Айтуға оңай… — Сценарилер — Bilim

0

Айтуға оңай…

Қызылорда облысы, Арал қаласы

№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты

Тәрбиешісі: Бекбосынова Күлмарам Әбілдақызы

Айтуға оңай…

Мақсаты:

1. Ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын қалыптастыру.

2. Ата-аналарға баланы тәрбиелеудегі қоғамға сай рухани дамыту жолдарын түсіндіру.

3. Ата-анарға қоғам алдындағы міндетін түсіндіру.

4. Жеке тұлғаны дамытудағы ортақ ықпалдық жолдарын талқылау.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, слайд, карточкалар т.б

Ұраны: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе».

 

Барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Ата-аналарды екі топқа бөліп отырғызу.

б) Бағдарламаның тақырыбын, мақсатын, мазмұнын түсіндіру.

ІІ. Кіріспе.

Қазіргі кезде бәсекеге қабілетті заман талабына сай, жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиелеу басты мақсат болып отыр. Баланы дұрыс тәрбиелеп, алға жетелеу ата-ана мен ұстаздың міндеті. Екеуінің де де тәрбиесі бір бағытта жүретін болса, бірлескен одақтың нәтижесі болмақ. Дегенмен, бала ең алғаш дүниеге келгеннен соң тәрбиені отбасынан алады. «Балапан қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата-ана немесе әке де қыран болу керек» деген дана халқымыз отбасылық тәжерибесінен. Отбасы адамзат бесігін тербететін ұя. «Тағдыр таразысының қалай ауатыны, бесіктің қалай тербелетініне байланысты» дейді поляк ақыны С.Ежи Лец. «Баланы тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжерибесі жеткіліксіз. Басқа да адамдардың тәжірибесімен танысу керек», дейді М.Жұмабаев. Сондықтан бала тәрбиесіне мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы керек. Міне, сол себепті бүгін, біз «Айтуға оңай…» тақырыбында ой бөліскенді жөн көріп отырмыз.

 

ІІІ. Негізгі бөлім.

1 сл «Бізден сауал, сізден ой» бөлімі.

І-топ

Баланы еңбекке неше жастан бастап және қалай үйретеміз?

ІІ-топ

Баланың жақсы адам болып өсуіне не кедергі жасайды? Қиындықтың пайда болу себептері неде?

Өлең: Ата-ананың арманы. Кенжебаева А

2 сл. Н.Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады».

Ежелгі қытай ілімінің атасы саналған Конфуций:

Егер сенің құштарлығың таза, жүрегің ашық,шыншыл болса өзіңді түзете аласың. Егер өзіңді түзете алсаң, жақсы адам болып қалыптассаң – отбасында  тәрбие болады. Отбасында тәрбие болса – елің көркейеді. Елің көркейсе, онда әлемде бейбітшілік пен келісім орнайды – деген. Ұлы қытай ойшылы о заманда-ақ, елінің болашағын отбасынан бастау алатынын айтып кеткен екен.

3 сл. Отбасылық тәрбиенің басты міндеттері.

— Баланың денсаулығына қамқорлық.

— Оқуына көмек көрсету, жетекшілік.

— Еңбек тәрбиесі, мамандық таңдауға көмек.

— Жеке тұлғаны әлеуметтендіруге көмек.

— Адамгершілікке тәрбиелеу.

— Ақыл-ойына және жалпы мәдени дамуына ықпал.

— Өзін-өзі тәрбиелеуге, болашақтағы отбасылық өмірге тәрбиелеу.

 

Жүсіп Баласағұн өлеңі. Тоқтамысова Ш

Ұлы Абай: «Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік» дегендей әрбір ата-ана баласының күйігін көрмей, қызығын көрсек деп армандайды.

4 сл  Ситуациялық жағдаят 

І-топ



Жағдаят

Баланың бастан


кешкен сезімі

Сіздің іс-әрекетіңіз?

Бір нәрсеге ашулы 13 жасар ұлы мектептен келе сала : «Құрысын мектеп! Мұғалімдердің бәрі әділетсіз!» деп күйіп піседі.

Баланың мектепке өкпесі зор. Ол шешесі тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп, жағдайын сұрар деп ойлайды.

Кез-келген шешімді қабылдауға асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайлы қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.

 

 ІІ-топ



Жағдаят

Баланың бастан


кешкен сезімі

Сіздің іс-әрекетіңіз?

7 сыныпта оқитын қызы: «Математикадан болатын бақылау жұмысынан қорқамын» — дейді.

Бала өзіне сенімсіз, ата-анасынан қолдау күтеді. Ата-аналар тарапынан «Сен мүлде дайындалмайсың, сондықтан еңбегіне қарай аласың!» немесе «Бүгін шаршап тұрмын» деген жауаптар болмағаны жақсы, бұндай жауаптардан немқұрайлықты, салғырттықты сезеді.

Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Мұнан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады.

 

5 сл Баламен сөйлесудің қарапайым ережелері

— Баламен әр уақытта пікірлесіп отыру

— Баланы жауаптың астына алмай ынтамен тыңдау

— Баланы мазаландырған мәселелерді досыңдай отырып тыңдау, әңгімелесу, өз ойыңды айту, жол сілтеу.

— Балаңа сенім артыңыз, қолыңнан келеді деп көтермелеңіз.

— Үнемі баланың көңіл-күйін сұрап отыру.

6 сл Тапсырма

Екі топқа ата-аналардың баламен қарым-қатынасында баланың үмітіне балта шабатын, кіналайтын сөздер беріледі. Осы сөздердң олардың өз күшіне сенім тудыратындай, жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек.

  1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің. («сенің де қолың өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» – деп, үміт артуы керек
  2. Неге сен басқа балалардай емессің? («Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқың бар, сенің де қолыңнан келеді»- деп, сенім артуы керек.
  3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.(«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр» -деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.
  4. Тағы осылай істесең менен таяқ жейтін боласың. («Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама»).

5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады. ( «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек».)

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.

7 сл  «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

— Егер баланы үнемі сынап отырса, … (оның оқуға құлқы болмайды).

— Егер балаға үнемі күлсе,…( ол бұйығы болып кетеді).

— Егер баланы үнемі мақтап отырса, … (ол өз қадірі үшін оқиды).

— Егер бала төзімділікте өссе, … ( ол басқаларды түсінуге тырысады).

— Егер бала адалдықта өссе, …( ол адал болып жетеді)

— Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, …(ол адамдарға сеніммен қарайды).

— Егер бала кекшілдікте өссе, …(ол қатыгез болып өседі)

— Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, …(ол әлемнен махаббат табуды үйренеді).

8 сл Шығармашылық жұмыс: «Қол көмек»

Нұсқау: Ақ параққа оң қолыңызбен  басып саласыз. Содан кейін “балаңызға қандай  көмек бере аласыз?» деген сауалға жауап жазамыз.

9 сл Ой – түйін: «Сиқырлы жүрек».

Нұсқау: Бала тәрбиесі жүрек жылуын  алдағы  жүрек  қағаздарға жазылу ұсынылады жақсы сөздер арқылы мейірімді жүрекке айналуы қажет.

10 сл  Қорытынды. Бүгінгі «Айтуға оңай…» тақырып қорытындысы бойынша бала тәрбиесінің онша оңай емес екенін байқап отырған боларсыздар. Тәрбиенің сан – қырлы әдіс тәсілдері жөнінде хабардар болдыңыздар. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз  сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, ата – аналармен қоштасамыз.