Әдемі-ай арулар сайысы балабақшадағы ертеңгіліктер
Әдемі-ай арулар сайысы
Жүргізуші:
I.Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ұлыстың ұлы күніне орай 8-Наурыз Халықаралық аналар және қыздар күніне байланысты бастауыш сыныптар арасында өткізілген «Әдемі-ай» арулар сайысын ашық деп жариялаймын.
Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Мерекенің жалғасы
Өнерлі кім, дарынды кім,
Сынып аруымен табайық.
Талантты іздеп табайық.
Уа, халайық, халайық
Ойланып енді қарайық,
Қазылардың алқасын
Ортадан сайлап алайық.
(Қазылар сайланады)
1.Оқу ісінің меңгерушісі: Нұрбала апай
2. Қазақ тілі әдебиет пәні мұғалімі Шархат
3. Тәлімгер Іңкәр апай
4. «Әдемі-ай» арулар сайысының Сәнгері: психолог Айсұлу апай
Мың бұралған арулар жайлап басып ,
Келеді ортамызға жайнап тасып
Қыз баласын сыйлаған халқым менің,
Қошеметтеп қол соғып қарсы алып
Ортаға аруларымызды шақырамыз.
1. Ай секілді –Ақмаржан
Жарқырап тусын ай, күнің
Озып шығар бәйгеден
Көп болсыншы бестігің
4- сынып оқушысы Ақмаржанды шақырамық.
2. Бәйгеден озған жүйріктей,
Аласың бестік іркілмей
Гүлсанат біздің әдепті
Даланың әсем гүліндей
3- сынып оқушысы Гүлсанатты шақырайық.
3. Жайнап жаймен жүретін
Жымыйып ақырын күлетін
Меруерт біздің ақылды
Әдеппен бәрін сыйлайтын
2ә -сынып оқушысы Меруертті шақырайық.
4. Тазалықты сүйетін
Сабағында білетін
Әдемі қыз Эльвира,
Ұзақ болсын өмірің
2а -сынып оқушысы Эльвираны шақырамыз
Сайыстың негізгі шарттары:
1. Таныстыру
2.Өз өнерін көрсету
3. Сән көрсету әлемі
а) Киім таңдау (мода көрсетіу)
б) Қол өнер бұйымдары(қажетсіз заттардан)
в) Үлгі сурет салу
4. Сиқырлы сый( сұрақ-жауап)
5. Қорытынды(марапаттау)
1. Таныстыру
Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,
Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде
Ал енді аруларымыз ортамызда
Өздерін таныстырар осы жерде
Арулар өздерін қысқаша таныстырады
Ән. «Қазақ аруы»
2.Өз өнерін көрсету
Қыздарға әсемдік жарасады
Ай көркі биіктер аласаны
Болмаса сұлу кыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен таласады
Кезекті өнер сайысына береміз. Арулар өнерін ортаға салады
Би «Қара жорға»
3.Сән көрсету әлемі
а) киім таңдау(мода көрсету)
б) Қол өнерін жасау(қажетсіз заттардан жасалатын бұйымдар)
в) Үлгі (сурет салу)
4.Сиқырлы сый (сұрақ-жауап)
(слайдтан ертегілер, жыл мезгілдері, мультфильмдер көрсетіледі)
Ән: «Қуыршақтар»
5.Қорытынды
Бастауышта оқыған
Ойға білім тоқыған
Бұлар біздің жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар,- дей келе қазылар алқасына сөз береміз.
Би: «Қызыл телпектер»
Марапаттау.
Назар аударғандарыңызға РАХМЕТ!
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!