Әкенің қолынан келеді – Сценарилер – Bilim

0
74

Әкенің қолынан келеді

Ақтөбе облысы

Мәртөк ауданы

Қаратоғай орта мектебінің

мектеп психологі

Баянгүл Сүндетуллақызы Амангельдиева

Сайыстың мақсаты: Ата-ананы, әкелерді мектептегі қоғамдық іс-шараларға қаластыру арқылы отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты күшейту.

Жүргізуші:

Тыңданыздар! Тыңданыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

«Әкелер» тойы басталды.

Қызықтан тыс қалманыздар!

Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді: сендерді спорт алаңына алып барады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады.

 – Бұл кім? (әке)

 – Дұрыс. Ал әке не істей алады? (ағаш жарады, футбол ойнайды, т.б.).

 –  Ал сендердің әкелерің қандай? (күшті, батыл, мықты,…)

Жүргізуші: Олай болса қадірменді қонақтар, әкелер, ұстаздар, оқушылар!

 «Әкенің қолынан келеді» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Әкелердің қадамдары құтты болып, мәртебесі биік болсын, мәре төрінен көріне берулеріне тілектестік білдіре отырып,ортаға әкелерді шақырайық.

Әкелер фигуралар таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.

Сайысымызды бастамас бұрын ережерімен танысып алайық. Барлығы 6 кезеңнен тұрады.

1-ші кезең. Таныстыру. Әкелер оз топтарын таныстырады.

2-ші кезең Гір көтеру жарысы.

3-ші кезең «Үлгілі әке» тақырыбында коллаж жасау

4-ші кезең «Армрестлинг». Бұл сайыста әкелер қол күрестіреді. Әрбір жеңіс 1 ұпаймен бағаланады. Егер қатысушы барлық әкелерді жеңсе, онда ол жоғары ұпайды жинайды.

5-ші кезең Сетуациялық сұрақтар.

6-шы кезең «Маған таныс үн». Бір сәтке балаларымыздың қарайтын мультфилмдерін еске түсірейік, үзінді әндердің қай мультфильм әндері екенін табуыңыз керек.

«Қай істе де өнер қолдан, өнерлі адам жеңер болған»- демекші өнерлі де батыл әкелердің сайысын бастаймыз !

Бүгінгі кештің әділ де сыншыл әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар :

Қорытынды: Жеңімпазды анықтау.

Марапаттау.

Қоштасу. Осымен бүгінгі «Әкенің қолынан келеді»атты сайысымыз аяқталды, жеңістеріңіз құтты болсын әкелер! Осындай қарбалас шаруасы көп күннің арасынан уақыт тауып келгендеріңізге көптен көп рахмет. Келесі жүздескенше қош сау болыңыздар.