Ахмет Байтұрсынов, қырық мысал, маса жинақтары

0
399
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал»,«Маса» жинақтары
Сабақтың мақсаты:
білімділік – оқушыларға А. Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын айту, аудармаларына шолу, «Қырық мысал» мысалының идеясын ашу, әдеби – теориялық талдау жасау.
дамытушылық – сұрақ, тапсырма, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдылану, өз пікірін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдылану.
тәрбиелік – адамгершілікке, қарапайымдылыққа, өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге баулу.
Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Үй тапсырмасы
Кіріспе сөз: ( мұғалім сөзі)
Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмаңыз дұрыс па?
Оқымасаң, уайым қып,
Тығылмаңыз қуысқа.

Үй жұмысына Ахмет Байтұрсыновтың Ахмет Байтұрсынов туралы ізденіс жұмыстары да берілді.
1. Ахмет Байтұрсынов – қазақ әдебиетін зерттеуші.
2. Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілін зерттеуші.
3. Ахмет Байтұрсынов – ағартушы.
4. Ахмет Байтұрсынов – публицист.
Балалар, мен сендерге сандықша әкелдім. Бұл – жай сандықша емес, сыр сандықша. Мұнда әдеби – теориялық сұрақтар берілген. Сұрақтарға толықтай жауап берілген жағдайда ғана сандықшаның сыры да ашылмақ.
Сұрақтары:
1. Ассонанс деген не? Өлең жолдарының бірыңғай дауысты дыбыстардан басталуы.
2. Аллитерация деген не? Өлең жолдарының бірыңғай дауыссыз дыбыстардан басталуы.
3. Эпитет деген не? Заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.
4. Теңеу деген не? Заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей – ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді.
5. Метофора (ауыстыру) деген не?
Сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құтылысқа балау; сөйтіп суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдету, ісін күшейту.
6. Метонимия ( алмастыру) деген не? Өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану.
Енді сандықшаның сыры да ашылды.
Адамға тіл, құлақ қандай керек болса… білім де сондай керек.
Ахмет Байтұрсынов
ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Біліммен мықты қаруланған адам ғана кез келген қиындықтарды жеңіп шығады.
Білімдінің алды жарық,
Білімсіздің күні ғарып, – деген сөз осыдан шықса керек.
Ахмет Байтұрсынов – балаларды оқу – білімге шақырып, көп жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған ағартушы – педагог, қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, сөз құдіретін танытқан ақын, публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, өз еліне адал қызмет атқарған қоғам қайраткері. Сонымен қатар ол – аудармашы. 1901 – 1922 жж. Аудармамен айналысқан.

Крыловтан аударған сондай аудармаларының бірі – «Қырық мысал» шығармасы. Бұл шығарма мысал түрінде жазылған. Мысал дегеніміз не?
Мысал – эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта болады. Көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады. Идеясы астарсыз, ашық тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді.
Ал енді мысалды оқып талдайық.. Шығармада автордың айтпақ ойы – мақтанға салынбау. Шыбынның образы арқылы адамдардың бойындағы мақтаншақтық қасиеттерді сынайды. Енді үнтаспадан тыңдап көрейік.
Сұрақтар:
1. Мысалда қандай мінезді адамдар сыналады? 2. Өмірден қандай мысал келтіруге болады?
Концептуалдық кесте
Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал»,«Маса» жинақтары жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/