Ағаш өңдеу технологиясы, ағаштан ұлттық бұйымдар дайындау, ашық сабақ технология

0

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Ағаш өңдеу технологиясы.
Ағаштан ұлттық бұйымдар дайындау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халық шаруашылығында ағаштың атқаратын рөлі, қасиеттері мен негізгі қолданылатын материалдармен және фанердің түрлерімен таныстыру.
Сонымен қатар техникалық сызба, эскиз жөнінде түсінік беру.
Жұмыс объектісі: Ағаштан ұлттық бұйымдар дайындау (оқтау, ұршық, бұлғауыш)
Қолданылатын құралдар Жасалатын сызбаның сызбасы, эскизі, сызғыш, және материалдар: қарындаш, шаблон, техника қауіпсіздік
ережелерінің таблицасы, заготовкалар: рейка 120х30х30, доска 100х115, жұмыр ағаш 60.
Әдістемелік нұсқаулар:
Осы сабақтан бастап оқушылар қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекпен танысады. Сабақтың алдында жұмыс объектісін таңдап аламыз. 1 – ші бригада бұлғауыш, 2 – ші бригада ұршық жасау. Жасалатын бұйымдардың халық шаруашылығында атқаратын рөлі мен қызметі туралы түсініктеме береміз. Бұрын жасалған дайын бұйымдарды оқушыларға көрсету. Жасалатын детальдің сызбасын тақтаға іліп, оқушыларды онымен таныстырамыз. Размерлерді қою ережесімен танысу. Техникада техникалық сурет емес сызба көп қолданылатынын ескерту. Соңынан техникалық сурет, сызба, эскиз – бұл техникалық документ екенін түсіндіру.
Оқушылардың графикалық жұмысының дұрыстығын тексергеннен кейін әрі қарай заготовка туралы түсініктеме береміз. Оқушыларға «берілген тапсырманы қандай операциядан бастауға болады» сұрақ қоямыз. Бұл операция заготовканы таңдау. Оқушыларға өлшемде кемшіліктер жібермеу жағын, детальдің кескіндегі ұтымды жағын қарастыруға бағыттау. Детальді қарындашпен белгілеудегі ережелер мен қауіпсіздік ережесін сақтау, кеткен қателіктерді дер кезінде түзеп отыру.
Сонан кейін заготовкаларда өлшемдерді қою мақсатында үлестіру. Оқушылардың заготовка бетіне өлшемдерді дұрыс түсіруін қадағалау. Жұмыс кезінде ара және сүргішпен жұмыс жасағанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыс аяғында жасалған заттарды тексеру, бағалау. Жұмыс орынын тазалау.

Ертедегі Шығыс елдерінде қол ұршығы пайдаланылған. Ұршықты машиналар 18 ғасырдың 2 – ші жартысында қолданыла басталды Ұршықтың сақиналы, центрифугалы және т. б. түрлері кең тараған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз