Аяқ көктамырларының хирургиялық анатомиясы | туралы қазақша

0

Аяқ көктамырлар (веналар) жүйесі жақсы жетіліп, дамыған және көп вариантты болып тарамдалған, үлкенді-кішілі көктамыр торларынан құралады. Олардың бір-бірінен ерекшеленген негізгі екі жүйесін ажыратуға болады.  Біріншісі-беткей, немесе тері астында орналасқан және екіншісі терең орналасқан көктамыр жүйелері. Осылармен қатар, оларды бір-бірімен жалғастыратын және үшінші жүйе болып есептелетін, коммуниканттық, немесе перфоранттық көктамырлар болады. Олар, қалыпты жағдайда, веноздық қанды бір бағытта ғана, яғни тері астында орналасқан тамырлардан терең тамырларға қарай жіберіп тұрады.

Терең орналасқан көктамырлар жүйесі аяқ ұшы мен балтыр көктамырларының қосылуынан пайда болатын тізе асты көктамырын (v. poplitea) құрайды. Тізе асты көктамыры сан көктамырына (v.femoralis) айналады. Ал сан көктамыры шап маңайындағы пупарт байламасының астынан өткен соң сыртқы мықын көктамыры деп аталады. Ал ол, өз кезегінде, ішкі мықын көктамырымен қосылып жалпы мықын көктамырын құрайды. Оң және сол жақ жалпы көктамырларыньщ бір-бірімен қосылған жерінен төменгі қуыс көктамыры (v. cava inferior) басталады.

Беткей орналасқан, немесе теріасты көктамырларының (веналарының) екі түрін ажыратады. Біріншісі үлкен (v. safena magna), ал екіншісі кіші (v. safena parva) беткей көктамырлары. Үлкен көктамыр адам организміндегі тері астында орналасатын тамырлардың ең ұзыны болып табылады. Оның ұзындығы 78-84 см тең. Ол аяқ ұшының шеткі медиальді көктамырынан басталып, балтырды бойлай отыра санға өтеді де, оның жоғарғы жағында санның кең фасциясының орақ тәрізді шетіне жетеді және сол жерде орналасқан овалды шұңқыр аймағында сан көктамырмен қосылады.

Кіші көктамыр аяқ ұшының латеральді шеткі көктамырьшан басталып, әуелі ахилл шандырының латеральді жағыңда орналасады. Одан соң оның артқы жағына өтіп жоғары қарай өрлейді де, тізе асты көктамырына барып жалғасады.

Терең және беткей орналасқан көктамырлармен қатар, жоғарыда көрсетілгендей, үшінші көктамырлық жүйе бар. Ол осы атаман беткей және терең орналасқан көктамыр жүйелерін бір бірімен жалғастырушы немесе коммуникантты (перфорантгы) көктамыр жүйесі. Көктамырлардың негізгі қызметі шеткейлі аймақтардағы (аяқтан) қанды жинап, оны орталыққа, яғни жүрекке жеткізу болып табылады. Қанның аталмыш аймақтардан орталыққа қарай, яғни төменнен жоғары қарай жылжуына белгілі факторлер әсер етеді. Ол қандай факторлер (күштер)? Соларға қысқаша тоқтала өтейік. Адам организмінде, қалыпты жағдайда, көктамырлармен қанды шеткей (пе-рифириялық) аймақтардан орталыққа қарай жылжытатын бірнеше факторлер бар. Олар:

  1. Көктамыр қақпақшалары (клапандары). Қызметтері бұзылмаған көктамыр қақпақшалары қан ағымын тек бір бағытта ғана (шет аймақтан орталыққа қарай) ағуын қамтамасыз етеді.
  2. Бұлшык еттердің, атап айтқанда аяқ бұлшық еттерінің жиырылуы. Бұл қасиет арқасында аяқ көктамырлары қысылып, қанды жылжытып отырады.
  3. Көк еттің тыныс алу құбылысындағы қозғалыстары және іш қуысындағы қысымның, бұлшық еттердің жиырылу қасиеттеріне байланысты, өзгеріп тұру факторы.
  4. Артериалдық қысым мен көктамырлар тонусы және жүректің қанды өзіне қарай тарту қасиеті.

#Аяқ #көктамырларының #хирургиялық #анатомиясы