Айналатын дененің тепе теңдік шарты слайд,презентация

0

Айналатын дененің тепе теңдік шарты слайд,презентация

 

Айналатын дене

 

Оқыту мақсаты: тепе-теңдік жағдайда тұрған дене үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау; күш моментінің формуласын қолдана отырып есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Күш моментіне анықтама беру, айналатын деннің тепе-теңдік шартын түсіндіру; иінді таразылардың қолданылуы
Сабақтың тілдік мақсаты: күш иіні-shoulder strength, күш моменті-moment of force, тірек нүктесі-fulcrum, моменттер ережесі-Prahl moments, иінді таразылар-scales, рычаг-lever, блок-block, айналатын денелердің тепе-теңдік шарты-condition of equilibrium of a rotating body
Өткен сабақ материалдары: жай механизмдер, иіндік,блок, көлбеу жазықтық, механиканың алтын ережесі
 Иіндіктің айналу осі өтетін О нүктесін тіреу нүктесі деп атайды. Тіреу нүктесінен иіндікке әрекет ететін күш орналасқан түзуге жүргізілген АО немесе ВО перпендикулярдың ұзындығын күш иіні деп атайды.
Мұндағы: М-күш моменті, F-күш, d-күш иіні.
Күш моментінің бірлігі үшін иіні 1 метрге тең 1ньютон күштің моменті алынады. Ол ньютон*метр=1H*1м
Сонымен моменттер ережесі деп аталатын мынадай тәжірбиелік қорытынды туындайды: айналатын дененің тепе-теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күш моменттерінің қосындысына тең болуы керек. 
Екінші сөзбен айтсақ: біліктің сол жағындағы күштердің күш моменттерінің қосындысы біліктің оң жағындағы күштердің күш моменттерінің қосындысына тең болса, айналатын дене тепе-теңдікте тұрады.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!