Адамгершілік -жақсылықтың нәрі

0
Сабақ : Адамгершілік жақсылықтың нәрі Мектеп: ЖОББ Шипов мектебі Күні: 09.02.2016 ж Мұғалімнің есімі: Жангирова Улбике Изтелеуовна Сынып: 10 Қатысқандар саны: 21 Қатыспағандар саны:0 Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін  қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: А. Адамгершілік ұғымына түсінік бере алады Оқушылардың басым бөлігі: В. Адамгершілік ұғымының қоғамға , ұжымға пайдасын дәлелдеп көрсетеді Кейбір оқушылар: С. Адамгершлік ұғымының маңыздылығын ажыратады Тілдік мақсат Оқушылар:Берілген сұрақтар бойынша топ ішінде талқылайды Негізгі сөздер мен тіркестер: Жаңа сөздермен жұмыс Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым) Бейнероликтен көрген материалдарын талқылайды Сіз неліктен …. екенін айта аласыз ба?(айтылым) Адамгершілік туралы мақалдардың мәнін ашады Жазылым бойынша ұсыныстар: Жаңа таныс емес сөздердің мағынасын ашып жазу Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз ) Формативті бағалау (ОҮБ) Ресурстар Басталуы

3 мин

4 мин

Кіріспе. (1-2 минут)Ұйымдастыру. «Танысайық баріміз» оқушылар өздерінің жақсы қасиеттері арқылы есімдерін айтып, танысады.Топқа бөлу мақсатында оқушылардың қолына мақал мәтелдер жазылған қағаздар береміз.І топ: Адамгершілік болмай, Әділдік болмасІІ топ: Махаббат, достық, бауырмалдық – адамның ең бір асыл қасиеттері.ІІІ топ: Адалдық: өзі алданса алданар, өзі ешкімді алдамас.ІҮ топ: Үлкенге құрмет, кішіге ізет.Оқушылар топпен біріге отырып, мақалдың мағынасын ашады.

Қолпаштау

Мадақтау

Парақшалар

Ортасы 2 мин15 мин

7 мин

Негізгі бөлім Оқушыларға «Адамгершілік дегеніміз не?» бейнеролик көрсету.Бейнеролик тамашалап болған соң, оқушыларға «Адамгершілік — асыл қасиет» тақырыбында ресурстар беру арқылы постер шығартқызу.Постер шығарған соң постерлерін қорғайды.«Қарияларға сый құрмет» әлеуметтік жарнамаШағын пікірталас ұйымдастыру.І топ: Адамгершілік қасиеттерді барлық адамның бойынан байқай аламызІІ топ:Адамгершілік қасиеттер адам бойынан алшақтап бара жатқан сияқты»ІІІ топ: Адамгершілік қасиеттерді дұрыс бағалау керекІҮ топ: Әр адам өзінің адамгершілік қасиетімен таныла біледі

«екі жұлдыз, бір ұсыныс»

«Басбармақ»

Флипчарт, маркерлер, кесте, ноутбук, бағалау парақшалар, стикерлер

Аяқталуы 8 мин

4 мин

Бекіту :«Адамгершілік»  тақырыбында сөзжұмбақ шешілді. Сұрақтары:1.     Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).2.     Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид).3.     Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).4.     Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).5.     Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатыгездік).6.     Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім).7.     Адамды билейтін де, илейтін де нәрсе (орта).8.     Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).9.     Адам іс-әрекетін қозғайшы күші (қажеттілік).10.  Адам дарынының қасиетін анықтайтын сипаты (психология).11.  Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік).12. Ең асыл қасиеттердің бірі (ерлік).

Рефлексия (кері байланыс)«Мен адаммын, жеке тұлғамын» әдісі арқылы Оқушыларға қағаздан адам тұлғасын жасата отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазғызу.

«Сөзжұмбақ» жазылған плакаттар

Түрлі түсті қағаздар