Алдар көсе-қазақ ертегілерінің бас кейіпкері балабақшадағы ашық сабақтар

0

Күні:                Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы:Алдар көсе-қазақ ертегілерінің бас кейіпкері
   Мақсаты: 1. Адар көсенің бейнесін мүсіндей білуге үйрету.
    2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,тіл байлығын      дамыту,өнерге деген қызығушылығын арттыру.
    3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер  
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Балалар Алдар көсе ертегісімен танысып,соның бейнесін мүсіндейміз.
V Жаңа сабақ  
 Алдар көсе ертегісінің үзіндісін оқу.
-Ақылмен алдай білетін айлакер кім болды екен? (Алдар көсе)
 Балалар ертегіге салынған иллюстрацияларды қарастырып,Алдар көсенің кейіпіндегі ерекше бөліктеріне,оның киіміне,жүзіне назар аударады.Балаларға адамның фигурасын мүсіндеу тәсілдерін естеріне салу.
Сергіту сәті:   Ақ қояным тұршы
                        Беті-қолды жушы
                        Айнаға қарашы
                        Шашыңды тарашы
                           Ақ көйлегіңді киші
                           Сабаққа қарай баршы
                           Орныңа отыршы 
                           Сабағыңды оқышы

VI Пысықтау
        Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен ермексазбен Алдар көсенің мүсінін жасайды .

VII Бекіту
-Бүгін қандай тақырып өттік?
-Алдар көсе қандай адам ?
-Алдар көсе жақсы істер үшін ,кедейлерге көмектесу үшін адамдарға жаны ашымайтын  байларды алдайды.

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!