Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Р әрпі бойынша ат қою)

0

РАБАТ — араб тілінен алынған рафоат — ұлылық, биіктік, жоғары дәреже.

РАЗАҚ — араб тілінен алынған раззақ — өмір сүруге, тіршілік етуге ризық беруші.

РАЙ – араб тілінен — жағдай, көзқарас, пікір; адамның көңіл-күйі, сезімі.

РАЙБАЙ — дүниеге өз көзқарасы, пікірі бар, саналы адам.

РАЙБЕК — араб тілінен — райы қатты, бір бет бала.

РАЙНҰР — араб тілінен — жарық өмір.

РАЙЫМБЕК — араб тілінен алынған раим — рақымды, мейірімді + бек — мықты, мығым; берік, яғни мейірімді, қайырымды; бет алысынан қайтпайтын қайсар батыл, берік адам.

РАЙЫС — араб тілінен алынған рэиса — бастық, басшы, әкім.

РАЙЛ — араб тілінен — негізін салушы.

РАҚАП — араб тілінен — кең, ұлан-ғайыр; мырза, жомарт, жарқын жүзді.

РАҚАТ — араб тілінен — тыныштық, тыным, тыныс.

РАҚЫМ — араб тілінен алынған рәхим — қайырымды, мейірімді, ізгі ниетті. Басқа сөздердің қөсылуы арқылы да күрделі есімдер жасалады. Мәселен, Рақымбай, Рақымберді, Рақымбек, Рақымжан. Қысқартылып-еркелете айтылатын түрі — Рақыш.

РАМАЗАН — араб тілінен алынған — рамадан — күйдіруші, жандырушы. Араб жерінде бұл өте ыстық ай. Мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы, осы айда туған балаға осындай есімдер койылған.

РАМИЗ — араб тілінен — белгі, таңба.

РАСУЛ — араб тілінен — хабаршы; елші, уәкіл. Біріккен тұлғалы есім — Расулбек.

РАУАН — иран тілінен алынған рэван — жан өмір.

РАФИК, РАФИХ — араб тілінен -қайырымды, жомарт, мәрт; айқын, таза, мөлдір, көрікті.

РАХМАН — араб тілінен — рақымды, мейірімді, кішіпейіл. Қысқаша айтылу түрі — Раман.

РАХМЕТ — араб тілінен — алғыс.

РАХМЕТОЛЛА — араб тілінен — мейірімділік, рақымшылық.

РАШИТ — араб тілінен — саналы, ақылды, парасатты; батыл, ер.

РЕНАТ — жаңа есім — орыс тіліндегі революция, наука, труд сөздерінен қысқартылып жазылған есім.

РИШАТ — араб тілінен — ақылды; саналы, әділдік.

РЫСБЕК — (қараңыз: Оразбек).

РЫСКЕЛДІ — (қараңыз: Оразгелді).

РУСЛАН — көне түркі тіліндегі Арыслан есімінің орыс тілінде өзгерген түрі.

РҮСТЕМ — иран тілінен алынған раода — жүз, келбету бейне; тама — күшті. Сонда бұл есімнің жалпы мағынасы — батыл, күшті, мықты, зор денелі. Біріккен тұлғалы есімдер — Рүстембек, Рүстембай, Рүстемғали.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!