Әкімшілік құқық жауапкершілік слайд,презентация

0

Әкімшілік құқық жауапкершілік слайд,презентация 

 

Әкімшілік құқық жауапкершілік

 

Әкімшілік құқық бұзушылық жайлы түсінік
Әкімшілік әрекет
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы
Кінәнің түрпішіндері
Әкімшілік жауаптылық
Әкімшілік жаза
      Жеке адамның,әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық қөзделген құқыққа қарсы,кінәлі іс әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс әрекеті не әрекетсіздігі- әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. 
      Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі мемлекеттік әкімшілік құқықтық нормалар реттейтін қатынастар саласы болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болады.
        Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілерінің “әрекет” және “әрекетсіздік” қосылып “іс-қимыл” деген құқықтық ұғымды құрайды. Іс-қимыл құқыққа сәйкес және теріс қылық болып екіге бөлінеді.
       Әкімшілік әрекет – міндеттер мен заң талаптарын орындамау,бұзумен тікелей байланысты,құқық бұзушының мінез-құлығының белсенді түр пішіні.
       Міндеттер мен заңды талаптарды орындаумен тікелей байланысты құқық бұзушының мінез-құлығының бәсең түр пішіні әкімшілік әрекетсіздік деп аталады. 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!