Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (С әрпі бойынша ат қою)

0

САБАЗ — иран тілінен алынған шаһбаз — ер, азамат, батыл; сұңқар. Біріккен тұлғалы есім — Сабазбек.

САБАНШЫ — көне түркі соқашы, егінші, дихан, көктемде егін айдау кезінде туған балаға қойылған есім.

САБАТАЙ – қазақ сөзі саба — қымыз ашыту, сақтау үшін жылқы терісінен істелген кен ыдыс; ауыспалы мағынасы бір нәрсенің мөлшері, шегі яғни баланың ой-өрісі, білім дәрежесі кең, болсын деп қойылған есім.

САБИҒАТ — араб тілінен — жаңа, жас; сұлулық, әдемілік. Фонетикалық түрі. — Сәбиғат.

САБЫР — араб тілінен — шыдамды, төзімді.

САБЫРЖАН — сабырлы, шыдамды, төзімді кісі. Синонимі — Сабырқан.

САҒАДАТ — араб тілінен — бақыт, құт.

САҒАТ — араб тілінен алынған саад — бақытты сәт, уақыт.

САҒИ — араб тілінен — бақытты, ырысты, құтты; мырза.

САҒИТ — араб тілінен — бақытты; ырысты; аман-есендік, саулық.

САҒЫМ — көне түркі тілінен саг — ақыл + тәуелдік жалғауы ым, яғни менің ақылдым, ойшылым деген мәнде қойылған ескі есім. Біріккен тұлғалы есім — Сағымбай.

САҒЫН — қатты аңсау, құмарту, көруге ынтық болу, яғни ата-ана ұлға зар болып жүргенде көрген балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сағынбай, Сағынғали, Сағынтай.

САҒЫНДЫҚ — ұзақ уақыт сағынып, сарғайып жүріп көрген ер бала.

САҒЫР — араб тілінен — кішкене, кенже бала.

САДАН — моңғол тілінен— туыс, туған-туысқан.

САДЫБАЙ — (қараңыз: Жақсыбай).

САДЫҚ, СЫДЫҚ — араб тілінен — шын, адал, таза, ашық; сенімді адал дос.

САДЫР — араб тілінен алынған — кеуде, көкірек; басшы, бірінші; ұлы мәртебелі. Біріккен тұлғалы есімдер — Садырбай, Садырбек, Садырқан, Садыралы.

САЙБАҚ — араб, моңғол тіліндегі жақсы, оңды деген мағынаны білдіретін сайын сөзіне араб тіліндегі бақ — бақыт сөзін қосу арқылы жасалған есім. Яғни, аса бақытты, жақсы ғұмыр деген мағынаны білдіреді.

САЙДАР — моңғол тілінде — сай (сайын), иран тілінде ие болуды білдіретін + дар қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Мағынасы «жаксылық, қайрымдылық иесі» дегенді білдіреді.

САЙЛАУ — жаңа есім, халық депутаттарын сайлау кезінде дүниеге келген балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Сайлаубай.

САЙМАСАЙ — бала әкесінен не анасынан аумайды, қатты ұксайды, дәл өзі сияқты деген мәнді есім.

САЙРАН — бала өмірде бақытты өмір сүрсін, сайрандап жүрсін деген тілекпен қойылған есім.

САЙРАМБАЙ — Сайрам қаласында туылған адам.

САЙЫН — моңғол тілінен— жақсы, онды. Біріккен тұлғалы есім — Сайынбек.

САҚТАР — бале-жаладан сақтасын деген мәнді есім.

САДЫБАЙ — (қараңыз Жақсыбай).

САҚЫП — араб тілінен алынған — сахиб — серік, жолдас, дос, таныс.

САЛАМАТ — араб тілінен — бейбітшілік, тыныштық, саулық; сәлем.

САЛАУАТ — араб тілінен — қаттылық, беріктік, табандылық, тұрақтылық; қажырлылық, жігерлілік.

САЛЫҚ – араб тілінен салиг — жақсы, ізгілікті, рақымды, тауфикты; адал.

САМАТ, СӘМЕТ — араб тілінен — мәңгі, тұрақты. Қысқарған түрі — Саматай.

САМҒА — аспанға ұшу, шарықтау.

САМҰРАТ — иран тілінен алынған шах + араб тілінен алынған мурад, Мақсатына жеткен шах. Синонимдері — Шахмұрат, Шаймұрат, Шамұрат.

САНА — бала ынталы, ақылды, парасатты болсын деген тілекпен қойылған есім.

САНАТ — араб тілінен алынған — өнер, сәулет, жарасым; ұлылық, дәреже.

САНДЫБАЙ — қазақ тілінен алынған санды — әдеттен тыс, сирек кездесетін + бай.

САНЖАР — араб тілінен — патша, император. Түркі тілдерінде — тесіп, түйреп өтуші деген мағынаны білдіреді.

САНСЫЗБАЙ — (қараңыз: Байсан).

САПА, САФА — араб тілінен — тазалық, ашықтық; адалдық; тыныштық.

САПАБЕК — адал.

САПАР — араб тілінен алынған сафар — саяхат, алыс жол.

САПАРБАЙ — араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бай. Өмір жолы ұзақ, мол болсын деген тілекпен қойылған есім.

САПАРБЕК — араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бек. Өмір жолы берік, мықты болсын деп қойылған есім.

САПАРҒАЛИ — араб тілінен — сапары, алған беті әркашан биік, жоғары болсын деп қойылған есім.

САПИ , САФИ — араб тілінен сафа — таңдаулы, адал дос.

САРДАР — иран тілінен алынған сар — сардар, генерал, бастық, қолбасшы; туркі тілінде — батыр. Біріккен тұлғалы есім — Сардарбек.

САРИ — араб тілінен — атақты, мейрімді, асыл.

САРМАН — моңғол тілінен сар — ай + ман — кісі аттарындағы қосымша, яғни «ай туды» деген мағынаны білдіреді. Синонимдері – Айтуды, Айтуған.

САРЫ — ауыспалы мағынасы — кең-байтақ; көп нәрсені білетін, қоғам өмірінен хабардар, білгір.

САРЫБАЙ — баланы алтынға балап немесе өмірде кең пейілді болсын деп қойған есім.

САРЫБАС — бала өңі сары немесе шашы сары болғандықтан қойылған; бала алғыр, білімді болсын деген тілекпен қойылған есім.

САРЫН — қатты дыбыс, үн; қатты ағын үні, екпін.

САСАН — иран тілінен — мүсәпір, тілекші. Ирандағы сасанидтер династиясы басшысының есімі.

САТАЙ — моңғол тілінен садан — туыс, туған, туысқан, жақын.

САТТАР — араб тілінен алынған — кешірім етуші, жасырушы; қорғаушы.

САУРАН — сый, тарту; ескіше екінші ай аты, сол айда туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сауранбай, Сауранбек.

САУРЫҚ — үйірге түспеген жас айғыр. Жас, жеткіншек деген мағынада.

САУЫҚ — араб тілінен — тамаша, ойын-күлкі, сауық-сайран; даңк, құрмет.

САУЫТ — батырлар киетін кіреуке. Бала мықты, берік болсын деп қойған есім. Біріккен тұлғалы есім – Сауытбай.

САФИ — араб тілінен — тандаулы, адал дос.

САФУАН — араб тілінен — тазалық, пәктік; қатты гранит тас.

САХИ — араб тілінен — жомарт, мырза.

САЯ — иран тілінен — қорғаныш, пана.

САЯТҚАН — араб тілінен алынған — саят — аңшылық, аң аулаушылық + хан.

САЯН — Саян тауы атынан қойылған есім.

СӘБИҒАТ — араб тілінен алынған — сұлулық, әдемілік.

СӘБИТ — араб тілінен алынған — мықты, тұрақты, табанды, адал.

СӘДУАҚАС — араб тілінен алынған сәйд — бақытты, ырысты, құтты + уа қосымша + хас — нағыз; яғни нағыз бақытты, ырысты адам. Қысқартып айту түрлері — Сәду, Сәкен, Оқас.

СӘЛМЕН — иран тілінен — есейген, ер жеткен, үлкен.

СӘЛІМ — араб тілінен алынған сәлим — сау, бүтін, толық, аман-есен; нағыз, шын, табиғи, аман-сау; қарапайым, адал. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәлімбай, Сәлімбек, Сәлімгерей.

СӘМЕН — иран тілінен — байлық, молшылық; күш, қуат, тәртіп, тыныштық.

СӘМЕТ – араб тілінен — мәңгілік, өмірлік, берік; бас ие, қожайын.

СӘМИ — араб тілінен — жоғары, биік, көтеріңкі, зор, асқар.

СӘРСЕНБІ — иран тілінен алынған шәһар — төрт + шәмбе — күн, төртінші күн, яғни бейсенбі, бейсенбі күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәрсенбай, Сәрсенбек, Сәрсенәлі, Сәрсенғали, Сәрсенқан. Еркелетіп, ықшамдала қысқартылған түрлері — Сәрсек, Сәрсен, Сәрсекей, Сәркеш.

СӘТ — араб тілінен — сад — бақыт, құт, ырыс.

СӘТБАЙ — араб тілінен — құтты бала (бай).

СӘТЖАН – араб тілінен алынған сәт, иран тілінен алынған жан — бақытты, ырысты адам.

СӘТІМ – араб және қазақ сөздері қосылған — менің бақытым, құтым, ырысым.

СӘУІР — араб тілінен алынған — жыл мерзіміндегі екінші ай аты, сол айда туған бала. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәуірбек, Сәуірқұл.

СЕЗІМ – жаңа есім — достық, адалдық, махаббат сезімдер балаға серік болсын деген қойылған есім.

СЕЙДАХМЕТ — араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + Ахмет, яғни әмір, бастық Ахмет.

СЕЙДӘЛІ — араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + ғали — жөғары, биік. Демек, жоғары, үлкен бастық, әмір. Синонимдері — Сейдәлі, Сейітқали.

СЕЙДУӘЛИ — араб тілінен алынған — мырзаның, бастықтың орынбасары, орындаушысы.

СЕЙДІЛДА, СЕЙДОЛЛА – араб тілінен алынған — мырза, орындаушы. Қысқартып айту түрлері — Сейдін, Сейділ, Сейдім.

СЕЙСЕНБАЙ — иран тілінен алынған се — үш, сенбі (шамбе) — күн + бай, яғни айдын үшінші күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сейсенбек, Сейсенби, Сейсенғали, Сейсенхан.

СЕЙІЛ — араб тілінен алынған — көктем мерекесі; халық серуені.

СЕЙІТМЕТ, СЕЙІТМӘМЕТ – араб тілінен алынған — мақтаулы, мақтауға лайық адам.

СЕЙІТ — араб тілінен алынған сейидь — мырза, бастық, әкім; құрметті. Құрделі тұлғалы есімдер — Сейітәлі, Сейітбаттал, Сейітбек, Сейітжан, Сейітмұрат, Сейітқожа, Сейіткерей, Сейітмұкамбет.

СЕЙФОЛЛА — араб тілінен алынған саифи — қылыштан өткір, кесіп түскіш + олла, алла — яғни қылыштай өткір перзент.

СЕКСЕНБАЙ — мұндай есім көбіне бала әкесі 80 жасқа келгенде туған балаға қойылады.

СЕМБАЙ — иран тілінен алынған шамбе + бай, яғни сембі күні туған бала.

СЕМБІ — иран тілінен алынған шамбе — алтыншы күн, сөл күні туған балаға қойылған есім.

СЕНІМ — үміт, сенім.

СЕҢГІРБАЙ — көне түркі тілінен келген сеңгір — таудың биік төбесі + бай, бала таудай биік болсын деген мәнде қойылған есім.

СЕРӘЛІ — иран тілінен алынған сер, шер + әлі, ғали, яғни арыстан сияқты батыл. Еркелетіп айту түрі — Сертай.

СЕРҒАЗЫ — араб тілінен алынған — сер — басшы, бастық + араб тілінен алынған ғази — жауынгер; жауынгер, әскер, басшы.

СЕРҒАЛИ — иран тілінен алынған сер + араб тілінен алынған ғали; Басшы Ғали.

СЕРКЕ — қой бастайтын серке; ауыспалы мағынасы басшы, жетекші, көсем. Біріккен тұлғалы есім — Серкебай.

СЕРКЕБАЙ — (қараңыз: Байсерке).

СЕРІК — араб тілінен алынған шәрік — жолдас, серіктес. Біріккен тұлғалы есімдер — Серікбай, Серікбек, Серікқали, Серіктұр.

СЕРІКБОЛ — көптің серігі, досы бол деген тілекпен қойылған есім.

СИРАЖ — араб тілінен алынған — шырақ; жарық.

СОЛТЫБАЙ — араб тілінен алынған солдо — күш, өкім, билік; күшті, мықты; + бай. Демек, күшті, мықты адам.

СОМБЕЛ — белі мықты, күшті, балуан тұлғалы бөлсын деген тілекпен қойылған есім.

СҰЛТАН — араб тілінен — өкімет, билеуші, әкім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сұлтанбай, Сұлтанбек, Сұлтанғали.

СҰЛТАНГЕЛДІ — дүниеге, өмірге билеуші әкім бала келді деген мәндегі есім.

СҰЛТАНМҰРАТ — бала сұлтан боп тілегіне, мұратына жетсін деген мағынаны білдіретін есім.

СҰҢҚАР — бала сұнқардай көреген, батыл болсын деп қойылған есім.

СҮГІР — көне түркі тілінен келген сукур — хабар.

СҮГІРБАЙ — көне түркі тілінен — бала білгір ғылымнан, өнерден хабары, білімі мол болсын деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Сүгірбек.

СҮЙЕУ — ата-ана, туысқа тірек, таяныш болсын деп қойылған есім.

СҮЙІН — ырза болу, сүйіну, көңіл толу.

СҮЙІНБАЙ — көптің көңілі толсын, істеген ісіне разы болып сүйсінсін деген мәндегі есім.

СҮЛЕЙМЕН — көне еврей тілінде Шэломох — соломон — бейбіт, тыныш, қорғалған. Қысқартылып айтылу түрлері — Сүлей, Сүлейке.

СҮМБЕБАЙ — иран тілінен алынған сунба — мылтықтың сүмбесі. Бала сүмбедей тіптік, түзу, мүсінді, әдемі болып өссін деген тілекпен қойылса керек.

СҮНДЕТ — араб тілінен алынған суннэт — рәсім, әдет, дәстүр.

СҮТТІБАЙ — сүтке, жалпы аққа бай болсын деп қойылған.

СЫБАНҚҰЛ — бұл есімнің бірінші сыңары араб тілінен Шабан — тоқ, тойған; Бұл есімнің түбірі Сыбан, Шейбан, Шейбани, Шибан түрлерінде де кездеседі.

СЫДЫҚ — араб тілінен алынған седдик — шындық, растық, туралық; әрқашан тура айтушы; шыншыл, әділ.

СЫЛАН — көне түркі тілінен силан — тік, биік, сымбатты.

СЫМАҚ — иран тілінен алынған самеһ — жомарт, мырза.

СЫНДЫБАЙ — сымбатты, әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған есім.

СЫРБАЙ — араб тілінен алынған сиер — өмірбаян, табиғи жаратылыс, өмірдегі жағымды ісәрекет.

СЫРҒАБАЙ — араб тілінен алынған сыр + ға қосымша + бай; яғни бала өнер-білім, ғылым құпиясын жете білсін, соны меңгерсін деген тілекпен қойылған есім.

СЫРҒАБЕК — сырға берік, мықты болсын деп қойылған есім.

СЫРЫМ — көне түркі тілінен — шыдам, шыдамды, төзімді.

СЫРМҰХАМБЕТ — көне түркі тілінен сыр — шыдам, төзім, ұстамды + араб тілінен алынған Мухаммет, яғни төзімді, шыдамды, ұстамды Мұхамбет. Дыбыстың өзгеру түрі — Сырымбет.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!