аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт, Шәмші Қалдаяқов

0

Ән көгінің сұңқары — Шәмші
Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценарииі.
1 – жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Саған шөлдеп, айызым тамсанады.
Өкініш пе білмеймін, қуаныш па?
Өз — өзімнен жүрегім ән салады.
Әнсіз өмір — өмір ме, қаңсымай ма?
Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма,
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын
Шәміл – ау, Шәмші қайда? Шәмші қайда?
Шәмшіге айт, тағы да бір таңдандырсын,
Жындандырсын жүректі, жандандырсын.
Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын.
— Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын.

2 – жүргізуші: Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, өзі елеусіз де аянышты тірлік кешкен қайран Шәмші!

1 – жүргізуші: Бірақ біз — ән сүйер қауым, оның өмірі дәл осылай бақытсыздау өткенін білмедік, ән әлемінің падишасы атанған талант иесі социалистік жүйенің елеусіз құрбанына айналды. «Ештен кеш жақсы» демекші, егеменіміздің арқасында бүгінде «Вальс королі» атанып отырған бір – ақ адам. Ол – Қалдаяқов Шәмші! Ендеше, сол Шәмшіге арналған «Ән көгінің сұңқары – Шәмші» атты кешін бастауға рұқсат етіңіздер.

2 – жүргізуші:
Кім білсін, қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін, қай күні сен қырқарынды.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Жоғалтпасам болғаны ұрпағымды, — деп
Мұқағали ақын жырлаған ұрпақтары мына сіздер мен біздер. Мұқағалидің ұрпағы Шәмшінің ұрпағы емес пе? Осылар тұрғанда ұлы адамдардың аттары еш уақытта өшпек емес. Келесі кезекті жас ұрпақтарына берейік.
Ән «Ақ бантик» орындайтындар Толғанай,, Гүлден, Мұратова Әйгерім қабыл алыңыздар

1 – жүргізуші:
Адам жылап туады,
Жатады оны жұбатып.
Және жылап өтеді,
Өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап,
Жамандар бар қинайтын.
Жылайтыны өлгенде,
Жақсылар бар қимайтын.
Осылай деген уа, Қадыр аға неткен ерсің!
Қазақ халқының біртуар перзенті, вальс падишасы атанған Шәмші Қалдаяқов.

2 – жүргізуші: Дегенмен, ұлы дарын өмірден өткенімен, көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын, ата-мекені әлдилеп жүр. Оған дәлел қыстың құлазытар қара суығында жылытатын Шәмші әуендері болмақ.
Шәмші Қалдаяқовтың өмірі туралы 6 «а» класс оқушысы Сапарова Айсұлу баяндап береді.
Бейнебаян «Шәмшінің өмірі»

1 – жүргізуші:
Табады асыл сөзді ер данасы,
Шығады білімдіден сөз сарасы.
Салшы бір әсем әнге шарықтатып,
Тыңдасын мына халық шабыттанып.
Сахнаға Қуаныш Айдананы ортаға шақырайық. Айдананың орындауында Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән
«Бақыт құшағында» қабыл алыңыздар.
Көрініс:
Қалқожа Жолдықпаев – Багдаулет 5 «а» кл
Шәмші Қалдаяқов – Мустафин Марат
Қасындағы жігіттер – Нурдаулет, Темирлан, Нурбек

2 – жүргізуші: Бір күні Шәмшіге бір қара торы, дембелше жігіт жолықты да «Мен Қалқожа Жолдықпаевпын» деді
— Е, болсаң бол. Оны маған несін, айтып отырсын?
— Екеуміз де Арыстың бойында туыппыз. Бір өзеннің суын ішіппіз. Артымда Арыс тұрғанда алдымда сескенбеймін. Осы өзеннің жағасында мен өзімнің ең сұлу нақ сүйерімді тауыппын. Шәмші деген атыңыз бар, қалайша осы өзеннің бойында бір сұлу жолықпады сізге?
— Неге олай дейсің? Ондай сұлу менің қиялымда осы Арыстың бойында туды.
— Олай болса, әндеріңізде неге Арыс жоқ? Айналайын ерке өзеннің аруларын неге ән етпедіңіз? Оларды әлде жақтырмайсыз ба?
— Әй, бала, сен қалай – қалай сөйлейсің? Мен кімді ән қылам, кімді…. онда шаруаң бар?
— Шаруам бар! Өскен жеріңіздің сұлуларын неге жырламайсыз? Мен Қалқожа, соны айтуға келдім – деді де тайып тұрды.
— Өй, әлгі ит не деп кетті? – деді Қасымдағылар.
— Ол менің нағыз ауру жерімді түртіп кетті, — дедім мен. Шәмшінің
«Арыс жағасында» әннің жазылуына әлгі жігіт себеп болды. Оның көз алдындағы небір аруларды келтіріпті.
Ән «Арыс жағасында» орындайтын Нурбек және Толганай. Қабыл алыңыздар.
Ән көгінің сұңқары — Шәмші. Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценарииі. жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!