Ағылшынша мақал-мәтелдер аудармасымен
Ағылшын тілі қазақ тіліндей мақал-мәтелдерге өте бай тіл. Осы сабақта ағылшынша мақал-мәтелдер аудармасымен келтіріледі. Тек бірнешеуін ғана келтіреміз, бұлардың саны шексіз.
Silence is golden. Бұның тіке аудармасы — сөйлемеу алтың. Орынсыз сөйлеме, көп сөйлеу орынсыз дегенді білдіреді. Қазақ тілінде бұның баламалары, мысалы — Көп сөз, боқ сөз немесе Көп сөйлеген ауырмай өледі.
Tastes differ. Бұның тіке аудармасы — талғамдар әртүрлі. Әрбір адамның өз талғамы бар, және бұл жайында дауласу қажет емес дегенді білдіреді.
Байқасаныз ағылшынша мақал-мәтелдер қысқа болады. Бұл жайында мынандай мақал-мәтел бар:
Simply is best. Тіке аудармасы — қарапайым ең жақсы. Бұның мағынасы ықшам, қарапайым заттар ең жақсы болады дегенді білдіреді.
All roads lead to Rome. Барлық жолдар Римға барады дегенді білдіреді. Яғни барлық заттар мен құбылыстардың түп себебі бір дегенді білдіреді.
Time is the great healer. Бұның тіке аудармасы — уақыт ең жақсы емші дегенді білдіреді. Қазақша уақыт емші дегенге сай.
Time is money. Уақыт ақша дегенді білдіреді.
Tomorrow come never. «Ертең» ешқашан келмейді дегенді білдіреді.
To be born with a silver spoon in one’s mouth. Аузында күмістен жасалған қасықпен туылды дегенді білдіреді. Бай отбасынан шыққан дегенді білдіреді.
First think, then speak. Ойлан кейін сөйле дегенді білдіреді. Ойланып сөйле деген мағынада қолданылады.
Think today and speak tomorrow. Бүгін ойла ал ертең сөйле деп тіке аударылады. Көп ойлап сөйле деген мағынада қолданылады.
A good wife makes a good husband. Жақсы әйелдің күйеуі де жақсы.