы басылымдағы материалдар мақала
болып, басқа да монографиялардың бөлімі және рецензия ретінде
жарық көрді.
Кітап қазақтардың тарихы мен этнографиясын зерттеуге арналған
(негізінен батыстық шығыстану бойынша). Мұнда мынадай кең
көлемді мәселелер қарастырылған: жаңа заманның қазақтары
туралы көне дереккөздер мен деректер; еуропалық жиһанкездердің
және зерттеушілердің қазақтар мен Қазақстан туралы жазбалары
мен байқағандары. Шетелдік зерттеушілердің (негізінен заманауи)
еңбегінің негізінде тарихи контексте Темір әулетінен кейінгі Орта
Азия, Қазақ хандығының құрылуы мен шарықтау кезеңі, хандықтың
құлауы, Кіші жүздің Ресейге қосылуы, Орта жүзді жаулап алу, даладағы
тойтарыс, Ұлы жүздің бағынуы және Орта Азияны жаулау сияқты
сюжеттер негізінде Қазақ хандығының тарихы баяндалды.
Жеке тарауда қазақ номадизмінің феномені географиялық фактор
және табиғи орта, әлеуметтік құрылым, саяси жүйе және қазақтың
көшпелі мәдениеті сияқты ғылыми проблемалар контексінде
қарастырылады. Күні бүгінге дейін өзектілігі мен маңызын жоймаған
көшпелі дәстүрлі қазақ қоғамының модернизациясы сияқты мәселе
де назардан тыс қалмаған. Осыған орай мына мәселелерге қатысты
батыстық көзқарас та баяндалған, олар: орыстардың ықпалы, мәдени
өзгерістер, еуропаландыру және орыстандыру, сонымен қатар
әлеуметтік-экономикалық модернизация. Осы бөлімді шетелдегі
қазақтарды, негізінен Қытай, Түркия, Моңғолияда зерттеу жүргізген
батыс зерттеушілерінің экскурсы тәмамдайды.
Кітаптың соңғы тарауы Орталық Азияны зерттеу контексіндегі
шығыстану мен саясаттанудың сабақтастығы мен өзара байланысын
көрсетеді. Бұл бөлім төңкеріске дейінгі аймақтың тарихын шетелдік
6
Мұрат Лаумулин
зерттеушілер еңбегі негізінде баяндаумен басталады. Негізінен
Орталық Азияны және оның тарихын заманауи саясаттануда зерттеуге
ерекше назар аударылған. Бұл аймақ және Орталық Азиядағы
жекелеген мемлекеттер туралы көптеген жарияланымдардың тарихи
экскурсына байланысты. Ғылыми көзқарас тұрғысынан алып қарағанда
(сирек жағдайды қоспағанда) олардың ешқандай ғылыми маңызы жоқ.
Дегенмен, толық сипаттама беру үшін барынша тұжырымдамалық
басылымдар материалдың мазмұнына енгізілді.
Қазақ пен Қазақстанның тарихы және кең ауқымда қарастыратын
болсақ – Орталық Азия мен Еуразия, сонымен қатар номадизм
тарихы мен оның көшпелі халық өміріндегі ролі әлемдік деңгейдегі
зерттеушілер үшін әлі күнге дейін жауабы табылмаған көптеген
сұрақтарды туындатты. Белгілі болғандай, қазақтар сыртқы әлем
үшін беймәлім еді, халық атауының өзі еуропалықтардың құлағына
XVIII ғасырда ғана жетті, шыны керек, оның өзі дұрыс дыбысталмай,
«казак» немесе «козак» деген украин нұсқасымен танылды. Әңгіме
Еуразияның кең жазығын мекендеген даланың көкбөрісі туралы
болатын. Кейін «казактар» Ресей империясына қызметке қабылданды,
сол жерден барып қана олар Батысқа таныла бастады. Олар орыс тілінің
диалектісінде сөйледі және христиан дінін ұстанды. Шығысеуропалық
«казактар» біз айтқалы отырған қазақтардың атауын иеленіп, олардан
көптеген салтты, әскерді ұйымдастыру тәртібін және лексикасын, атқа
шабуды және жауласуды үйренді, яғни «кәдімгі қазақтар» тіптен басқа
халық болған еді.
Қазақтар жаратылысынан «даланың еркесі» болды. Жазық дала
мен көшпелі өмір салты олардың болмысы, тілі, салты, тіпті болмысына
өшпес із қалдырды.
Археология деректері неолит заманындағы 200-ге жуық елдімекен
қалдықтарының Қазақстанның барлық аумағынан табылғанын
растайды. Біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтың
ортасында осында мыс пен қола өндіру және өңдеу дамыған.
Осы кезде аймақ тұрғындары егін және мал шаруашылығымен
айналысатындар болып екіге бөлінді. Біздің заманымызға дейінгі
алғашқы мыңжылдықта көшпелі тайпалар тарих сахнасына шықты.
Біздің заманымызға дейінгі үшінші жүзжылдықта аймаққа жаңа,
көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын протүркілер тобы келді
де жергілікті халықтың ирандық субстратын (тілдердің тоғысуына тән
құбылыс) өзгертті.
7
ӘЛЕМДІК ОРИЕНТАЛИСТИКАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, кемі екі-үш мыңжылдықта,
қазір Қазақстан иелік ететін кеңістікте, кейін заманауи әлемнің келбетін
айқындаған оқиғалар болды.
Олар нақты осы жерде алғаш рет жылқыны қолға үйретіп және оны
ерттеп мінді деген болжам жасайды. Осында алғаш рет көшпенділердің
ата-бабалары өздерінің ауыл шаруашылығымен айналысатын
тайпаластарынан бөлініп, көшпелі өмір салтына көшті. Осы жерде
Қытайдан Римге дейін қоныстанған халықтың зәресін ұшырып, алғаш
рет темір мен болатты балқытып қару өндірді. Нақты осы жерде
ерлердің шалбары тігіліп, аттың үзеңгісі жасалып шығарылды.
Дәл осы жерде көшпелі тайпа жауынгерлерінің орасан зор
ордаларының негізі қаланып, олар ұлы Қытай қорғанын, Византия, Рим,
Бағдат және Дамаск қамалдарына шабуыл жасау үшін күштерін сынады.
Сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар, оғыздар, татарлар, моңғолдар,
ноғайлар және т.б. – осылардың барлығын антропологиялық тұрғыда
қазіргі қазақтардың арғы ата-бабасы деп санауға болады. Мынадай
бір жорамал бар, қазақтардың және Орталық Еуразиядағы басқа
да малшы халықтардың арғы ата-бабалары шығыс-парсы тобына
жататын тілдерде сөйлеген. Күні бүгінге дейін қазақ тіліндегі сөздердің
түбірі үндіеуропалық халықтар – иран, герман және славяндардың
сөз қолданысымен ұқсас екенін аңғаруға болады. Қазақтардың арғы
ата-бабаларының түр келбеті көптеген археологиялық қазбаларға
қарағанда, моңғолоидтардан гөрі еуропалықтарға келіңкірейді.
Дегенмен, уақыт өте келе алтай және Сібір түркі тайпаларының
экспансиясы күшейген кезде, жергілікті тайпалардың тілі, сыртқы
келбеті, дәстүрі мен мәдениеті түбегейлі өзгерді. Тіл түркі1
, сыртқы
келбет – моңғолоид, яғни барынша азиаттарға ұқсас, ал дәстүр
ынтымақтастық пен ұйымшылдыққа қарай өзгеріске ұшырады.
Жаңа этникалық топ – түркілер – Еуразияның орталығында V — XV
ғасыр аралығында ұлы дала конфедерациясы мен империясының
көптеген мемлекеттерінің негізін қалады. Олар түрлі атауға ие болған
көптеген қағанаттар, хандықтар мен ордалар, бірақ олардың түп
тамыры қазақ даласының орталығы болды. Еуразиядағы ең ұлы дүмпу
Тынық мұхитынан Қара және Жерорта теңізі, Кореядан Триестке,
Сібірден Месопотамияға дейін ұласқан Моңғол империясының
құрылуы болды. Моңғол дәуіріне дейінгі жылнаманы жазушыларға
кейін қазақ ұлтының құрамына кірген барлық тайпалардың атауы
1
Оны алтай, яғни түркі-моңғол тілі деп те атаған.
8
Мұрат Лаумулин
жақсы таныс. Олардың бірқатар бөлігі моңғолдарға қарсы тұрды,
басқалары олардың жауынгерлерінің сапына енді. Еуропаға шабуыл
жасау кезінде Шыңғыс хан әскерінің 95%-ы қазіргі Қазақстан мен
Сібірде көшіп-қонған тайпа өкілдері болды.
Тарихи межемен алып қарағанда, түркі тайпаларының моңғолдардың қарамағынан шығуы салыстырмалы түрде өте тез жүзеге
асқанмен, сол уақыттың өзінде қайталанбас өзгерістер болды: Шыңғыс
хан мен моңғолдардан олар саяси ұйымдастыруды, басқарушы әулет
дәстүрін, сонымен қатар экономикалық, саяси басқару принциптерін
үйренді. Қазақ хандығының негізі осылайша қаланды.
ХV ғасыр басындағы толассыз соғыстар, қақтығыстар, басқыншылық
пен трансформация жергілікті тайпалардың Өзбек ордасынан бөлініп
шығып, Жетісуда, қазіргі Алматы облысы аймағында кейін Қазақ
аталып кеткен өз хандығын құруына, ал оның құрамына кірген
тайпалардың өзін қазақ2
деп асқақтата аталуына негіз болды. Содан
кейін олар жылдамдатып Жетісу өлкесінен тыс қоныстанған ондаған
тайпалар мен руларды қатарына қосып, ортақ халық ретінде «қазақ»
атауын иеленді, дегенмен өз руларының ерекшеліктерін сақтап қалды.
Осылайша, XV ғасырдың ортасында Трансоксиания мен Балқаш
көлінің арасындағы Моғолстанның аумағында бірнеше тайпалық
топтардың негізінде, кейін Қазақ хандығы деген атаумен танылған
елдің іргесі қаланды. Классикалық қазақ қоғамы (XVI ғасырдан
бастап XIX ғасырға дейін) көшпелі өмір салты, әдет-ғұрпы және ислам
заңдылығына (шариғат) негізделген.
Басты тірлігі мал шаруашылығы болды. Қазақ хандығы үш ірі бөлікке
бөлінді: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Дәстүрлі қазақ қоғамы тайпалық
және рулық ұйымдардан құралған, ақсүйек, қауым мүшесі және қожамолдалар сияқты құрылымдық иерархиямен сипатталды.
Қазақтарды «Күллі әлемді дүр сілкіндірген» Шыңғыс ханның
тұқымынан тараған хан және сұлтандар биледі. Бір қызығы,
қазақтардың көршісі болып табылатын Орта Азия және Орта Шығыстағы
Үндістанды билеген Ұлы Моғолдар (Бабырдың ұрпақтары) және Шығыс
Еуропаны билеген хандардың ұрпақтарынан (Ресей жаулаған) басқасы
осы династиялық сабақтастықты жоғалтты. Таң қаларлық дүние, оны
моңғолдардың өзі де жалғай алмады. Олар ламалық формадағы
буддизмге көшкен соң, Шыңғыс хан дәуіріндегі бұрынғы жауынгер
моңғол сипатынан айырылды. Сондықтан да әмірлік, сұлтан

 

 

 

 

 

The Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the
President of the Republic of Kazakhstan
The Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of
Kazakhstan (KAZISS) was established on June 16, 1993, by the Decree of the
President of Kazakhstan. In April 2014, the President of Kazakhstan issued
the Executive Order to relocate the KazISS to Astana. In 2018, the Institute
celebrated its 25th anniversary.
Since its foundation, the mission of the KazISS has been the provision of
forecast and analytical support of strategic perspectives of the domestic and
foreign policies of Kazakhstan.
The KazISS is a professional think tank. At the end of 2018, KazISS became
the only Kazakhstan’s “think tank”, which was included to the main rating of
the “Global Go To Think Tank Index Report” of the University of Pennsylvania,
occupying 142nd place among 8162 think tanks of the world (https://
repository. upenn.edu/cgi/viewcontent.cgi?article=1017&context=think_
tanks).
The KazISS employs a highly professional pool of experts; at present it
includes two Corresponding Members of the National Academy of Science,
one Corresponding Member of the Military Academy of Kazakhstan, nine
Doctors of Science, five Candidates of Science, three PhDs and twelve
Masters specializing in political science, sociology, public administration,
history, and economics. The Institute has a representative office in Almaty
and it is currently launching a number of branches in other regions of
Kazakhstan During the twenty-five years experience, the KazISS have
published more than 300 books on international relations, global and
regional security. The Institute issues three journals: the Kogam zhane Dayir
(in Kazakh), the Kazakhstan-Spectrum (in Russian) and the Central Asia’s
Affairs in English. The KazISS has a trilingual website (in Kazakh, Russian,
and English) and manages the corporate accounts on Facebook and Twitter.
The KazISS holds a great number of international conferences, seminars
and round- table discussions on the annual basis. Since 2003, the KazISS
has held fifteen Annual Conferences on Security and Stability in Central
Asia. On June 15, 2018 passed International Conference «National
modernization strategies: Achievements and Prospects», dedicated to the
25th anniversary of the Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the
471
ӘЛЕМДІК ОРИЕНТАЛИСТИКАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
President of the Republic of Kazakhstan.
The KazISS forums are attended by reputable experts from Kazakhstan
and Central Asia as well as from Azerbaijan, Afghanistan, China, France,
Georgia, Germany, India, Iran, Japan, Korea, Mongolia, Pakistan, Russia,
Sweden, Turkey, the UK, the USA and others.
For the long period the KazISS has been considered as the distinguished
place for the research, professional and thesis internships of bachelor,
master and Phd students from various universities.
Currently the Institute has created the necessary conditions for
professional and scientific growth of employees. In 2017 and 2018 the
Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan allocated
targeted grants to KazISS for master’s and PhD programmes. Today KazISS
provides for the teaching of 6 master`s and 10 Ph.D. students at the
L.N.Gumilyov Eurasian National University and Al-Farabi Kazakh National
University.

 

 

Лаумулин Мұрат Тұрарұлы (1959 жылы дүниеге келген), 1976 жылы
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебін бітірген.
1976-1982 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің (қазіргі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Тарих факультетінде «Шет тілі және орта
ғасыр тарихы» мамандығы бойынша арнайы бөлімде оқыған. 1982-
1985 жылдары ҚазМУ-дің Гуманитарлық факультеттің Шет тілдері
кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарған. 1985-1987 жылдары
Қазақстан ҒА-ның Тарих, археология және этнология институтында
ғылыми қызметкер болған. М.Т.Лаумулин 1987 жылы Мәскеудегі КСРО
ҒА-ның Тарих институтына аспирантураға түсіп, 1990 жылы Қазақстан
тарихындағы батыстық тарихнама бойынша кандидаттық диссертация
қорғады. 2003 жылы саясаттану бойынша Орталық Азиядағы геосаясат
және қауіпсіздік мәселелері бойынша докторлық диссертация қорғады.
1990-1993 жылдары ҚР ҰҒА-ның Тарих және этнология
институтында аға ғылыми қызметкер, 1992-1997 жылдары ҚР ҰҒА-ның
Шығыстану институтында аға ғылыми қызметкер, 1992-1997 жылдары
(үзілістермен) Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық
зерттеулер институтында жетекші ғылыми қызметкер болған. 1990-
2013 жылдар аралығында (үзілістермен) М.Т.Лаумулин ҚазМУдің халықаралық бөлімдерінде, Саясаттану факультетінде (ҚазҰУ),
«Қайнар» университетінде Орталық Азияның шетелдік тарихнамасы,
халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы
саясаты, саясаттану және дипломатия туралы арнайы курстар
бойынша дәріс оқыды. 1998-2002 жылдары М.Т.Лаумулин Германияда
дипломатиялық қызметте болды.
2002-2003 жылдары ҚСЗИ директорының орынбасары, 2003-
2013 жылдары ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, 1999-2006 жылдары
«КонтиненТ» қоғамдық-саяси журналының саяси шолушысы болды.
2006-2009 жылдары «Астана» телеарнасында «Международная
панорама» бағдарламасының жүргізушісі, 2006-2013 жылдары
(үзілістермен) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының
жанындағы Дүниежүзілік экономика және саясат институтының бас
ғылыми қызметкері болды.
2013–2018 жылдары Қазақстан Республикасының Беларусь
Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі. 1993-1994, 1998-2002,
2009 жылдары М.Т.Лаумулин Қазақстан Республикасының Сыртқы
істер министрлігінде қызмет істеді. 1992 жылы М.Т.Лаумулин Монтерей
халықаралық зерттеулер институтында тағылымдамадан өтті (АҚШ).
1993-1994 жылдары АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті жанындағы
және ГФР СІМ қысқа мерзімді дипломатиялық тағылымдамадан
өтті. М.Т.Лаумулин шақыртылған зерттеуші ретінде түрлі шетелдік
орталықтарда, мысалы 1994 жылы Мэрилэнд университетінде, 1995
жылы Монтерей халықаралық зерттеулер институтының жанындағы
Ядролық қарусыздандыру орталығында (АҚШ), 1997-98 жылдары
Еуропалық ынтымақтастыруды зерттеу орталығында (ГФР) жұмыс
істеді. 1992 жылдан бастап М.Т.Лаумулин – Ядролық қарусыздандыру
мәселелерін зерттейтін Халықаралық топтың тұрақты мүшесі.
М.Т.Лаумулин түрлі шетелдік қорлардың гранттары мен
стипендияларымен марапатталды, атап айтқанда — Фулбрайт қоры
(1995), Макартуров қоры (1997), Германия ғылым академиясының
конференциясы (1997), Вашингтондағы Дж.Кеннан атындағы институт
(1998) және Римдегі CАКҰ (Солтүстік Атлант келісім ұйымы) қорғаныс
колледжі (2002).
М.Т.Лаумулин – жүзге жуық мақала, Қазақстан және Орталық
Азия тарихы мен тарихнамасы мәселелері, шығыстану, халықаралық
қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты бойынша жазылған 35
монография авторы. М.Т.Лаумулиннің ғылыми және публицистикалық
еңбектері Ресей, Беларусь, Қырғызстан, АҚШ, ГФР, Ұлыбритания,
Франция, Швеция, ҚХР, Иран, Түркия, Үндістан және Пәкістанда жарық
көрген.