«Әдеп пен әдет»
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
«Әдеп пен әдет»
Автор: Иматаева Жұлдыз Сатыбалдиевна
Бағыты: Мектепалды даярлық Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-11
Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың бойында болатын әдеттерді үйрету. Әдепті болуғабаулып, сөйлеу мәдениетін дамыту. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қызметкезендері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Дәлелдеу-ояту | Қарсы ал ерте күн көзін, Нанды үгітпе, қадірле,Төсегіңді жина өзің. Қабығымен бәрін же.Асықпай іш тамақты, Саусағыңды сормағын,Жалама аяқ-табақты. Салдыр-салақ болмағынПышақты ұста оң қолмен, Әдет қыл бұл ісіңді —Шанышқыны сол қолмен. Тазалап жүр тісіңді. | Балалар шеңберге тұрып өлен жолдарын қайталады. |
Ұйым-дастыруіздену | ӘдепАрман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.-Ал балалар сендер не істер едіңдер?-Арманның істеген ісі дұрыс па?— Әдептілікке жата ма?Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді екен.-Ал біз, осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен , бал тілінен бойымызға сіңіреміз.-Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуларың керек. -Ал ,балалар, өздерің ойланыңдаршы әдепті бала қандай болады?-Әдепсіз бала қандай болады? Өздерің айтыңдаршы?-Сендер қалай ойлайсыңдар? Жарқырап тұрған күнге қандай баланы жатқызуға болады?-Ал, мына бұлтқа қандай баланы жатқызуға болады?-Олай болса, мына тақтада жақсы және жаман қасиеттер жазылған сөздер берілген. Сол сөздерден жақсы және жаман қасиеттерді бөліп алып, күннің шуағы мен бұлттан жауған жаңбырды көрсетейік.
Әдепті шыншыл тәртіпті білімдімейірімді таза жүреді ұқыпты тіл алмайды нашар оқиды өтірікшіеріншек әдепсізСергіту сәтіАтамның ән — күйі ғажайып,Әжемнің әлдиі ғажайып.Анамның мейірімі ғажайып,Әкемнің пейілі ғажайып.Осындай жақсы әдет ғажайыпҚалмасын ешқашан азайып |
Балалар жаңа сабақпен танысты Бата туралы ,оның қаситтілігі туралы білді. Тапсырмаларды орындады Сергіту жаттығуларын жасады |
Рефлексивтітүзету | Балаларды мадақтау |
Балалар жауап берді. |
Күтілетін нәтиже:
Білді: әдепті болуды, оны өзбойларынан әдетке айналдырудыбілді.Игерді: әдепті боуды, жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруді білді.Меңгерді: бүгінгі өтілген тақырып бойынша берілген тапсырмаларды қатесіз орындауды меңгерді.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.