Алаш қозғалысының негізін қалаушысы | Скачать Материал
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Кафедра: Қоғамдық — гуманитарлық пәндер
Дисциплина: Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
Курс: 1
Тақырыбы: Алаш қозғалысы және тәуелсіздік идеялары
Орындау түрі: Мәнжазба
Орындаған: Нұрғали Меруерт
Тобы: 111 Б
Факультет: Жалпы медицина
Тексерген: Мусашева Данагүл Қуанышқалиқызы
Ақтөбе 2018 жыл
Жоспар:
І.Кіріспе
Алаш қозғалысы және тәуелсіздік идеялары
ІІ.Негізгі бөлім
1. Алаш — рәміздік сөз.
2. Алаш идеясы — қазақтың ұлттық идеясының темірқазығы
3. Алаш зиялылары.
4. Алаш партиясының құрылуы
ІІІ.Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
І.Кіріспе
Еуропаша айтқанда, феномен. Тәуелсіздік — жаңаша көзқарас пен айрықша серпілістің бастауы, арғы замандардан жеткен мәңгі ел! мұра — ты — ның жалғасы. Ал Қазақстан азатты — ғы — ның бірегей белгісі — тарих. Бостандық үшін күрескен бодан күн мен азат — тықтың баяндылығы үшін тер төккен бү — гінгі күннің тарихы. Сол тарихтың алау — лы, жарқын кезеңі — Алаш тарихы. Бұлай деу — ақылға да сыйымды, шындыққа да сәйкес. Азат Қазақстан Республикасы — демократиялық, зайырлы, құқық — тық, өркениетті қоғам құруға жұ — мыл — ған және соны кезең-кезеңмен орындап келе жатқан мемлекет. Еліміз дер — бес — тіктің 20 жылдық тари — хын — да жүріп өткен сан ғасырлық жолдың тағылым-сабақтарын біршама парықтады. Үздіксіз, үзіліссіз алға жыл — жыған тарих көшінде ұлтты — ұлт, елді ел еткен құбылыстар, оқиғалар, тұл — ғалар бағамдалды. Міне, осындай сарабдал көзқарастың нәтижесінде елдік зайырлықтың батыл тәжірибесін бастаған, білім мен ғы — лым — ды, әдебиет пен мәдениетті ұлт қажетіне лайықты пайдалана алған Алаш қозға — лы — сының, Алаш тұлғаларының, жалпы Алаш құбылысының орны ерекше екені белгілі болды.ХІХ-ХХ ғасырлардың шегінде ұлы Абай үлкен әлемге жол салып, Алашорда алыптарының шоғырын оят — ты. Олар өз кезегінде халықтың өзін-өзі тануын жоғары көтеріп, қа — зақ — тардың мешеулік және тарихи ұмтылу ортасынан көтерілуіне мүм — кіндік берген идеяларды тұжырымдай алды» деген болатын. Соңғы жиырма жылдың ішінде отан — дық ғылымда Алаш тақырыбы біршама игерілді. Бірсыпыра тұлғалардың жазған еңбектері қайта жарыққа шықты. Осы мәселеге арналған зерттеу кітаптары жарияланды. Дей тұрғанмен, бұл тақы — рып әлде де болса тәуелсіздік талаптары тұрғысынан жан-жақты қарастыруды талап етеді. Мұның бірнеше себебі бар. Ең алдымен маман тапшылығы. Яғни, архивпен, мәтінмен жұмыс істей алатын ға — лымдар әлеуеті азайды. Екінші, қо — ғамда шаң беріп қалған тарихи зерденің салғырттық, бейқамдық үрдісі. Әлбетте, белгілі бір кезең маманын даярлау — жоғары мектеп бағдарлама — сы — нан гөрі ғылыми мектеп бағдарламасына лайық шара. Сондықтан кейінгі жылдар — да — ғы мұра қоры мен мәтін қабаттарын білуге деген немкеттілік, немқұ — рай — лы — лық Алаш тақырыбын зерттеу мәсе — ле — сіне де аз зиянын тигізіп отырған жоқ. Тарихи зердедегі салғырттық — тәуел — сіз мемлекетті аяқтан шідерлейтін құ — былыс. Өйткені, тәуелсіз мемлекет жаңа қоғам құру мақсатында өзінің жү — ріп өткен жолына, яки тарихына принциптік тұрғыда қарау керек.Қатеден — сабақ, дұрыстан үлгі алуға тиіс.
1. Алаш — рәміздік сөз.
Алаш — ұлтты ұйыс — тырған ұран. Алаш — қазақ қоғамы тә — жірибесіндегі жаңару мен серпілудің, бі — лім-ғылым мен батыл ізденістің, адал — дық пен тәуекелшілдіктің жарқын беті. Сол себепті Алаш тақырыбын ғылыми тұрғыдан зерделеу — жалпы Қазақстан үшін, елдің тәуелсіздік талаптары үшін әрқашан басымдық болып қалмақ. Сөз жоқ, қай қоғамда болсын халық үшін киелі ұғымдарды қолжаулық еткісі келетіндер болады. Осы арқылы елді адас — тыратын жағдайлар да ұшырасады. Міне, мұндай келеңсіздікке ұрынбау үшін келелі де киелі ұғымдар мен құ — бы — лыстар тиянақты зерттелуі қажет. Бұл тұрғыдан келгенде де, мәселен Қазақ — стан қоғамы үшін Алаш құбылысының байыпты зерделенуі — тәуелсіздік пен қауіпсіздікке тікелей қатысты іс-шара кешені болып табылады. Бүгінгі қоғамның рухани дамуы — сан салалы, сан қырлы құбылыс. Елбасы мен елшіл зиялылар жүйелі айтып жүр — ген мәдени мұра арқылы тәуелсіз елдің тарихи жадын жаңғырту, бекемдеу; қазақ тілін Қазақстан халқын біріктіруші құ — былыс есебінде дамыту; әлемдік жаһан — дану жағдайында ұлттық құндылықтарға жаңа серпін беру секілді мемлекеттік ма — ңызы бар істерге атсалысу — алаш — танудың бағдарын айқындайтын әрі негіздейтін фактор ретінде қаралуы қажет
2. Алаш идеясы — қазақтың ұлттық идеясының темірқазығы.
Алаш идеясы — ХХ ғасыр басындағы қазақтың ұлттық-мемлекеттік идеясы бо — латын. Рухани-мәдени кеңістікте Алаш қозғалысы Қазақстандағы жаңашылдық пен жасампаздықтың, түп негізді сақтай отырып еуропалық бағдарда дамудың көшбасшы бағыты еді. Тарихты білетін, ұлттың бүгінгі ілгерілеуіне жауапкершілікпен қа — рай — тын елшіл аза — мат — тардың бар — ша — — сы Ал — аш мүдде — сі мен идея — сы — на адалдық — қашан да Қазақ — стан — ның саяси, рухани өр — кендеуі мен өріс — теуінің барометрі бо — лып қал — мақ деп са — найды. 2008 жылы 26 мау — сым — да Алаш қозға — лы — сына қатысты ҚР Үкіметінің ар — найы қаулысы шықты. Бұл — ұлттың тарих алдындағы қарызы мен парызын анықтаған үлкен дәрежедегі құжат. 2007 жылдан бері еліміз — дің орталық қалаларында бір — неше ғылы — ми-тәжірибелік семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өтті. Мұның басында Астана қаласы бол — ғаны елдің абыройын көтерді, рухын асқақтатты. Алаш ұғымы құн — дылық ретінде орныға бастады. Ол елдік, тұтастық, бірлік, айбарлық деген бір — неше мәнді жинақтайды. Ел ішінде алаш алаш болып, Алаша хан бол — ған — да, алты алаш, алаш мыңы секілді тұрақты тіркестер ежелден айтылатын. Сондай-ақ Керегеміз — ағаш, ұранымыз — Алаш деген на — қыл-ұстаным да бар-тын. Бұдан шыға — тын қорытынды, Алаш — бұрын қазақ ұлтын жинақтайтын және серпілтетін сөз әрі қазақ этнонимінің синонимі болса, бүгін де сол деңгейде ұғынылып-байыпталып отыр. Жалпы, тілдік негізі тұрғысынан келсек, алаштың түбіріндегі ал — от, қызыл, арай дегенді білдіретін ежелгі түр — кі сөзі. Мысалы, Алтай, алау, алқы — зыл, албырт, албар, аламан, алөкпе, алаң, алқап, т.б. сөздердің арғы түбі от ұғымына (қуат, күш, жігер, шапшаңдық, қызбалық, тегеурін, зор деген мағы — на — да — ғы) барып тіреледі. Отандық зерттеу — ші — лердің Шоқан Уәлиханнан бастап Алаш ұғымын зерделегенін байқаймыз. Шоқан қазақ пен алаш ұғымдарын қатар қойды. Алаш — тың — елдік-мемлекеттік рәмізге айналған ұғым екені көрінеді. Азаматтық тарихымыз үшін аса ма — ңызды Алаш қозғалысы кезеңінде Алаш идеясы — қазақтың ұлттық идеясының темірқазығы болды. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. Алаш қозғалысы, біреулер айтып жүргендей тек 1917 жылы пайда болған нәрсе емес. Ол — Ресей империясындағы қазақтың саяси-демократиялық қозғалы — сы — ның жалпы атауы. Ғалымдар арасын — да мұның басталуы туралы қилы пікір бар. Бірі 1902-1903 жылғы хрис — тиан — ды — руға қарсы қозғалыстан, екіншісі 1905 жыл — ғы Қарқаралы петициясынан, үшін — шісі 1917 жылғы ақпан төңкерісінен бас — тау — ды ұсынады. Біздіңше, оның тарихи негізі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен баста — ла — ды. Мұны кешенді түрде қарау қажет. Ре — сейлік түрлі саяси партияда болған Алаш қайраткерлерінің қызметін де атал — ған қозғалыстан бөлек қарай алмай — мыз.
3. Алаш зиялылары.
Ұлт зиялылары Алаш идеологиясын ту ете отырып, азатшыл, ұлттық ұрандармен қазақ жастарын баурап, өздеріне тартып, серік қылды. Ұлттың өзекті деген мәселелерін шешуде Мемле — кеттік думаларға, мұсылмандар съездеріне қаты — сып, жалпықазақтық, облыстық, уездік, болыстық съездер мен басқосулар өткізіп, халқы — мыздың жанын жеген басты зар-мұңы — жер, тіл, дін мәселелерін батыл көтерді. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының төңірегіне топтаса отырып, өзін-өзі басқарған, ұлттық мүддені қорғай алатын мемлекет жүйесін құруға талпынды.
Міржақып Дулатов(1885 — 1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.Алаш қозғалысының негізін қалаушысы.Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты «Қызбел» ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre «Қазақ» газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы «Ақ жол» газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
Әлихан Бөкейханов (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі — 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Алаш қозғалысын жетекшілерінің бірі. Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады.
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында туған.Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы. Ғалым, ұлттық жазудың … жалғасы