Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген тон пішер балабақшадағы ашық сабақтар

0

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы
№8 «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиешісі
Мектепова Жазира
Тақырыбы: «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген тон пішер»
Мақсаты:   ата – бабамыздан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие 
                   туралы түсінік беру. Жанұя  арасындағы  байланыс, әкенің  ұлға, шешенің
                   қызға тәрбиесінің ықпалын айтып, балаларды бірін – бірі сыйлай білуге,
                   қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Түрі: отбасылық сайыс
Көрнекілігі: қанатты сөздер, мазмұнды суреттер, асық, сандық т.б
І. Кіріспе
    Құрметті ұстаздар, ата – аналар, қонақтар. Бүгінгі «Балапан» тобы ата – аналарының «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» атты отбасылық сайысына қош келдіңіздер!
    Атам қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй — базар» дейді. Өйткені, бала- өмірдің  жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиегі тікелей байланысты.
    Отаға бүгінгі сайысымыздың құрметті қонақтарын шақырамыз.
«Балдырған» отбасылық топ
«Бәйшешек» отбасылық топ
«Раушан» отбасылық топ

Әр жанұя иесі сайыста бағын сынамақ
Салт дәстүрді  меңгеріп, сайыс тобын құрамақ
Әділқазы алқасы, өнерлерін көріңіз
Үлкен сенім іздерге, әділ үкім беріңіз- деп,
бүгінгі сайысты әділ бағалайтын, қазылар алқасымен танысайық
Балабақша әдіскері: Г. Исаева
Психолог: Б. Әбілқасымов
Тәрбиеші: С. Елеусінова

Әкелеріміз мына сандық ішінен асық алу арқылы реттік сандарын алады.
Байқаудың шарттарымен таныс болаңыздар

Байқау 6 бөлімнен тұрады.
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» 
        ( әр топ өзін таныстырады)
«Ата мұраң – асыл қазының»
             ( мақал – мәтелдің жалғасын табу)
«Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер»
                                 (шеберлік сайысы)
          (Әкелер қамшы өріп, аналар ою ояды)
«Халық тәлімі – тәрбие бастауы»
            (сұрақтарға жауап беру)
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
               (әр отбасы өз өнерлерін көрсету)
«Сән үлгісі»
   (әр отбасы балалары сән үлгісін көрсетеді)
Аяқтау

Құрметті ата – аналар сайысымызды бастамас бұрын тілек  ағашына жылы  жүректен  шыққан тілектерімізді жапырақтарға жазып, ағашқа ілейік.
Кері кету есігін біз ашпайық,
Отбасында біз ұранды тастайық
Ең бірінші кезегіміз – танысу
Ал, кәнекей, сайысымызды бастайық
І кезең.  «Жеті атасын білген ер,
                 Жеті  жұрттың қамын жер»
Әр отбасы өзін – өзі таныстырады

ІІ кезең.  «Ата мұраң – асыл қазынаң»
   Әр отбасы тақтада  ілулі тұрған шарды жару арқылы, ішіндегі мақал – мәтелдің жалғасын табу.

Ойын: Аналар өздерінің балаларын  көздерін жұмып, сипау арқылы тауып беру

ІІІ кезең. «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер»

Асқар таудың шыңдарына өрлер кім,
Аттанайық қиясына белдердің
Оу, халайық, көрейік біз ендеше,
Үлгі берер әкелер мен шешелердің сайысын

(Әкелер қамшы өріп, аналар ою ояды)
Әр отбасының өздерінің қол өнерлерінің көрсетіп, таныстырады.

ІV кезең  «Халық тәлімі – тәрбие бастауы»
                               (сұрақтарға жауап беру)
Әдет – ғұрып, салт – дәстүрді қазақтың
Жарасымды,ұнасымды ғажап шық
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап  жаңартудан қашпайық!

           Әкелер асық иіріп, аналар сұрақтарға жауап береді.

       V кезең   «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда »
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге  түсіп жарыспай
Ер өнері білінбес
Қоян қолтық алыспай

Әр отбасы өз өнерлерін ортаға салады.
Ойын: «Кім жылдам?»
Әкелер картоптың қабығын үзбей аршып беру.

      
                VІ кезең   «Сән үлгісі»
Жарайсыңдар барлығың да өренім,
Асты бір төселсінші кемелің
Ырза болып, біздер қане көрелік
Тамашалап  бөбектердің  сән үлгісін

Аналар балаларына арнап тіктірген киім үлгілерін кигізіп сән үлгісін көрсетеді.

Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықтым бүгін шыңдарына
Отбасы сайысы аяқталды
Сөз кезегі  әділқазы алқасында –
деп,  қорытынды сөзді әділқазыларға береміз

Әділқазылар қорытындысын шығарып, жеңімпаздар  «Алғыс хатпен» марапатталды. 

Аяқтау
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ
Үйрендік білмегенді осы жерден
Тағы да үйренерміз аман болсақ

Жеңістеріңіз құтты болсын! Сау – саламатта болыңыздар! Алтын уақыттарыңызды қиып, қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!