Алаш партиясының құрылуы

0

Оң тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басында, қазақ даласында еуропалық білімі бар халық көсемдерінің саны артты. Елге теңдік әпереміз, қазақ халқын азат етеміз деп ойлаған, ел мен жер үшін жанын да қиюға дайын ғазиз жандар!


Мысалы Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дұлатұлы, Халел Ғаббасов, Мұстафа Шоқай сияқты азаматтар.


Бұлар бірігіп, халық мүддесін қорғау үшін, партия құрудын қажеттілігін түсінген еді. Мысалы 1913 жылы, «Айқап» газетінің төңірегінде жиналған оқымыстылар, қазақ халқының құрылтайын жасап бүткіл елдің болашаққа деген жоспарларын белгілеуін, партия құруын ойластырған еді. Бірақ бұған Ә. Бөкейханов бастаған топ зиялылары қарсы шықты, себебі ақ патшаның қазақ даласында орнатқан әскери-жандармдық режимі бұған мүмкіндік бермеді.


Ақпан революциясы — ақ патшаның құлауы


1917 жылы, Петерборда ақ патшаны тақтан тайдырды, «Уақытша» өкімет орнады.


Патшаның езгісінен құтылғанына, барлық ел қуанған еді, және бұл қазақ даласында біраз болса да еркіндіктің пайда болуына себеп еді. Уақытша өкімет біраз демократияшыл еді.


Бірінші Жалпықазақ съезі


1917 жылдың 21-26 шілде күндері Орынбор қаласында Бірінші Жалпықазақ құрылтайы, съезі өтті. Осы жерде партия құру мәселесі шешілді. «Қазақ» газеті бұл партияның атын «Алаш» деп қойды.


Жаңа партияның қалыптасуы мен дамуына, Ә. Бөкейханов елеулі үлес қосты. Сондықтан кейіннен осы партияның басшысы да сол болды.


Алаш партиясының бағдарламасы


Алаштылықтардың басты мақсаты, Ресейдің құрамында қала отырып, қазақтарға біраз автономия берілсін дегені.


Салықтын табысқа пропорционал болсын деп жазылған (қазіргі салық жүйесінде бұндай әдіс пайдалынады).


Сөз еркіндігі бар болсын, цензура жойылсын. Ел еркін сөйлеуге, жазуға ие болсын. Яғни көне қазақтын сөз еркіндігі қайта оралсын дегені.


Және жер қазақ халқына тиесілі деп шешілсін.


Ақ патшаның тұсында, әсіресе 1916 жылдан кейін, қазақ даласында адамдардың топтасуына, патшаның саясатын сынауға тыйым салынған еді. Қазақтың құнарлы жерлері ішкі Ресейден келген орыстарға үлестіріле берді, ал қазақтарға шөлді жерлер қалды.


Патша өкіметі қазақ жерінде мектептердің ашылуына кедергі болды, тек өздеріне қажетті тілмаштарды, писарларьді оқыту үшін ғана қазақ балаларын оқытты. Мектептердің ашылуына тыйым салды. Патша өкіметі қазақ халқын қараңғылықта ұстап, қазақтардың жерін өздері пайдалынғысы келді.

Пән: Тарих