Аялайық ананы балабақшадағы тәрбие сағаты

0

                                                                 Аялайық ананы!
Мақсаты: Оқушылардың бойына ананы сыйлауды,құрметтеуді қалыптастыру,үлкенге қызмет көрсетуге тәрбиелеу.
Балаларды жол сияқты тұрғызып, әнді қосып, аналарды кіргіземіз. Балалар аналарына гүл сыйлайды. 
Тәрбиеші: Ана десем алғыс алам халқымнан
                   Ана десем теңіз болам шалқыған
                   Ана десем ашылады қабағым
                   Ана десем әділетті ұғамын  дей отыра құрметті асыл аналар, ұстаздар қадірлі қонақтар! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы борышысындай аналар мекрекесі келеді. Бәйшешек нәзіктігісіне қарамастан қалың қардың астынан бүршік жарады. Халықаралық аналар мерекесі құтты болсын. Отбасыларыңызға құт  береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз. «Аялайық ананы» атты ертеңгілік кешімізді бастайық.
Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бұл кім?
Балалар хорман: АНА, АНА, АНА.
Әрине , бұл біздің аналарымыз. Аналардың қоғам өмірінде алатын орны бөлек. Ана перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы аналарымызға арналған бүлдіршіндеріміздің өлеңдеріне кезек берейік.
Амина Жансулу Тамерлан Азат Тамерлан
Амина
Жыл басы Наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Аналар бойы береке
Тіршілік жаңа оянды
Азат
Жылылықтан жаралған
Құшағы оның таң мекен
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен?
Жансулу
Мәпелейсін мені анам
Қолындағы құсындай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағында қысылмай
Тамерлан
Құтты болсын осы шаттық күніміз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

Тамерлан
Ана біздің гүліміз
Ана біздің күніміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Тәрбиеші: Болса да өзге жүрек, 
                        Адамға адам – тірек. 
                        Сіздерге айтар мынау, 
                        Мерекелік тілек:
Ән: «Нұрын төкке маған»
Нұрсұтан Дархан Еркемай Олжас Рахат
Нұрсұтан
Еркелесең күлімдейтін
Ұрысқаның білінбейтін 
Маңдайымнан иіскеп мені
Құлыншағым, күнім дейтін
Дархан
Құшағыңа кіргенде
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де
Еркемай
Құтты болсын ардақты ана
Асыл ана мерекең
Құтты болсын теңдігің
Қуанышты мерекең
Олжас
Жақсы көрем күлкіңді 
Айналайын ақ мама
Менің мамам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам
           Рахат
Айналайын анашым
Көкте гүл боп жанарсың
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аларсын
Тәрбиеші: Жалығуды білмейміз
                   Жабығуды білмейміз
                   Жауқазындай көзді тартып
                   Жайраң қағып билейміз
Ән: Қуыршақ
Дина Диас Біржан Венера 
Дина
Қадірлі аналар көңілді
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толы өмірі
Шаттыққа  шаттық ұлассын
Диас
Жер бетінің ғұрымы
Күн нұрымен арайлы
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды
Біржан
Дүниеде ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды бағады
Сол үшінде құдіретіне бас иіп
Құрметтейік қасиетті ананы

Тәрбиеші:Бүгін біздерді құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп халқымыз текке айтпаған, балаларымыздың әжелеріне арналған өлеңдеріне кезек берсек.
Ән: Әже
Дамир Есмира Таир 
Дамир 
Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті анам бар ма екен.
Есмира 
Аналарды сүйеміз 
Сөзін оған түйеміз 
Әрқашан біз ардақтап 
Әжеге бас иеміз
Таир
Әлдилеген анамның
Аясында шалқыдым
Ұғып тыңдап аламын
Бақыт тілін, бал тілін
Тәрбиеші:  Анаң болса қасында
                     Басқа бақыт не керек 
                     Аналардың жүрегі 
          Мейірімді ғой керемет.
Ұлдар қыздарды құттықтайды.
тіліек айту.
Би: Ұлардың орындауында.
Қорытынды: Сіздерді тағы да  8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз. Осымен біздің бүлдіршіндерімізбен дайындаған шағын ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!
Енді кезекті ата аналарға беріледі.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!