Аялаған анашым — Сценарилер — Bilim
Аялаған анашым
Мақтарал ауданы
«№121 жалпы орта мектебі» КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Биказиева Жанар
1-жүргізуші Еламан: Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, аяулы қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойлайтын 8-наурыз — халықаралық әйел қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
2-жүргізуші Жайсан: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!
1-жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махабатты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейріміне жетпейді.
2-жүргізуші: Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың.
1-жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзіз жан ол — анамыз.
2-жүргізуші: Бүгін 6 «Ә» сынып оқушыларының 8-наурыз — аналар мерекесіне арналған «Аялаған анашым» атты мерекелік кешімізді, ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін!
Хор «Ана туралы жыр»
1-жүргізуші: «Әлемде үш-ақ зат бар. Ол — ананың ақ сүті, күннің нұры,сәбиді күлкісі»- дейді даналар. Аналар туралы ақын жазушыларымыз не дейді.
6 «Ә»сынып оқушыларының мәнерлеп оқуы.
2-жүргізуші:
Ару – ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр жырланады,
Сіздер үшін мереке шашулары-дей келе,
ортамызға Батырбеков Диастың «Ана-әке» әнін қабыл алыңыз.
1-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.
Иықтан шашың төгіліп жерге,
Күмісті шашпау жарасып белге, -дегендей келесі кезек бишілерде.
1-жүргізуші: Бүгінгі мейрамға көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың өз аналарына арнап жазған жүрек жарды тілектерін тыңдасаңыздар.
Тоқтар Руслан, Уринбеков Бекзат.
2-жүргізуші:
Халқымның әні қандай жыры қандай,
Шешеннің нәрі тамған тілі балдай.
Шымырлап өн бойыңа тарайтұғын,
Ал күйі нәзік жанды балқытқандай- дей келе, Бекзат ұлдарыңыздың орындауында ———————————-
2- жүргізуші:
Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Жігіттер биін көріңіздер,
Өнеріне баға беріңіздер.
Жігіттер биін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Өзіңсің сүйікті ана құдіретім,
Жанымды жадыратып күлдіретін.
Сендегі маған деген махаббатты,
Нұр толы қос жанарың білдіретін.
Бар ана туған елдің гүлі дер ем,
Анажан қайғың болсаң күңіренем.
Таусылмас тау суындай ақылың бар,
Сен барда менің әрбір күнім өлең.
Көрініс «Соқыр ана»
2-жүргізуші: «Отбасы — шағын мемлекет» — деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел — ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңгі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, әсем әнді қабыл алыңыздар. Ендігі кезекті.
Нұржан Дариғаның «Асыл ана» әнініне береміз. Қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Монолог «Ана»
2-жүргізуші: Жігітке жеті өнер де аз дегендей ұлдарымыздың флешмобқа билеген биін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Қыз өссе — елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші — 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, жігіттеріміздің қызларға өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Сағындым мамық қолыңды,
Күтемін сенің жолыңды.
Сен үшін, ана, өмірде,
Қиюға бармын жанымды.
Монолог «Жетім қыз»
1-жүргізуші: «Ананың — ойы балада, баланың ойы — дала да» — дей келе, құрметті бүгінгі қуаныш иелері аналарды ортаға шақырайық.
Ортамызға 4 анамыз келсе.
Ойнымыз үш турдан тұрады.
I тур. «Қызықты сұрақтар»
II тур. «Жылы сөз»
III тур. «Ыстық алақан»
2-жүргізуші:
Бойыңа бар сұлулық жиналғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келген ел алдында,
Биші қыз ғажап еді биің қандай! — деп қыздарымыздың орындауында «Испан» биін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Ана — барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы, қазақ әйелінің дастарханы тоқ, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?
Ән: Біздің ұстаз анамыз Биказиева Жанар апай мен Қарсыбаев Бақдаулеттің орындауында «Әке-ана» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің маған сыйға берген өмірде,
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз ,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
2- жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Аялаған анашым» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерг таяп алды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.