Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Д әрпі бойынша ат қою) » ZHARAR

- Жарнаманы баса кетіңіз -

ДАБЫЛ – ұран, даңқ

ДАБЫС – атақ, даңқ, дауыс, үн.

ДАДАБАЙ – иран тілінен алынған дадо – ата, әке + қазақ тілінен алынған бай. Еркелете қысқартып айтылатын тұлғалары — Дадай, Дадеш.

ДАЙРАБАЙ – дайра қазіргі тіліміздегі дария сөзінің диалектілік формасы. Синонимі — Тенізбай.

ДАЙЫН – әрқашан әзір. Біріккен тұлғалы есім — Дайынбай.

ДАЙЫР – араб тілінен алынған бұл есімнің маңызы екі түрі: төңірек; қайталанатын. Біріккен тұлғалы есімдер — Дайырбек, Дайырман.

ДАЛЕР – тәжік тілінен алынған — батыл, ержүрек.

ДАМЫЛ – тыныштық, бейбітшілік.

ДАНАЙ – иран тілінен алынған данаш — білім, ілімгерлік; даналык. Біріккен тұлғалы есім — Данайбек.

ДАНАЛЫҚ – иран тілінен — білімділік, данышпандық.

ДАНЕШ – иран тілінен — білім, ғылым.

ДАНИЯЛ – араб тілінен — тәңір сыйы.

ДАНИЯР – иран тілінен — жақын, таныс.

ДАНЫШПАН – араб тілінен — ойшыл, дана.

ДАНДАЙ – ұлы, зор.

ДАРАС – жеке, айрықша

ДАРХАН – көне түркі тілінен тархан, тархат. Көне тұркі жазба ескерткіштерінде атақ, дәреже ретінде кездеседі. Махмұд Қашқари, Абұлғазы Бахадұр енбектерінде мағынасы 9 түрлі кінадан босатып, ерік, кеңшілік берілген, хан ордасына еркін кіріп шыға алатын және бұл ерік 9 атасына дейін кететін адам. Біріккен тұлғалы есімдер – Дарханбай, Дәркенбай.

ДАРЫН – қазақ тілінен — талант, кабілет.

ДАСТАН – иран тілінен алынған батырлық хисса, поэма, ертегі аңыз. Біріккен тұлғалы есім — Дастанбек.

ДАУЫЛБАЙ – дауыл күні туған балаға ертеде осындай ат қойылған.

ДӘЛБЕК – бектің, мықтының нағыз деген мағыналы есім.

ДӘМЕН – араб тілінен — жылдам, тез; күшті, берік.

ДӘРМЕН – иран тілінен — күш-қуат, қайрат. Еркелету түрі — Дәріш.

ДӘУБЕК – үлкен, күшті деген мағыналы есім.

ДӘУЛЕН – үлкен болу, есею. Біріккен тұлғалы есім — Дәуленхан.

ДӘУЛЕТ – араб тілінен – байлық, бақыт; мемлекет, держава, империя.

ДӘУЛЕТБАЙ – дәулетті, ауқатты.

ДӘУЛЕТБАҚ – араб тілінен алынған дәулет + бақыт сөздерінің қосылуынан жасалған есім. Бақдәулеті мол, бай (болсын деген тілекпен қойған. Біріккен тұлғалы есімдер — Дәулетбек, Дәулетияр, Дәулетқали, Дәулетәлі.

ДӘУЛЕТКЕЛДІ – араб тілінен алынған дәулет — байлык, бақыт. Яғни бала ата-анаға байлық, ырыс боп туды, бақытты болды деген мағынаны береді.

ДӘУЛЕТШЕ – араб тілінен алынған дәулет + иран тілінен алынған ше,шах сөзінің қысқаша формасы. Демек, байлық патшасы, дәулет, байлық иесі.

ДӘУРЕН – араб тілінен – уақыт, дәуір. Біріккен тұлғалы есім — Дәуренбек.

ДӘУІР – араб тілінен алынған – доур – кезең, цикл.

ДӘУІРБЕК – өз заманының, дәуірінің мықтысы деген мәндегі есім.

ДӘУІТ – көне еврей тілінен алынған сүйікті, сүйген, ғашық болған. Біріккен тұлғалы есім — Дауітәлі.

ДЕГДАР – иран тілінен алынған дәһдар – бастық, ел басқарушы.

ДЕМЕЖАН – қазақ есімі деме + жан. Демеуші, жәрдем беруші адам деген мәндегі есім.

ДЕМЕСІН – баланың өмірде тірегі, жәрдемшісі болсын деген тілекпен қойылған.

ДЕМЕУ – қазақ тілінен алынған қолдау, сүйеу, көмек көрсету.

ДЕРБІСӘЛІ – араб тілінен алынған – Ғалидың құлы, қызметшісі деген мәндегі есім. Иран тілінде —дербиш есік алдында жүрген кембағал адам, мүсәпір кісі.

ДИАС – испан тілінен алынған — күн, күндіз. Испания кетерілісшілерінің көрнекті басшысы Хосе Диас күрметіне 1936 ж. қойылған есім.

ДИБАЙ – иран тілінен алынған диһ, дег, ди — ауыл, дала + бай, яғни ауыл, дала байы деген мағыналы есім.

ДИДАР – иран тілінен алынған — жүз, келбет, бейне.

ДИДАРБЕК – иран тілінен алынған — аса келбетті, көрікті адам деген мағыналы есім.

ДИҚАНБАЙ – тәжік тілінен алынған диһан – шаруа, егінші, жер айдаушы + бай.

ДИЯР – араб тілінен — ел, облыс, аймақ.

ДИЯРБЕК – араб тілінен алынған — елдің, аймақтың әкімі, басшысы.

ДОДАБАЙ – иран тілінен алынған додо — үйілген, жиылған; жиын, көпшілік + қазақтың сөзі бай.

ДОДАН – үлкен, зор.

ДОЙМАН – қазақ тілінен алынған дой — үлкен, ірі, кесек, мықты, азулы, атақты + иран тілінен алынғанман — адам. Демек, ірі тұлғалы, мықты адам дегенді аңғарады.

ДОС – иран тілінен алынған дуст — жан жолдас, серік, жар. Дос сөзі құрамында келетін кісі аттары — Досан, Досжан, Доскей т. б. Еркелете қысқартып айту түрі — Достай, Ештай.

ДОСАЙ – (қараңыз: Айдос).

ДОСАҚ – араб тілінен алынған дос + қазақ сөзі ақ. Нағыз дос.

ДОСӘЛІ – араб тілінен алынған дос + араб тілінен алынған Ғали, Ғалидың досы деген мағынаны береді.

ДОСБАЙ – досқа кең, бай адам деген мағынада.

ДОСБОЛ – (қараңыз: Жарбол).

ДОСБЕРГЕН – араб тілінен алынған дос ниетіне туылған бала деген мағыналы есім.

ДОСЖАН – адал, таза адам.

ДОСМАТ , ДОСМҰҚАН – иран және араб тілдерінен алынған. Досмұхамбет есімінің қысқарған түрі. Мұхамбеттің досы деген мағынаны білдіреді. Синонимдері — Ешмұхамбет, Есмұхамбет.

ДОСЫМ – жан серігім, жолдасым.

ДОСЫМБЕК – досы көп адам.

ДОСЫМЖАН – менің жан досым деген мағынадағы есім.

ДОЯН – (қараңыз: Ноян).

ДӨНЕНБАЙ – моңғол тілінен алынған доно — төрт жасар өғіз, дөнен — төрт жасар жылқы + бай. Еркелетіп айтылатын. Түрі — Дөнентай.

ДУАНБАЙ – иран тілінен алынған диуан – қала, кент; белгілі бір аймақ, өлке. Қаланың немесе үлкен аймақтың әлді, бай адамы деген мағынаны білдіреді.

ДУБАЙ – атақ-данқы ассын деген тілекпен қойылған есім.

ДУДАР – бұйра шаш; шашы бұйра балаларға осындай есім қойылған.

ДУМАН – бала өмірі қуанышқа толы, көңілді, сауық-сайранды бөлсын деген тілекпен қойылған есім.

ДҮЙМАҒАМБЕТ – иран тілінен алынған ду – екі + араб тілінен алынған Мохаммед, бұл есімнің синонимі Қосмұқамбет. Қос сөзі екі деген мағынаны білдіреді.

ДҮЙСЕН – иран тілінен алынған ду — екі, сейсенбі, шамбә күн. Әуел баста аптаның бірінші күні туған балаға осылай ат қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Дұйсенбай, Дұйсенғали, Дұйсехан, Дүйсекей. Еркелетіп айту түрі – Дүйсек.

ДІЛДАБАЙ – иран және араб тілдерінен алынған тилла — алтын ақша, таза алтын. Ақшаға бай болсын деп қойылған есім.

ДІЛДАБЕК – иран тілінен – алтын ақшаның иесі болсын деп қойылған. Синонимі — Ділдахан.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com

Загрузка...