Агрессивті балалармен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстар

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Агрессивті балалармен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстар

Бағыты: Психология Бөлімі: Конспект Сыныбы: 5 сынып

Адамның өзіндік агрессиялы күйлерін реттеп, бақылау жасау арқылы ол, көптеген жетістіктерге жетуі даусыз.
Балаларға неғүрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп. ойындар ұйымдастыру арқылы, олардың сеніміне кіріп, кері әсерден жеңілдетуге көп мүмкіншілік жасауға болады.

Агрессивті балалармен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстар
Соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп қабырғасындағы балаларда агрессивтілік мінез және әрекет бой көрсетіп келуде.
К.Лоренцтің тұжырымы бойынша: агрессияны жеңілдетіп, кейбір әрекеттерді бақылауға алуға болады дейді.
Адамның өзіндік агрессиялы күйлерін реттеп, бақылау жасау арқылы ол, көптеген жетістіктерге жетуі даусыз.
Балаларға неғүрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп. ойындар ұйымдастыру арқылы, олардың сеніміне кіріп, кері әсерден жеңілдетуге көп мүмкіншілік жасауға болады.
Ойындар мен психожаттығуларды балалармен бірлесе ойнай отырып, тек оның кері әсерден жеңілдеуіне көмектесіп қана қоймай, өзіне сенімділігін арттырып, танымдық сферасының дамуына көмектеседі, сондай ақ достык жылы қарым-қатынасты қалыптастырады.
Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу барысында, ата-аналарга және педагогтерге әрдәйім кеңес беріліп, бала бойында туындаған проблемалар бойынша оларды да. психокоррекциялык жұмыстарға катыстыру кажет. Бала тәрбиесіне қатысы бар ересектермен жеткілікті жұмыс жасағанда ғана біз өз еңбегіміздің нәтижесін көреміз.
Ұсынылып отырған әлеуметтік-эмоциялық күй-жағдайын дамытуға бағыттылған бағдарлама бойынша жүргізілетін психокоррекциялык жұмыс жеткіншек және одан жоғары жастағы балалармен, олардың ата-аналарымен, педагогтермен жүргізуге қолайлы. Жеткіншек жастағы балалардың негізгі қажеттілігі қарым-катынас болып табылады, сондықтан да бұл бағдарлама осы жастағы балалар үшін өте тиімді.
Лонгитюдтің зерттеу нәтижесінің көрсеткіші бойынша агрессивтілікті білдіруге мүмкіндік берілсе, бала кезіндегі агрессия біртіндеп жеткіншек жас кезеңінде антиәлеуметтік әрекетке ауысуы мүмкін.
Ұсынылып отырған бағдарлама қатысушылардың іс-қимылдарындағы және дамуындағы ауытқуларын түзетуге, өзінің ішкі кедергілері мен күйзелуін оңалтуға көмектеседі, сондай-ақ оның алдын алуға мол септігін тигізеді.

Бағдарламаның мақсаты:
Бала дамуындагы әлеуметтік-эмоциялық күй-жағдайдың жағымсыз тенденцияларын түзету, оңалту болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері:
— Баланың әр түрлі жағдайда өзін-өзі бақылап, ұстап, өзін дұрыс бағыттай білуге үйрету.
— Жақсы сөз — жарым ырыс мақаланың мағынасын калыптастыру.
— Өз бойындағы тұлғалык оң кұндылыктарын дамытуға үйрету.

сабақ
Мақсаты: Бір-біріне жылулық пен қайырымдылықты сыйлау; өзін жағымды қабылдай білу; ептілік, жылдамдықты, зейінділікті дамыту; тыныш сенімділік атмосферасын түзу.
Қажетті кұрал-жабдықтар: ұнтаспа, кассеталар.
І.жаттығу Қатынас.
Нұскау: барлығы дөңгелене отырып, көзін жұмып, қолдарын ұстасып, өз сезіміне зейін қояды.
Жүргізуші баяу үнмен: өз сезімдеріңізге зейін қойып, өз қолдарыңыздың жылулығын сезініңіздер (1,5 минут тыныштық). Көзімізді ашып әрқайсымыз өз сезімімізбен бөлісеміз.
2.жаттығу Өз атын қабылдауы.
Нұсқау: барлығы дөңгелене отырады. Жүргізуші әр қатысушы кезекпенен өз атын анық, ұзарта айтуын өтінеді. Атын айтқанда екпін түсетін әріпке көңіл бөлуін ұсынады. Екпін түскен әріпті атын ойша — иісімен, дәмімен және түсімен баламалап қабылдап айту қажет.
-Ой толғанысы-,
З.ойын Адам, үй, жер сілкінді.
Нұсқау: дөңгелене тұрады. Жүргізушінің белгісі бойынша: үй дегенде — екі-екеуден екі қолын көтеріп, түйістіріп шатырға ұқсап тура қалады. адам дегенде, үшеуден турады, екеуі шатыр, біреуі сол шатырдың астына барып тура қалады. жер сілкінді дегенде, барлығы жан-жаққа қаша жөнеледі. Жалғыз қалған қатысушы жүргізушінің ролінде болады.
4.жаттығу Өзендегі ағаш кесіндісі.
Нұсқау: қатысушылар бір-біріне қарап үзын екі қатарға тұрады — бұл жағалаулар. Қатысушылардың біреуі ағаш кесіндісінің ролінде болады. Ағаш кесіндісі көзін жұмып баяу қозғалады.
Ойынға қатысушылар (жағалаулар) қолдарымен нәзік жанасып ағаш кесіндісінің жылжуына көмектеседі. Ағаш кесіндісі соңына ағыспен ағып жеткеннен кейін, ол жағалауға айналады, ал келесі бастапқы ойыншы ағаш кесіндісі болады. Осылай ойын жалғаса береді.
5. Рефлексия — әрбір қатысушы өз сезімімен бөліседі.
сабак

Кіші топтардағы пікір — сайыс
Мақсаты: агрессия жайында ақпаратты бекіту. Өткізу техникасы: қатысушылар 4кіші топқа бөлініп, спикерді, таймерді, төрайым немесе төрағаны таңдайды.
— төрайым немесе терағаның міндеті: топтың тақырыптың аясынан шықпауын ми шабуылы ұхтанымын сақтауын қадағалау, әрбір қатысушыны қолдау;
— спикер міндеті: топтың көтерген жауаптары мен ұсыныстарын анық, қысқа және нұсқа етіп жеткізу;
— таймер міндеті: пікір-сайысқа кеткен уакытты қадағалау. Жүргізуші топқа ми шабуылы түсінігінің және оның ұстанымдарының мағанасын түсіндіреді:
— (уақытты үнемдеу үшін дайын материал беруге болады)
— берілген сұрақтың жауабтарының бәрі жазылып, тиімділері сурет немесе схема түрінде көпшілікке жеткізеді;
— ешқандай жауап терістелмейді;
— жүргізуші толықтырып отырады.
Қажетті кұрал-жабдықтар: 4 жайма қағаз, фломастерлер.
Нұсқау: біздің пікір-сайыс клубына келуіңізбен.
Жұмыс істеу үшін 4 кіші топқа бөлінулеріңізді ұсынамын. Топқа құру кезінде келесі бөлу техникасын қолданамыз: таңертең, күн, кеш, түн.
Талқылауға арналған тапсырмалар:
1-ші топқа тапсырма: Агрессияның табиги шығу көздері.
2-ші топка тапсырма: Агрессиялы әрекеттің түрлері.
3-ші топқа тапсырма: Агрессивтіліктен жеңілдету жолдары, бағыттары.
4-ші топқа тапсырма: Агрессивтіліктің алдын алу.
Бір-біріңізді зейін салып тыңдағандарыңызға рахмет!

сабак

Мақсаты: І.жағымды қарым-қатынас түзу;
2. ішкі кері әсерлерден жеңілдету, қиялын дамыту:
3. зейінін тұрақтау;
4. Мен бағасын көтеру (жақсы сөз жарым ырыс);
5. өзгеге сенімін арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: үнтаспа, кассета, ақ қағаздар, турлі-түсті қалам немесе фломастер.

1.жаттығу Күлкі.
Бір-бірімізге қарап әсемде, әдемі күлкімізді сыйлаймыз.

2.сурет Шимайлар
Нұсқау: жүргізуші өзімізге ұнайтын екі түсті таңдап алып, көзімізді жұмып, екі қолымызбен каракуле сызамыз. Сызып болғаннан кейін, сол бүйра сызықтардың ішінен бейне суреттер тауып, оны басқа түспен белгілеп анық етіп бөліп сызады.

З.ойын Аралас салат.
Нұсқау: Қатысушылар дөңгеленіп отырады, оларды топқа бөлеміз- банан, алма, өрік. Жүргізуші банан дегенде — банандар жылдам өзара орындарын ауыстырады, ал аралас салат дегенде барлығы орнын ауыстыруы қажет. Орын жетпей, таппай калған ойыншы жүргізуші болады.

4.0ЙЫН Көліктер.
Нұсқау: топ дөңгелене отырады, жеміс, жидек болып екі топқа бөлінеді. Жеміс көліктің ролінде — ал жидек көлік жуушы ролінде. Көлік жуушының көзін жұмып бес минуттың ішінде, көлігінің мақтауын келтіріп, жақсы сөздер айтып, жан-жағын жөндеп жуып, тазалап шығуы керек. Сосын жемістер мен жидектер орындарын ауыстырады.
-Пікір алмасу-

5. жаттығу Сенімділік.
Нұсқау: қатысушылардан бір адам, ортаға орындыққа шығып өз бойындагы жағымды қасиеттерін айтып, арқасымен құлайды, қалған қатысушылар жылы алақандарымен демеп қағып алуы қажет.

6. Рефлексия — салған суреттерін ортага кілем үстіне тастап, бір-бірімен ой бөліседі.

4 сабак
Мақсаты: І.өзара жылы қарым — қатынасты дамыту;
2. тұлғалық өсуін дамыту;
3. оқушылардың рефлексияға қаблеттілігін дамыту.
Қажетті кұрал — жабдықтар: үнтаспа, кассета, дайын бланкалар.

1. Жиылған амандасу.
Жүргізуші ойыншыларға тапсырма береді — осы жердегі бүкіл қатысушылардың қолын қысып амандасуды мүмкіндігінше көбірек жинау.
Соңына қарай жеңімпаз анықталады.
Талдау: Кім қанша жинады? Неге? Өзгелерге қарағанда көп жинаған адам, несімен өзгешеленеді?

2. Мен және өзгелер. Төменде жазылған сөздердің арасынан, өзіңізді жоғары бағалайтын сездеріңізді таңдаңыз. Бірінші орынға өте маңызды сөзді — ары қарай біртіндеп, осылай маңызына қарай койып кете бересіз.
Сөздер: еңбек, өнер. адам, табиғат, әрекет, нан, ақша, кітап, ойын-сауық, үй, киім. оқу, көмек, отбасы, демалыс, ереже.
1. Мен және————————————
2. Мен және————————————
3. Мен және————————————
4. Мен және————————————
5. Мен және————————————
6. Мен және————————————
7. Мен және————————————
8. Мен және————————————
9. Мен және————————————
10. Мен және————————————
Сіз үшін алғашқы таңдаған үшеуінің маңызды екенін түсіндіріңіз. Мысалы: Мен және үй, себебі үй де жылы, мені онда күтіп отыр және жақсы көреді.

3. Сен кімсің ?.
Окушылар аркасымен қарап қабырғаның қасында тұрады. Жүргізуші оқушыларга кезекпен допты лақтырады, допты лақтырып тұрып Сен кімсің? деген сұрақ қояды. Қағып алған оқушы, жылдам жауап беріп, алдыға бір қадам шығады. Мысалы: Мен-оқушымын, Мен-жеке тұлғамын т.о. Егер бала сұраққа жауап бере алмаса, онда өз орнында қалады. Ойын соңында өзгелерге қарағанда алдыға көп жылжыған ойыншы аныкталады.
4. Релаксация.

5 сабақ

Мақсаты: I. Өзгеге ұнамды жағдай жасай білуге үйрету.
2. Агрессиядан жеңілдеу.
3. Қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
Қажетті кұрал-жабдықтар: Үнтаспа, кассета, дайын суреттер, түрлі-түсті бояулар және қаламдар.

1. Сыйлық.
Әр ойыншыга 2 жолак қағаздан беріледі. Жолақ кағаздың әр қайсысына бір мінез көрінісін ( жағымды мінез көрінісін) жазу керек. Барлығы қағазды дөңгелектеп орап, каропкаға салады. Әр бір ойыншы біртіндеп кезекпен қағазды алып, бір-біріне сыйлайды. Сыйлықты алушы ашып окиды. егер ондаты мінез көрінісі өзіне ұқсаса, онда қалдырады. Ал егер ұксамаса өзгеге (ондагы мінез көрінісі кімге ұқсас болса) ұзатады. осылай ойын жалғасып кете береді.

2. Суретшілер конкурсы.
Жүргізуші алдын-ала ақ-қара түстен салынған қандайда бір агрессиялы кейіпкерлердің суреттерін дайындап қояды.Оқушыларга-мына суреттерге қайырымды түс енгізе алатын суретшілер болуын ұсынады.Оқушыларға дайын суреттер таратылады.олар оған мамык үлпілдеген жүндерін салып, басына ашық түсті бас киім кигізіп. оларды қайырымды етуге тырысады.
Соңында суретшілер конкурсы ұйымдастырылады- кімнін суретті өзгелерден қайырымдырақ салғаны анықталады.

3. Карусель.
Қатысушылар жұп-жұбымен дөңгелене бір-біріне қарап отырады.
Жүргізуші оқиға тапсырмалар береді, оііыншылар бұлжытпай орындауы қажет.

— Сіздердің алдарыңызда, сізге бейтаныс адам отыр. Онымен танысыңыздар, оның атын қалай оқитынын сұраңыздар?
— ойыншылар рөлін ауыстырады.
— Сізді автобуста қатты итеріп жіберді, бұрыла бере сіз кәрі әйелді көрдіңіз.Сіздің іс-әрекетіңіз?
-ойыншылар рөлін ауыстырады.

— Сіздің алдыңызда кішкене бала қорқыныштан міне жылайын деп тұр.Оны жұбатыңыз т.б.
-ойыншылар рөлін ауыстырады.

4. Үйге тапсырма: Неке қию хабарландыруын жазып келу. Өзі жайында мақтап жаза білу.

6 сабақ

(құрастырган — Кильдеева Г.Н.)
Мақсаты: 1. Өзін-өзі қалыптастырып, сараптай білу дағдысын меңгерту;
2. психологиялық кедергілерді жеңе білу;
3. Мен тұжырымын көтеру;
4. ішкі сезімдерін бағдарлай білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: ұнтаспа, кассета, қағазға жазылған тапсырмалар.

1. Бақыт медитациясы.
Жүргізуші қатысушылар көзін жұмып,өзін-өзі бақытты етіп елестету ұсынады. Оқушылар ойша, айналасына қай жерде, кімдермен бірге отырғанын жақсылап шолып өтеді.
Ойыншылар көзін ашып өзін қалай қабылдағанын, көргенін елестетіп, өзінің суретін салады.

2. Сиқырлы флейт әуені.
Ән — адамның рухани қалыптасуының айрылмас бір бөлігі. Үнтас-парақ кассетаны салып әуенін өте төмен қоямыз.
Көзімізді жұмып, әуенге құлақ саламыз, ынтықтыра, айналдыра әкеткен әуенге рахаттана отырып, сол ортадан өзіңізді іздеңіз. Өзіңізді әуенмен-бірге бүтіндей ажырамастай етіп сезіне біліңіз.
Әуеннің дыбысын көтеріп, оның ырғағымен жеңіл қимылдай отырып, өзімізді күнделікті күйбелеу тірлік, кедергілерден босатылып. жеңілденгендей сезінеміз.
Ішкі тебіреністердің қуанышты, рахат сезімін бүтіндей етіп жоғары көтерілген әуендегі өмір бейнесін сезініңіз. Әуеннің ырғағымен тыныс ала отырып, оны бақылай біліңіз.Әр әуен ырғағынан шипалы энергияны, салауатты өмірді бойыңызға сіңіретінізді жадыңызда тұтыңыз.

3. Неке қию хабарландыруы.
Жургізуші: Үй тапсырмасын қалай орындағандарыңызды көрейік.
Әр қатысушы өз нұсқасын ұсынады қалған қатысушылар сарапшы рөлінде өз түзетулерін, болмаса автор өзі жайында жағымды тұстарын ұмытып кеткен жерлерін енгізулеріне болады.

4. Маскасыз.
Барлығы дөңгелене отырады жүргізуші алдын ала қатысушыларға қағазга жазылған тапсырмалар дайындайды.
Әр қатысушы ұсынған тапсырманы дайындасын.Сол сәтте (сөйлемді жалғастыру) жауап беруі қажет.
Тапсырма: аяқталмаған сөйлемдер.
1. Маған ұнайды қол……
2. Әсіресе маған ұнайтыны мені қоршаған адамдар……
3. Мен сенемін, әлі де……
4. Кейбір кезде адамдар мені түсінбейді,себебі……
5. Мен мұның өте қиын екенін түсінемін, бірақ мен……
6. Маған өте ұнамды қай кезде мен……
7. Әсіресе мені түршіктіреді, менің……
8. Маған өте ұят, қай кезде мен …….
9. Кей кезде мен нағыз, шындап қалаймын,бұл…..,
10. Маған ұмыту өте қиын, бірақ мен……
11. Кей кезде өзімді ұстап байқаймын,өйткені……
12. Менің ойымша, маған ұнамды……

7 сабақ

Мақсаты: 1. есте сақтауды дамыту, зейінді тұрақтандыру;
2. өзара эмоциялық қолдау мен өзара жылы қарым-қатынасты түзу;
3. өзін бағалауын көтеру.
Қажетті кұрал-жабдықтар: ақ қағаз А4, түрлі-түсті қаламдар. фломастер, жәй қалам.

1. Танысу.
Қатысушылар дөңгелене отырады. Жүргізуші: әр қатысушы өзінің аты мен сүйікті мамандығын айтуды сұранады. Бірінші ойыншы допты алып кез-келген ойыншыға өзінің атын және сүйікті мамандығын айтып лактырады. допты қағып алган қатысушы да дәл солай әрі қарай жалғастыруы тиіс. Барлық қатысушы айтып шыққаннан кейін, әрбір ойыншы кезекпен кімнің аты мен сүйікті мамандығы есінде қалса, сол адамға айтып допты қайта лақтыруы қажет. Осылай ойын қайта жалғасады.
2. Ойыншықтар дүкені.
Ойыншылар жұп-жұп болып бөлінеді (алма,өрік). Алма тобы -ойыншықтар, ал өрік тобы — сатушылар. Сатып алушылар әр сатушыға кезекпен жақындайды, ал сатушылар өз ойыншықтарының мақтауын жеткізіп, жарнамалауы қажет. Әр сатушы өз ойыншығын мақтап ұсынады. Сатып алушылар ойыншыққа жақсылап қарап, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қояды. Соңында ойыншылар рөлін ауыстырады, ойын әрі қарай жалғаса береді.

3. Бармақтардағы бет пішіндер.
Жүргізуші: алдарыңызда ақ кағаз жатыр. Алақандарыңызды қағаз бетіне қойып жәй қаламмен шеттерін айналдыра сызып шығыңыздар. Бұл сіздің аптаңыз, бармақтан бастап: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма. Ойланып қараңыздаршы, әр күннің қандай мінезі, көңіл-күйі болады, соны ұйкастырып, әр бармаққа бет пішіндер салыңыз. Ал енді алақанға аптаның бет, жүзін салыңыздар — сіздің апта бойындағы эмоциялық күй-жағдайыңыз бен мінез-құлқыңыз. Өзіңізге ұнаған түспен бояңыз.
— Пікір алмасу —

8 сабақ

Мақсаты: І.өзара жылы қарым-қатынас түзу, тұтастай сезіну:
2. куаныш, тебіреніс сезімі, жағымды атмосфера түзу;
3. ашылып, өзін ортада жеңіл сезіну.
Қажетті құрал-жабдықтар: бір ұршық жіп, ұнтаспа, кассета.

1. Байланыстырғыш жіп
Қатысушылар бір-біріне жіпті кезегімен үлестіре отырып. мына сөйлемді ары қарай жалгастыруын сұранады Мен келешекте мынандай мамандықты … ұнатар едім.

2. Шеңбер бойына қол соғу
Қатысушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші ортага шыгып. ойыншылардың біреуінің алдында тұрып, көзіне қарап, өзінін кол шапалағын сыйлайды (қатты шыкканы жөн). Олар енді екеуі бірге шығып, келесі қатысушының алдына келіп екеуі бірдей өзінің қол шапалағын сыйлайды, әрі қарай олар үшеуі, төртеуі бірге т.т. солай ойын жалғаса береді. Бұл сыйлықты тек құлағымен ғана естіп емес, жүрегімен сезіне білу қажет.
3. Оқиғаны бейнеле
Жүргізуші қатысушыларга оқиғаны мимика, жест арқылы бейнелеуін ұсынады: Сіз бірнеше адам ұйықтап жатқан бөлмеге кірдіңіз, сізді ешқайсысы сезбеуі кажет.
Ал енді керісінше сізді олар байқап қойды. Бұл жағдайда не істер едіңіз? (ренжітіп, өкпелеттіңіз).

4. Үйге тапсырма: өзіңіздің бойыңыздагы 10 жағымды, 10 жағымсыз қасиеттеріңізді жазып келіңіз.

5. Бастаушы және ілесуші — би
Қатысушылар дөңгелене шеңбер бойынды тұрады, біреуі әуеннің ырғағына байланыстыра би қимылын көрсетеді, ал қалғандары қайталауы қажет (1 минут). Осылай кезекпенен топ әртүрлі би қимылдарын жасайды.
— Пікір алмасу —
Бастаушының ролінде болған ұнады ма. жоқ әлде ілесушінін ролі ме?

9 сабак

Мақсаты: 1. зейінділік, жауапкершілік сезімін арттыру;
2. бейсананы дамыту, топ әзін біріңғай сезіну;
3. Мен тұжырымын өзіне, өзгеге сенімін көтеру.
Қажетті кұрал-жабдықтар: арнайы қагаздар post it, ұнтаспа, кассета.

1. Белгі бер
Қатысушылар қолдарын ұстасып, дөңгелене тұрады. Жургізуші: барлыгына көздерін жұмып, кезекпенен қандайда бір белгі беруін ұсынады (қолын екі мәрте қысу, қолын жоғары көтеру т.с.с). Оң және сол жағынан белгі қабылдаған ойыншы, оны әрі қарай шеңбер бойында үлестіруі қажет. Үлестіріліп келген белгі ойыншыга жеткенде. ойын аяқталады. Бұзық телефон ойын әдісі бойынша. Бірнеше рет қайталауға болады.

2. Маңдайүсті
Жүргізуші қатысушыларға Маңдайүсті ойынын ұсынады. Алдын ала жазылған сөздер дайындалады: менің көңілімді көтерші, қорқынышты оқиға айтып бер, өзіңнің кулкіңді сыйла, мені таңдандыр, комплимент айт т.б. Бұл сөздер, бір беті жапсырылатын арнайы қағазда жазылады. Оны маңдайына жапсырып қояды.
Серіктестерімен қатынас жасауына, олардың маңдайында жазылған сөйлем түсінікті болуы қажет. Олар бір-біріне вербальді емес әдіс (мимика, жест) арқылы сұрақ қоюға болады. Сөзді айтуга, әріпті суреттеуге болмайды. Сөйлемді дұрыс түсінген қатысушы маңдайындағы қағазын шешеді, сосын басқаларға көмектесуге болады.
Жаттығудың соңында пікір алмасу — қандай кедергілерді сезіндіңіз? Өзіңіздің серіктесіңізге сөйлемді көңіл — күйіңіз арқылы жеткізе білдіңіз бе? Несі ұнады- несі үнамады?

3. Үй тапсырмасын орындау: әр қатысушы үйде дайындап келгенін ортага шығып, окиды. Ал топ осы кезге дейін өздері байқаған, оның бойындағы жағымды қасиеттерін кезекпен (әрқайсысы біреуден) айтып демейді.

4. Паравоз
Көңілді әуен ойнап тұрады. Қатысушылар бірінің артынан бірі иықтарынан мықтап үстап тұрады. Бірінші адам паравоз — ал қалғандары вагондар. Қимылдағанды вагондардың көздері жұмылған күйде болады.Паравоз вагондардың ешжерге ұрылмай, соғылмай жақсы серуендегенін қадағалайды. Әр катысушы паравоздың да, вагонның да ролінде болуы қажет.
Ойын соңында пікір алмасу:
— Қандай рольде болған ұнады және неге? Қандай Паравоз басқаларга қарағанда қамқор, сақ болып көрінді.

5. Біз сені сүйеміз
Бүкіл қатысушылар дөңгелене тұрады. Әр ойыншы кезекпенен ортаға шығады, барлығы бірге оның атын үш мәрте қайталап айтады, сосын барлыгы Біз сені сүйеміз деп қатты дауыстайды.

10 сабақ

Мақсаты: І.топта біртұтас атмосфера түзу, денені босаңсыту;
2. Meн тұжырымын нақтылау;
3. серігіне қуаныш сыйлау;
4. топты жақындастыру, агрессиядан жеңілдеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті бояу, қаламдар, фломастер.
1 жайма қағаз және бірнеше А4 қағаздар, ұнтаспа, кассета.

1. Қоңырау
Қатысушылар дөңгелене тұрып, оң және сол қолдарын кезекпенен жоғары көтереді. Шеңбердің ортасына қарай қолдарын қоңырауға ұқсатып, түйістіреді. Ырғағты қатты дауыспен Бом ! деп айтып, қолдарын бірден күшін салып, төмен тастайды. Тыныс алганда қолдарын көтереді, тыныс шығарғанда Бом деп төмен тастайды. Жаттығу бірнеше рет қайталанылады.

2. Көңіл бөлу
Біз бәріміз бір-бірімізге ұнағанды, жылы достық қарым-қатынасты ұнатамыз. Өзіңе кандай қатынас жасағанды ұнатар едің, өзгеге соны жаса — деген мақалды еске тусірейік. Өзгеге жақсылық жасап. бірге қуана біл. Кейбір адамдар сыйлық беріп, алғаннан рахат алады. Тамаша сыйлық, өзге адамга зейін салып, көңіл бөлу. Өзіңізді қоршаған адамдарга көңіліңізді бөле біліңіз, сонда сізді, сіздің достарыныз, жолдастарыныз туыстарыныз да ұмытпайды.

3. Сыйлық — сурет
Әр қатысушы өзі қалаған қандай да бір суретті салады. Соңында әрқайсысы өз сыйлығын бір-біріне тарту етеді. Барлығы сыйлық алуы қажет.

4. Ұжымдық сурет
Бүкіл топ бірге, үлкен қағазға бір сурет салады. Табиғатта кездеспейтін жануар.
Нәтижені талдау:
Сұрақтар:
— Сіздердің өзара қарым-қатынастарыңыз өзгерді ме?
— Өз әрекеттеріңізде қандай өзгешеліктер байқадыңыз?
— Мұндай жұмыстың қай жері қажетті, тиімді боп көрінеді?
— Тренинг барысында өздеріңізге нені алдыңыздар?


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.