Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Р әрпі бойынша ат қою)

0
169

РАБИЯ – араб тілінен — тәрбиелеуші, тәрбие беруші.

РАЙГҮЛ – араб тілінен — райхан гүлі.

РАЙСА – грек тілінен – биязы, жұмсақ, жөн білгіш.

РАЙХАН – араб тілінен — хош иісті гүл.

РАСИМА – араб тілінен — рәсім, әдетті берік ұстаушы.

РАУЗА – араб тілінен — бақша, гүл бақшасы, көгал; көрікті.

РАУШАН – иран тілінен алынған рәушан — жарық, нұрлы, сәулетті; айқын, таза.

РАФИХА – араб тілінен алынған рафих — қайырымды, жомарт, мәрт; серік, жолдас, дос; көңілдес, яғни қайырымды, жомарт, дос қыз.

РАХИЛА – араб және тәжік тілдерінен — пысық, елгезек қыз.

РАХИМА – араб тілінен — мейірімді, қайырымды, рақымды.

РАХИЯ – араб тілінен — көңіл аударушы, сүйкімді, әсем.

РАШИДА – араб тілінен алынған рашид — бастаушы, бағыт беруші.

РӘБИҒА – араб тілінен — төртінші, төртінші қыз; көктем, көктем кезі; жолдас, серік.

РӘЗИЯ – араб тілінен — жағымды, ұнамды, сүйкімді, сүйікті; риза, разы, қалаулы.

РӘШ — араб тілінен — сіркіреп жауған жауын.

РОЗА – Роза гүлі атынан қойылған.

РУСЛАНА – көне түркі тілінен— Руслан есімінен қойылған қыз есімі.

РУФИЯ – иран тілінен — алтын немесе күміс тиын.

РУХИЯ – иран тілінен — көңіл-күй, рух.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!