Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Н әрпі бойынша ат қою)
НАҒИМА — араб тілінен алынған нагімә — мейірімді, жарқын, инабатты; биязы, нәзік, жұмсақ.
НАЗГҮЛ — (қараңыз Гүлназ).
НАЙРА — араб тілінен алынған нәирә — нұрлы, көркем, айқын, жарқын.
НАРША — нардай мықты, қайратты, жігерлі.
НАУАТ — араб тілінен алынған набит — өсімдік, шөп; мұз түстес, мөлдір, жылтыр, тәтті қант.
НАУША — иран тілінен алынған ноуче — жаңа келген; балаң, жас.
НӘБИРА — араб тілінен алынған нәбирә — немере ұл, немере қыз.
НӘДИРА — араб тілінен алынған надыр — сирек, тандаулы.
НӘЗИПА — араб тілінен алынған назифъ — таза, мұнтаздай, пәк.
НӘЙЛА — араб тілінен алынған нәйль — жетістік, тілекке, арманға, табысқа жету; сый, сыйлық.
НӘРГҮЛ — иран тілінен алынған нәр — анар сөзінің қысқарып, өзгерген түрі + гүл. Анардың гүліндей сұлу, әдемі деген мағынаны білдіреді.
НӘРЗӘН, НАРЗАН — минералды қайнар бұлақ Нарзан атауымен қыз баланы ашық, таза, адал ойымен өссін деген мағынаны білдіреді.
НӘРИМА — араб тілінен алынған найри — батыл, ер жүрек, қызба жан.
НӘСИМА — араб тілінен алынған нәсимә — самал; лебіз, леп.
НӘФИСА — араб тілінен алынған нафиса — сұлу, көркем, әдемі; нәзік, биязы.
НЕСІПЖАН — араб тілінен алынған насиб — үлес, сыбаға; бақыт, тағдыр.
НҰРАЙ — көркі, нұры айдай, сұлу, көркем.
НҰРАЙША — араб тілінен алынған нұр + айша, нұры, көркі айша жарқыраған сұлу. Түрі — Нұрғайша.
НҰРБАҒИЛА — көркі, әрі, сұлулығы мәңгілік, өмірлік, мәңгі сұлу.
НҰРБИБІ — араб тілінен алынған бибі — нұрлы, көрікті, ажарлы қыз бала.
НҰРЖАМАЛ — араб тілінен — сұлулық, көркемдік сәулесі.
НҰРЖӘМИЛА — араб тілінен — аса сұлу, әдемі, көрікті; өте сүйкімді, ажарлы.
НҰРЗИЛА — араб тілінен алынған — ашық жарқын жүзді.
НҮРЗИЯ — араб тілінен алынған нүр + зия — жарық, сәуле шұғыла. Нұры, ажары жайнаған сұлу.
НҰРИКАМАЛ — араб тілінен — кемеліне келген, толысқан сұлу.
НҰРИЛА — араб тілінен — жарық жүзді, ажарлы, көрікті.
НҰРИПА — араб тілінен — нұрлы, ажарлы, көркем.
НҰРИЯ — араб тілінен —жарқын, ашық, нұрлы, керкем, әдемі қыз.
НҰРЛЫҚҰЛ — араб тілінен — ажары, көркі, реңі, гүлдей, сұлу қыз.
НҰРСҰЛУ — араб тілінен алынған нұр — қазақтың сөзі сулу. Қыз бала өте әдемі, нұрлы, әрлі, көркем әрлі болсын деген тілекпен қойылған есім.
НҰРХАН — араб тілінен — ажарлы, әрлі, көрікті, сұлу ханым.
НҰРША — араб тілінен — нұр тәрізді жайнаған ажарлы, нұрлы, көрікті.
НҰРШАЙЫМ — араб тілінен — нұр тәрізді жайнаған, ажарлы, нұрлы, көрікті.
НҰРШАРА — нұрлы, әрлі, сұлу Шара.