«Әлем мойындаған тұлға» тәрбиелік шара

0
400


Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: Барлық сыныптар

Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ,қызмет
еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын халқын
сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін
ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі:слайдтар көрсету,бейнебаян, шарлар,суреттер, кітаптар
Барысы:
Тренинг Тілек айту
Түстермен топқа бөліну
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Кіріспе сөз.
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет деп жариялады.
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.
Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік ,босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін деген асыл арманды арқалап тұр
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
Бейнебаян көрсетіледі.
Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындарыПрезидент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жанарып қалам,жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Слайдтар таныстырылады.
Елбасына
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
Елім,жерім деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
Ұлтым,елім деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы:
Е-елі сүйген
Л-лайықты адам
Б- баршаның қорғаны
А-алға қарай жүретін
С-салиқалы саясаты бар
Ы-ықыласқа бөленген жан
Хормен: ЕЛБАСЫ
Сергіту биі: Атамекен
Қорытынды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласында көрсетілген ел дамуының негізгі бағыттарын ашады.
Мақалада елдің дамуының жаңа иделогиялық тұғырнамасы болып табылатын бағдарлама ұсынылған. Рухани жаңғырудың алты бағытының барлығы алдыңғы қабылданған ұзақмерзімді, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қолдауға және табысты жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстанның келешектегі даму бағыттары мен негізгі басымдығы ретінде білім беруді жаңғырту және мәдени-адамгершілік құндылықтарды сақтауға баса назар аударылған.
Сондықтан жаңа дәуірдің бар жақсылығын өзіне ала отырып, жаңа жағдайға кірігу және бейімделу маңызды. Елбасы атап көрсеткендей, экономиканың алдына қойылған міндеттерге қол жеткізу және дамыту, ең бастысы қазіргі әлемдегі жоғары дамыған алдыңғы қатарлы елдердің қатарына кіру маңызды болып табылады. Ал бұл тек рухани құндылықтар мен басымдықтар дұрыс және нақты қойылған қоғамда ғана мүмкін болады.

Тұңғыш Президент күніне орай Әлем мойындаған тұлға
тақырыбында оздырылған дөңгелек үстелге берілген анықтама
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ,қызмет
еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын халқын
сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін
ояту,құрметтеу.

Дөңгелек үстел барысында психологиялық ахуал туғызу мақсатында оқушылар елбасына арнап тілектерін және өлеңдерін оқып берді.Бейнебаян тамашалау арқылы оқушылар елбасының жастық шағы және өмір жолы туралы өз ойларымен бөлісті.
Елбасының Ұлы даланың жеті қыры мақаласы талқыланды. Көк тудың желбірегені атты Ескендір Хасанғалиевтың Атамекен әніне сергіту биі ұйымдастырылды. Қорытынды бөлімде елбасы сөзінің әріптеріне елбасының жақсы қасиеттері айтылып дөңгелек үстел қорытындыланды.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.