Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ж әрпі бойынша ат қою)

0

ЖАЗИРА – араб тілінен – ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖАЙНА – гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.

ЖАМАЛ – араб тілінен — сұлулык, көркемділік, сүйкімділік.

ЖАМАЛИ – араб тілінен — сұлу, көркем, сүйікті.

ЖАМИҒА – араб тілінен — барлығын қосушы, біріктіруші, жинаушы, баршасы, барлығы.

ЖАНАН – тәжік тілінен алынған джонон — жан аямасдос, жан жолдас.

ЖАНАР — көздің жанары, сәулесі; күннің сәулесі, шапағы. Ауыспалы мағынасы, келбет, көрік, ажар, рең.

ЖАНАРГҮЛ – қазақ және иран тілдерінен алынған — гүлдей көрікті, әдемі, ажарлы.

ЖАНАТ – ең асыл, көркем, керемет, рахат.

ЖАНЕРКЕ – қараңыз: Еркежан.

ЖАНИПА – иран және тәжік тілдерінен алынған жан-джон – яғни жан біткеннің ибалысы, сыпайысы, көріктісі.

ЖАНИЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жаным, жан сәулем.

ЖАННА – көне еврей тілінен келген— кептер, көгершін.

ЖАННАТ – араб тілінен — бақ, жұмақ бағы.

ЖАНСАЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған.

ЖАНСҰЛУ – жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.

ЖӘЛИЛА – араб тілінен алынған жалил — ұлы, даңкты, атақты.

ЖӘМИЛА – араб тілінен алынған жамил — әдемі, тамаша, көркем, сұлу; сүйкімді, ажарлы.

ЖЕҢІСГҮЛ – (қараңыз: Гүлжеңіс).

ЖҰЛДЫЗАЙ – жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған.

ЖҰМАБИКЕ – араб тілінен — джумга — жұма, бике — хан кызы, яғни жұма күні туған ханиза. Түрі — Жұмагүл. Еркелетіп айту тұлғасы — Жүмаш.

ЖҮПАР – хош иіс.

ЖІБЕК – мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз