Адасқан бала, бастауыш сыныптарына арналған сабақ

0
Ана тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Адасқан бала
Сілтеме: Ана тілі 4 — сынып «Атамұра» 2011 Оқулық, интернет беттері, суреттер, үлестірмелер
Негізгі мақсаты: Оқушының Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесін оқи отырып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйеніп, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Күтілетін нәтиже: Оқу дағдыларын дамытады, тапсырмалар бойынша мәтінмен жұмыс жасайды, дәптермен өз беттерінше жұмсап, шығармашылығы, сөздік қоры, ауызша сөйлеу дағдылары молаяды, әңгіменің негізгі идеясын ашады, болжайды, дәлелдейді, бағалайды.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Көшбасшылық
Білу кезеңі
Диалог әдісі АКТ
Психологиялық тренинг:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстап қоямын.
Ізгі әрі, нәзік жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан — жағым.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ:
Қабдеш Жұмаділов кім?
Қандай шығармаларын білеміз?. Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы Шәуемек өмірінде дүниеге келген. Белгілі жазушы «Соңғы көш», «Атамекен», «Дарабоз», «Тағдыр» тағы басқа әңгіме, повесть, романдары бар.

Суретке зер сал
Сурет бойынша жұмыс.
Жоғалып кеткен бала кім болды екен? Әңгімеден оқып біліп, табуға көмектесейік.
Адасқан бала жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/