Әдеби сазды кеш. Тақырыбы:Мұғалім! Сенің есіміңнің алдында бас иіп тіземді бүгуге рұқсат ет.

0
219


Әдеби сазды кеш. Тақырыбы:Мұғалім! Сенің есіміңнің алдында бас иіп тіземді бүгуге рұқсат ет.

Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Барлық материалдар Сыныбы: Барлық сыныптар

Мұғалім! Сенің есіміңнің алдында бас иіп тіземді бүгуге рұқсат ет. Әдеби сазды кешКүні:Өтетін орны: акт залы 1-жүргізуші: Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.Ақырын жүріп анық бас.Еңбегің кетпес далағаҰстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

2 – жүргізуші: Күрең күздің жанға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекелеріміз – Ұстаздар күні де келіп жетті. Бүгін сол дәстүрлі мерекеге орай мектеп оқушылары барлықтарыңызды шын жүректен құттықтау тілегімен, бәріңізге жақсы мерекелік көңіл- күй сыйламақ ниетпен өз өнерлерін көрсетпек.

1 – жүргізуші: Өнерпаздар жарысып, сан – салалы, Жиын десе, той десе жан салады. Кешіміздің ашылу құрметіне, Әуеленген әсем ән жолданады. – дей отырып, ашық тәрбие сағатымызды әсем әнмен ашуға рұқсат етіңіздер. 5-сынып оқушыларының «Ұстазым» әнін қошеметпен қарсы алыңыздар.

2 – жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың. Ұстазыңды түсінген сен тереңнен, Бар әлемге еңбегімен еленген. Сенің бағың өрге қарай өрлесе, Ол да бірге қуанышқа кенелген. Сол арқылы сен де өмірді жалғадың, Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның. Мақтау алсаң ұстаздардың алдында, Ол өзіңнің орындалған арманың. Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиеті бас иелік мәңгілік! 1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап,пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)М -мейірімдіҰ- ұлағаттыҒ-ғазизА-ақылдыЛ- лайықтыІ-іскерМ- маман

2-жүргізуші: Екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

1-оқушы: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей, Перне басқан оркестрдің үніндей Әр баланың жүрегіне жол тауып, Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей. Әр сабаққа кіресің сен сыйынып, Жыр оқисың нөсер болып құйылып Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің, Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп Жалын атып, от боп, бірге жанасың, Білім беріп, содан бақыт табасың Бар өмірің өрнектеліп баламен, Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

2-оқушы: Мұғалімді анамдай жақсы көрем, Қиналамын қымбат теңеу таба алмай Өз баласын тастап кетіп үйіне, Ел баласын оқытады, ой Алла-ай. Мұғалімді жақсы көрем сезімтал, Үлгі етемін өнегелі сөзін бал Мұғалімнің мұғалімін танимын, Көкіректе көретұғын көзім бар.

3-оқушы: Ұстаздарға мың алғыс Алғыстарым көп менің, Асыл анам, мектебім! Үйреткені адалдық, Ұсынғаны адамдық, Текті мінез, даналық Бар ұстазға тілейміз: Бақыт, табыс, амандық!

4-оқушы: Мұғалім-ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың, даналардың Өмірде сенің алар орыныңды Бәрі де жеткізе алмас бағалардың Өткізіп өз алдыңнан талай бала, Бойына құйдың ақыл , ой мен сана Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді, Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға Атағым Алатаудай болып биік, Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп Алдыңда әрқашанда тағзым етіп, Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

2 – жүргізуші: Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас, Қамдан, жатпа заманыңмен хабарлас. Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң, Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас – деп алдарыңызда өз өнерімен 6-сынып оқушысын «Бипыл» биімен қошеметпен қарсы алыңыздар!

1-Жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ұстаз туралы ән тілек сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! (видеоролик)

2 – жүргізуші: Білімнің кәусар бұлағын, Жүресің құйып санама. Біз үшін сенсің мұғалім, Ұстаз да, ғалым, дана да.

Анадай құс ұйқымен көз ілдірер, Арманын аласартпас, сезімділер. Бағбандай мәуелі бақ мәпелеген, Бала үшін бар азапқа төзімділер – дей отырып, 10-сынып оқушысының орындауында «Ұстазым менің, ұстазым» әнін қабыл алыңыздар. 2-жүрг. Әдемі, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

1-жүргізуші: Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

2-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

/Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.