АДАМНЫҢ ӨМІРІ ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР
АДАМНЫҢ ӨМІРІ ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР
Өлімнен басқаның ертесі жақсы.
***
Ұйқы жастық сұрамайды.
***
Біреуге өлім тілегенше,
Өзіңе өмір тіле.
***
Көшемін деп отыныңды тауыспа,
Өлемін деп азығынды тауыспа.
***
Балалық шағы — патшаның тағы.
***
Жас — кәрінің көзі,
Кәрі — жастың тезі.
***
Бала соққан кездіктің басы жарық.
***
Көп қарттың ішінде бір бала дана болар,
Көп баланың ішінде бір қарт бала болар.
***
Қарты бар үйдің құты бар.
***
Кәрінің бары игі.
***
Есік алды төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
Ауылыңда қартың болса,
Жазып қойған хатпен тең.
***
Кәрісі кімнің бар болса,
Хаты соның қолында.
***
Көп жасаған көмбенің үстінен
шығар.
***
Бүркіт қартайса тышқаншыл болады.
***
Кәрілік — дауасыз дерт.
***
Жастыққа да кәрілік бар,
Байлыққа да жарлылық бар.
***
Жастық – желік.
***
Көңіл қартаймас, көз қартаяр.
***
Кәрілік сені қайтейін,
Сөйлер сөзге мерт ерттің.
***
Әкесі құрдастың, баласы құрдас.
***
Кәрі білгенді пері білмес.
***
Сексен дегенше, жермен жексен де.
***
Адам өзінен кейінгілерді көріп
қартаяды.
***
Соқырдың тілегені екі көз.
***
Туа мүкіс жазылмас.
***
Соқыр ұстағаннан айырылмайды.
***
Ұлы бардың — ұрпағы бар.
***
Соқырға күн де қараңғы, түн де қараңғы.
***
Тісі шыққан балаға шайнап берген
ас болмайды.