Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (З әрпі бойынша ат қою)

0

ЗАҒИЛА — араб тілінен алынған зәхирә, зехира — қазына, байлық, қымбат бағалы асыл; сырт пішін, келбет, түр, мүсін. Синонимі — Зағира.

ЗАҒИПА — араб тілінен алынған сахиб — дос, жолдас, серік , «а» — қыз, әйел есімдеріне жалғасатын қосымша.

ЗАҒИРА — (қараңыз: Зағила).

ЗАЙДА — иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАЙРА — араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАЙТУНА — бір түп зайтун жемісі, аса қымбатты, құрметті.

ЗАҚИРА — араб тілінен алынған закир — ескеруші есте сақтаушы сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАМИЛИЯ — араб тілінен алынған замил — замандас, істес, әріптес, жолдас сөзіне «я» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАМИРА — араб тілінен — асыл арман, тәтті қиял, ой.

ЗАРА — иран тілінен алынған зар — алтын, сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАРЕМА – жаңа есім — За революцию мира сөздерінен қысқартылып жасалған есім.

ЗАРИНА – иран сөзінен зар — золото — зарина — алтындаған, алтыннан жасалған әшекей; алтын түстес, алтындай.

ЗӘКИЯ — араб тілінен алынған зәки — өткір, зерек, сөзімтал; ақылды, қабілетті сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗӘМЗЕГҮЛ — араб тілінен алынған земзем — мол, көп, көл-көсір. Гүлді, гүлі мол деген мағынаны білдіреді.

ЗӘМЗАМИЯ — араб тілінен — су тасушы.

ЗӘРИПА — араб тілінен алынған Зариф — өткір ойлы, ақылды, зейінді; әдемі, сүйкімді, көркем сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған әйел есімі.

ЗӘУРЕ — араб тілінен — жарқыраған; Шолпан, таң жұлдызы. Дыбыстық өзгеріске түскен түрлері — Зура, Зухра.

ЗЕЙНЕП — араб тілінен алынған зайнаб — толық, етженді, мықты.

ЗЕЙНЕГҮЛ — араб тілінен алынған зейне — нұр, көрік, көркем, әшекей + гүл. Яғни көркі гүлдей жайнаған сұлу, әдемі.

ЗЕМФИРА – грузин тілінен сапфир — асыл тастың бір түрі.

ЗЕРЕ — иран тілінен алынған зар — алтын сөзінің қазақ тілі дыбыстың заңына сай айтылуы.

ЗИБА — иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, әдемі, әсем. Дыбыстың өзгерген түрі — Зипа.

ЗИБАГҮЛ — гүл сияқты әдемі, сұлу.

ЗИЛА — араб тілінен — таза, ашық, айқын.

ЗИНИРА — араб тілінен — безенген көрікті, көркем.

ЗИНИЯ — араб тілінен — безенген, әшекейленген, сәнденген.

ЗИЯ — араб тілінен алынған зийна — жарық, сәуле.

ЗИЯГҮЛ — гүлдей жайнаған, құлпырған. Еркелете-қысқартып айтылатын түрі — Зияш.

ЗИЯДА — араб тілінен алынған зиада — артықша, ерекше, тамаша.

ЗУРА — (қараңыз: Зәуре).

ЗҮБАЙДА — араб тілінен — таңдаған, таңдаулы, ең жақсы, нағыз іріктелген.

ЗҮБАЙРА — араб тілінен — күшті, ақылды.

ЗҮЛФИЯ — араб тілінен — бұйра шаш, сүйкімді қыздың әдемі сүмбіл шашы.

ЗҮМРАТ — иран тілінен — қымбат, бағалы тас.

ЗЫЛИҚА — араб тілінен — жасы кіші, туыс, қарындас. Дыбыстық өзгеру түрі — Зілиха, Зүлиха.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!