Ағыбай батыр (Ақжолтай) слайд,презентация — Әдебиет
Ағыбай батыр (Ақжолтай) слайд,презентация
Елдің елдігі мен еркіндігі үшін «Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып», қаймана қазақты ұрыс даласына бастаған Ақжолтай батыр Ағыбай Қоңырбайұлы 1802-1885 жылдар аралығында өмір сүрген.
1914 жылы Қазан қаласында Есім төре иждиһатымен алаш көсемі Әлихан Бөкейханов Ағыбай батыр туралы «Қызыл Қайнар Тектұрмас» деген кітапты жарыққа шығарады.
Жас батырдың жаугершілік даңқының дәуірлеген кезі Абылай ханның отызыншы ұрпағы Қасымның және оның ерлігімен аты шыққан ұлдары Саржан, Есенкелді, Кенесарының жорықтары кезімен тұспа-тұс келеді.
1841 жылы Ұлытау тауының баурайында үш жүз тайпаларының өкілдері бас қосқан мәслихатта Кенесары қазақ халқының ханы болып сайланады. Содан кейінгі екі жылда Ағыбай батыр бастаған Кенесары ханның қол астындағы қазақ сарбаздары өзбек езгісіндегі бауырластарын азат ету жолында қоқандықтармен күресті.
Өмірінде жан емес бұғып көрген,
Ақыл, күшке, сенім мен үмітке ерген.
Батырға тән ежелгі әдетпенен
Түнде Ағыбай шолғынға шығып келген.
Ағыбай бас батыры хан Кененің,
Жорықта күш-қайратын, салды өнерін.
Қызғыштай қорғай білді кең даласын,
Кемедей қайрылып қалған елін.
Теңіздей ашық аспан мөлдірейді,
Болғанын ұзағынан ел тілейді.
Ағыбай батыр кеше арман еткен,
Тәуелсіз ел жалауы желбірейді.