Адамдар арасындағы қарым — қатынас психологиясы

0


КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан — жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі. Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез — келген ортада қарым — қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерініңжоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді. Студент тұлғасының қарым — қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақпедагогтарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке,алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты. Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс — әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Тұлға өзін басқа тұлғалармен қарым — қатынаста анық көрсететіні белгілі. Және де, С. К. Рощин пікірінше, тұлғаның маңызды сипаттамаларының бірі адамның қарым — қатынас құратын серіктестерінің ол үшін субъективті қолайсыз немесе жағымсыз өзара жеке ерекшеліктерін (әрекеттері, әдеттері, жүріс — тұрысы стилі, ойлау стереотипі) қандай дәрежеде көретінін (шыдайтынын) көрсететін коммуникативтік төзімділік болып табылады. Коммуникативтік коммуникаторлар мен олардың серіктестерінің ерекшеліктеріне тәуелді. В. В. БОЙКО қарым — қатынасқа ықпал ететін тұлғаның негізгісипаттамаларына мыналарды жатқызады: интеллектуалды, құндылықты, этикалық, эстетикалық, эмоциялық, сенсорлық, энергодинамикалық, мінез — құлықтық. Автордың пікірінше, осы сипаттамалардың интегративтік қызметі адамдар арасындағы қатынастарды, олардың агрессивтілігін немесе төзімділігін анықтайды.
Қоғамды мына мәселе алаңдатады: осындай әсерге нені қарсы қоюға болады? Ең алдымен, балаларды, жасөспірімдерді және жастарды отбасында және мектепте конструктивтік қарым — қатынасқа жүйелі түрде оқыту, олардың коммуникативтік және психологиялық құзыреттігін қалыптастыру, әлеуметтік интеллекті дамыту. Мейірімділік пен зұлымдық, адамгершілік сипаттары туралы түсініктер, обьективті ақпарат (білімдер) — осының барлығы адамның, оның жеке тұлғасының қалыптасу үрдісінің қажетті құраушылары. Және олар басқа адамдармен қарым — қатынаста болғанда, белгілі бір қызметте ғана көрінеді. Р.Роллан жақсылық ғылым емес, әрекет деп дұрыс айтқан. Қоғамда қабылданған нақты моральдық құндылықтар дәл осы қарым — қатынас кезінде көрінеді және бекітіледі. Бірақ барлық осы құндылықтарды игеру, оларды қолдануды үйрену оңай емес. Бұл тақырып бойынша дәріс қана оқу жеткіліксіз. Оқу және ойын — сауық үрдісіне, сондай — ақ жасөспірімдерге арналған әртүрлі оқу бағдарламаларының мазмұнына бір мезгілде арнайы интерактивті психологиялық ойындарды, тренингтер мен жаттығуларды енгізу қажет. Әртүрлі сарапшылардың куәландыруы бойынша, қарқынды және имитациялық ойындар тұлға аралық өзара қарым — қатынасты ұйымдастыруға және коммуникативтік құзыретткті ғана емес, сондай — ақ адамгершілік нормаларды, қағидаттарды және құндылықтарды меңгеруге, рухани қажеттіліктерді дамытуға, ынтымастыққа, серіктестік қарым — қатынастар орнатуға, бір — бірін және өзін — өзі түсінуді оқытуға, жек және кәсіби қарым — қатынаста табысқа жету үшін өз әлеуетін түзетуге мүмкіндік береді. Сондай — ақ, рөлдік ойынлар мен тренинтер біреудің аяқ — киімімен жүру қажеттілігін тудыратыны да белгілі, бұл эмпатияның дамуына ықпал етеді, демек, ойын сабақтарының қатысушылары басқа адамдарға, жануарларға, және де табиғатқа қатысты мейірім мен жанаршылыққа үйренеді. Әрине, қарым — қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды. Әлеуметтік психология мен жалпы психология аймағында қарым — қатынас проблемасы мен зейін проблемасы жан — жақты қаралған. А. А. Леонтьев Қарым — қатынас ұғымын әмбебап коммуникативті іс — әрекетке теңейді. В.А.Кан-Калик қарым — қатынасты адамгершілік құндылық потенциалына ие дейді. Қарым — қатынасты түсіну негізіне А.Н. Леонтьевтің іс — әрекет концепциясын және А.В. Запорожец (1979), Д.Б. Эльконин (1960-1978), В.В.Давыдов (1977), П.Я. Гальперин (1978) концепцияларын аламыз. Берілген концепциядағы көзқарас бойынша іс — әрекет нақты процесс, әрекеттер мен операциялар жиынтығынан құралған, ал бір іс — әрекеттің екіншісінен айырмашылығының негізінде оның заттық спецификасы алынады. Қарым — қатынас пәні: бұл басқа адам, қарым — қатынасбойынша субъект ретінде партнёр, бұндай қарым — қатынастың пәнінің ұқсас анықтамасын Т.В.Драгунова (1967) береді. Өзінің көріністерінде қарым — қатынас айналадағылармен контактқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады. Қарым — қатынас үшін оның мүшелерінің физикалық зат емес тұлға ретінде көріну сипаты өте маңызды. Қарым — қатынастың бұл ерекшелігіне А.А. Бодалев 1965, Е.Э. Смирнова 1973 жәнее т.б психологтар көңіл аударған.
Қарым — қатынас деп — екі немесе оданда көп адамдардың қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.
Психологиялық қарым — қатынас — адамдар арасында бірлескен іс — әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе , білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым — қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Сондай — ақ, қарым — қатынас болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бірфакторы екені де белгілі. Ол студенттердің топтық іс — әрекеттінің реттеушісі және адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды, мінез — құлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады. Сондықтанда жан — жақтан келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту — тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін,олардың қарым — қатынастағы зейіндерінің деңгейлерін анықтау өзекті мәселелердің бірі.
Зерттеу мақсаты: Адамдардың қарым — қатынас арқылы бірін — бірі түсінуін психологиялық тұрғыдан қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым;
2. Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы;
3. Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi;
4. Психологиялық қарым — қатынас және оның өзіндік рөлі;
5. Психологиялық қарым — қатынас және оның формалары мен түрлері;
6. Тұлғааралық қарым — қатынас және оның түрлері;
Зерттеу объектісі (нысаны) : Адамдар арасындағы қарым — қатынас психологиясы.
Зерттеу әдістері: Қарым — қатынасты адамдар арасында қалыптастыру жөнінде ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау, топтастыру арқылы тәжірибелік зерттеу әдістері қолданылады.
Зерттеу болжамы: Егер адамдар арсындағы қарым — қатынас психологиясын зерттеп, дұрыс қарым — қатынас әдебін білсек, зерттеу нәтижелері адамдардың бірін — бірі түсінуі оңай болуына үлес қосады.
Зерттеу құрылымы: Кіріспе, 3 бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І БӨЛІМ АДАМДАРДЫҢ ҚАРЫМ — ҚАТЫНАС АРҚЫЛЫ БІРІН — БІРІ ТҮСІНУІ
0.1 Қарым — қатынас психологиясы туралы жалпы түсінік
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым — қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез — келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым — қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау — біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз өсуіне, кішкендайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым — қатынасқа түсу қай ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым — қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау — жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым — қатынас жасау — бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым — қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым — қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның щебері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спекталь көрсек те, лекция тындасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос — жарандармен сөйлессек те — осының бәрі — қарым — қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тыныс — тіршілікте адамдар бір — бірімен тікелей, жүзбе — жүз не жанама (хат жүзінде, радио, теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым — қатынасқа түседі. Мәселен, мұның тікелей «бетпе — бет», телефон арқылы сияқты түрлерінде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңізші!Осындай қарым — қатынастыңмән — мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отырады.
Көптеген адамдар қарым — қатынас жасау — бұл тeк қана ақпаратты беру және қабылдау дeп есептейді. Дегенмен, ақпаратты беру үшін алдымен өзара әрекеттесу қажет. Демек, қарым — қатынастың алдымен қатынастармен байланысты. Бұдан басқа, қарым — қатынас — бұл үзіліссіз іс — әрекет: кез келген ақпаратты беру өзара әрекеттесуді және басқаларды белгілі бір идеяларды, пікірлерді, шешімдерді сендіру мүмкіндігін білдіреді. Сондай — ақ, қарым — қатынас жасау өзара түсіністік үшін қажет. Адамның қазіргі заманғы кəсіби қызметің барлығы іс жүзінде өзара ақпарат алмасудан құралады, яғни коммуникативтік құзыреттілікке (сөйлесулер, келіссөздер, пікірталастар, сөз сөйлеулер, кездесулер, презентациялар немесе интернеттегі виртуалды қарым-қатынастар және т.б.) негізделген. Мамандар (мұғалімдер, дәрігерлер, менеджерлер, адвокаттар, банкирлер, сауда өкілдері, қоғаммен байланыс жөніндегі мамандар, диспетчерлер, салық қызметкерлері, секретари және т.б.) қарым — қатынас жасаудың қажетті дағдыларын алу үшін тренингтер, интерактивті ойындарға қатысады, келіссөздер жүргізу және жанжалды жағдайларды шешу үшін ұйымға психологтар мен консультанттарды шақырады. Мұның бәрі өте қымбат. Балалық шақта қарым — қатынас құзыреттілігін дамыту әлдеқайда тиімді. Қарым — қатынассыз топтың да, ұйымның да, қоғамның да болуы мүмкін еместігі мәлім. Өзара қарым — қатынас жасай алу — адамзаттың эволюция барысындағы басты жетістіктерінің бірі болып саналады. Мамандардың мәлімдеуінше, қарым — қатынас — ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің бірегей стратегиясына дағдылану, басқа адамды қабылдау және түсінуден құрылған және бірлескен қызметтің қажеттіліктерінен туындаған, адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының көп жоспарлы, әрі қиын процесі.
Ғалымдар қарым — қатынасты адамдардың тіршілік әрекетінің рухани және материалды формаларының алуантүрлілігін біріктіретін, сонымен қатар оның маңызды қажеттілігі болып саналатын әлеуметтік — психологиялық құбылыс ретінде қарастырады. Қарым — қатынас — сөзі латынның қоғам, қауым, ортақ деген мағына білдіретін communis сөзінен шыққан. Әлдекіммен ақпарат алмасу үшін, ең алдымен байланысқа, қарым — қатынасқа түсіп, одан кейін бірлескен қызмет барысында ортақ көзқарасқа жетуге тырысу керек.
Әлеуметтік психологтар біртұтас қарым — қатынас процесінің (Б.Д. Парыгин, Г. М. Андреева) үш бағытын немесе қызметін бөледі:
■комуникативті (ақпарат беру, алу және алмасу);
■интерактивті (өзара әрекеттесу);
■перцептивті (қабылдау, түсіну және өзара түсіністік).
Бұдан, қарым — қатынасты бірнеше қырдан құралатын ерекше пирамида ретінде елестетуге болады. Олардың әрқайсысының жеке мағынасы бар және әр түрлі уақытта, әр түрлі жағдайда басым болуы мүмкін. Алайда, толыққанды қарым — қатынас тек барлық қырлар бір мезгілде пайда болғанда ғана түзіледі: ақпарат алмасу, басқа адамдармен өзара әрекеттестік, оларды түсіну және тану, сонымен қатар қарым — қатынас барысында туындайтын уайымдау. Дәл осы психикалық байланыс қарым — қатынасты әр түрлі мәселелерді шешу үшін жасалатын өзара байланыс пен әрекеттестік қана емес, өзара эмоция алмасу, бірге қуану, уайымдау және қайғыруды шамалайтын екі жақты қызмет ретінде сипаттайды.
Қарым — қатынас адамның өмірін толығымен еніп, тамақ, киім, су, тұрғын үй және басқа да тіршіліктің қажеттіліктері сияқты маңызды болып табылады. Адам қоғамнан қуылғанда, яғни толық жалғыздық жағдайында алтыншы күннен бастап ақ галлюцинация басталатыны белгілі. Ол жоқ бейнелермен сөйлесіп, егер оңаша қалса, мерт болады. Адам үшін қоғамда өзіне өзі ұсынылып, абсолютті түрде байқалмай қалуы сияқты жан түршігерлік жаза жоқ. Бұған дәлел ретінде, кінәлі адамды бір аптаға немесе одан да көп уақытқа үңгірге қамап, оның ішінде тіпті өзімен өзі сөйлесуіне де тыйым салынатын, жалғыздықпен жазалауды (жапон тілінде Моритао) атауға болады.
Бұдан, қарым — қатынасты бірнеше қырдан құралатын ерекше пирамида ретінде елестетуге болады. Олардың әрқайсысының жеке мағынасы бар және әр түрлі уақытта, әр түрлі жағдайда басым болуы мүмкін. Алайда, толыққанды қарым — қатынас тек барлық қырлар бір мезгілде пайда болғанда ғана түзіледі: ақпарат алмасу, басқа адамдармен өзара әрекеттестік, оларды түсіну және тану, сонымен қатар қарым — қатынас барысында туындайтын уайымдау. Дәл осы психикалық байланыс қарым — қатынасты әр түрлі мәселелерді шешу үшін жасалатын өзара байланыс пен әрекеттестік қана емес, өзара эмоция алмасу, бірге қуану, уайымдау және қайғыруды шамалайтын екі жақты қызмет ретінде сипаттайды.
Қарым — қатынас адамның өмірін толығымен еніп, тамақ, киім, су, тұрғын үй және басқа да тіршіліктің қажеттіліктері сияқты маңызды болып табылады. Адам қоғамнан қуылғанда, яғни толық жалғыздық жағдайында алтыншы күннен бастап ақ галлюцинация басталатыны белгілі. Ол жоқ бейнелермен сөйлесіп, егер оңаша қалса, мерт болады. Адам үшін қоғамда өзіне өзі ұсынылып, абсолютті түрде байқалмай қалуы сияқты жан түршігерлік жаза жоқ. Бұған дәлел ретінде, кінәлі адамды бір аптаға немесе одан да көп уақытқа үңгірге қамап, оның ішінде тіпті өзімен өзі сөйлесуіне де тыйым салынатын, жалғыздықпен жазалауды (жапон тілінде Моритао) атауға болады.
Қарым — қатынастың пән саласын анықтау маңызды. Психологиялық әдебиеттерде қарым — қатынасқа кіретін ұғымдардың нақты бөлінуі жоқтың қасы, бұл белгілі түсінбестікке әкеледі. Қарым — қатынастың пән саласының құрылымы қарым — қатынас терминінің келесідей белгілі мағыналарына байланысты:
■бірлестіру, ортақтық пен тұтастықты құру;
■хабарлама беру, вербалды және вербалды емес ақпаратпен алмасу;
■өзара түсіністікке ықпал ететін қарсы қозғалыс пен өзара сіңісу.
Қарым — қатынастың келесі аспектілері болады:
* Қарым — қатынастың мазмұны дегеніміз ол — адамның ішкі мотивациялық немесе эмоционалдық күйі туралы мәліметтер болу мүмкіндігі;
* Қарым — қатынастың мақсаты дегеніміз ол — адамда белгілі нәрсеге байланысты белсенділік түрінің пайда болуы;
* Қарым-қатынастың әдіс — құралдарына мыналар жатады: тіл, суреттер, сызбалар, бейне таспалар, механикалық, магниттік, лазерлік жазба құралдар.
Оған қоса, қарым — қатынас ұғымы, өзара әрекеттесудің тұлға аралық сипатын көрсетіп қана қоймай, нәтижесінде қарым — қатынас қатысушыларының арасында психологиялық байланыс орнайтын ерекше қызмет түріне жатады. Осылайша, адамдардың байланысы мен өзара әрекеттесуге түсуінің нәтижесінде қалыптасатын қатынастың психологиялық бояуы тұлға аралық қарым — қатынастың маңызды сипаттамасы болып табылады. Психологияда адамдар арасындағы қарым — қатынастың үш негізгі түрі бар: императивті, манипуляциялық және диалогтық.
Императивті қарым — қатынас (лат. imperativus — бұйрықты, таңдауға рұқсат етілмейтін) — бұл, әдетте, коммуникациялық серіктеске авторитарлық (күштік) әсер ету нысаны. Оның басты мақсаты — бірін — бірі серіктесіне бағыну, оның мінез — құлқына, ойларына бақылау жасау, сондай-ақ белгілі бір әрекеттер мен шешімдерді мәжбүрлеу. Бұл жағдайда, серіктес бақыланатын механизм ретінде, әдетте, пассивті жақ ретінде әрекет етеді. Сонымен бірге, серіктесті мәжбүрлеу жасырылмайды және ықпал ету бұйрығы ретінде бұйрықтар, қаулылар, шешімдер, талап — тілектер мен қорқытулар пайдаланылады, ал олардың орындалмау нәтижелері жазалау, қоғамдық сөгіс болып табылады.
Манипуляциялық қарым — қатынас (латынша manipuler — манипуляция жасау императивтіге ұқсас). Оның басты мақсаты, сондай — ақ қарым — қатынас серіктесіне әсер ету болып табылады, бірақ сол уақытта ол ниет жасырын, камуфляжданады. Манипуляция, императивтік тәрізді басқа адамның ойы мен жүріс — тұрысын бақылауға қол жеткізуге деген ниетін біріктіреді. Айырмашылығы, тек манипуляциялық қарым — қатынаста әңгімелесетін серіктесі шынайы ниеті туралы хабардар етпейді, әдетте, оның қалтарыста мақсаты болады және бопсалау, қорқыту, құндылықтарды алмастыру, басқалармен қақтығысу немесе өтірік ниет білдіру, жағымпаздық, фактілерді жасыру, жалған айту және т.б. тәрізді кір әсер ету технологияларын пайдаланып жатады.
Өзара қарым — қатынас түрінде әріптес, әдетте, бірегейлікке құқығы бар біртұтас тұлға ретінде қабылданбайды, манипуляторға қажетті белгілі бір қабілетін, сапасын және қасиеттерін тасымалдаушы ретінде қабылданады, оны ол өз мақсаттары үшін пайдаланады. Басқа адамға қатысты манипуляциялық қарым — қатынас, әдетте, тұлға аралық қарым — қатынас пен сенімді қарым — қатынастардың жойылуына алып келеді.
Диалогтық қарым — қатынас (грекше dialogos сөзінен — екі немесе одан да көп адамдар арасындағы әңгіме) адамдар арасындағы қарым — қатынастың императивтік және манипуляциялық түрлеріне балама болып табылады. Ол серіктес — қатысушыларының, яғни қарым — қатынасқа қатысушылардың тең құқығына негізделген және өзіңізге тұрақты орнатудан серіктеске орнатуға көшуге және оның мүдделері мен мүмкіндіктерін ескеруге өтуге мүмкіндік береді (мен айтып тұрмын — сіз тыңдайсыз және керісінше).
Іскерлік қатынастар екі топқа бөлінеді: оң және теріс (конструктивті және деструктивті). Біріншісіне әріптестік пен ынтымақтастық, ал екіншісіне — бәсекелестік пен бақталастық, сондай — ақ жанжалдық қарым — қатынастар жатады. Іскерлік қарым — қатынастар тұрақты, олар байланыс үшін міндетті, олар объективті — мақсатты және функционалды — рөлдік сипатқа ие. Іскерлік қарым — қатынастар дәстүрлі, жағдайлық, эмоционалды және зорлық — зомбылық сипатында шектеулерге ие. Бұл қатынастарды көбінесе формальды немесе ресми деп атайды, өйткені жоғарыда аталғандардан басқа, өзгелерге тән сипаты бар және оларға кіретін адамдардың жеке және психологиялық жай — күйіне тәуелді емес; рөлдер мен маскалардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін, жауапкершілікпен тәуелді болып келеді.
Бұқаралық қарым — қатынас — бұл қоғамдағы бейтаныс адамдардың байланыстары мен контактілері, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы байланыс.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, адамдар арасында тұлға аралық қарым-қатынас та бар — адамдардың қарапайым қарым — қатынасы, әр адамның жеке сипаттамаларына және рөлдік қарым — қатынасқа байланысты және рөлдік қарым — қатынас белгілі бір рөлдерді алып жүрушілердің мақсаттары мен сипаттамаларын көрсетеді, мысалы: мұғалім — мектеп оқушысы, ғылыми жетекші — бағынушы, мұғалім — студент және т.б. Рөлдік қарым — қатынаста адам рөлге негізделе отырып әрекет етуге мәжбүр болады, кейде өз ниетін және сипаттамаларын жасырып, оны бағалайды, әдетте ойнаған рөлдің жеткіліктілігі негізінде бағалайды. Қарым — қатынас барысында адамның өзара байытуы және жеке даму жүреді, өйткені өзара әрекеттесудің нәтижесінде әр қатысушысы өмірлік және кәсіби тәжірибеге ие болады, әртүрлі білімді игереді, құндылықтар мен жұмыс істеу жолдарын дамытады, этикалық және психологиялық нормаларға және мінез — құлық ережелеріне бейімделеді.

0.2 Қарым — қатынас психологиясының зерттелуі
Қарым — қатынас — әр түрлі ғылымдармен зерттелетіндіктен, күмәнсіз, қиын әрі көп қырлы процесс болып саналады. Әлеуметтану қарым — қатынасты әлеуметтік нәтижелер мен салдарға әкелетін адами байланыстар ретінде қарастырады. Психология тұлға аралық өзара әрекеттесу, қабылдау, адамдардың өзара сіңісуінің сұрақтарын зерттейді. Лингвистика — коммуникация құралы ретінде тіл мен сөйлеуді, сөздер мен терминдерді зерттейді. Менеджмент өзара әрекеттесу, ынтымақтастық, бәсекелестік пен серіктестік қатынастың сұрақтарын қарастырады. Аксиологиялық тәсілдеме қарым — қатынасты құндылықтармен алмасу процесі ретінде зерттесе; нормативті — индивидтердің мінез — құлқын нормативті реттеу процесіндегі қарым — қатынастың рөлі мен орнын анықтайды, сонымен қатар кәдімгі санада нормалардың берілу және бекітілу процесін, мінез — құлық стереотиптерінің нақты қызмет процесін зерттейді; қарым — қатынастың әлеуметтік — тәжірибелік аспектісі — оны қызмет нәтижелері, қабілеттілік, ептілік пен машықтармен алмасу ретінде қарастырады. Интенсивті технология саласындағы мамандар қарым — қатынасты оқытудың пәндік құрылымы ретінде, ойындар, тренингтер және жаттығулардың көмегімен ептілік пен машықтарды дамыту тұрғысынан қарастырады.
Қарым — қатынас — тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде қарым — қатынас мәселесі шешендік өнер, эвристика және диалектика саласында зерттелді. И.А.Зимняяның айтуынша қарым — қатынас XX ғасырдағы жаңа мәселе. Қазіргі кезде қарым — қатынас мәселесі философия, әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық психология салаларында зерттелуде. Қарым — қатынастың тұлғаның дамуындағы маңызды орнын психологтар В.Г.Ананьев, А.А.Бодалев, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Ф.Ломова, А.Р.Лурья, В.Н.Мясищев, А.В.Петровский зерттеген. 1970-ші жылдардың аяғынан бастап қарым — қатынасты жан — жақты қарастыратын зерттеулер пайда бола бастады.Қарым — қатынас мәселесін Б.Д. Парыгин, И.С. Кон, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Прошнев, Г.М. Андреева, В.С. Мухина, Я.Л. Коломинский, М.Н. Щелованов, Н.М. Аксарина, М.С. Каган, Г.А. Балл, В.Н. Брановицски, А.М. Довгиалло, Б.Ф. Ломов, М.И. Лисина, К. Обуховский, К.А. Абульханова-Славская, Х.Т. Шерьязданова, А.Р. Ерментаева, С. Елеусізова т.б. ғалымдар қарастырған.
С.И. Ожегов сөздігінде қарым — қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік және достық байланыс арқылы дәйектеледі. Нақты әлеуметтанулық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым — қатынас ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Сонымен қатар қарым — қатынас контекстінде өзара әрекеттесуді, қатынасты тиімді жүзеге асырудың тәсілдері, дағдылары, құралдары, адамның қабілеті мен қасиеттері жүйесінде қарастырылады. Қазіргі кезде қатынас мәселесін философия, психология, әлеуметтану, этика, психолингвистика — осы сияқты, әр саладағы ғылымдар әр жақты зерттейді. Л.П. Буева, М.С. Каган және т.б. қарым-қатынасқа философиялық тұрғыдан талдау жасайды және әрқайсысы ғылыми позицияларына сәйкес, қарым — қатынас пен іс — әрекеттің ерекшеліктеріне, өзара байланысына орай әр бағытта қарастырады.Олардың әрқайсысына, біздің зерттеу мақсатымыз — қарым — қатынастың философиялық бағыттарын қарастыру болмағандықтан, жекелей сипаттама беруді жөн көрмедік. Қарым — қатынас мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеу әлемдік ғылымда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кезеңде өзекті мәселе болып көтерілді. Осы уақыттан бастап қарым — қатынасқа анықтамалар беріліп, оны зерттеуде бағыттар пайда болды.
А.Н. Леонтьев іс — әрекеттің қай түрін болмасын қарым — қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс — әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А.Н. Леонтьевтің қарым — қатынасты іс — әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, біздің зерттеуіміздің әдіснамалық негізі болды. Қарым — қатынас мәселесін талдауда оның құрылымдық компоненттерін анықтап алу зерттеуге арқау болатынын білдік. Бұл мәселені 1977 ж. В.В. Давыдов көтергенді. Г.М. Андреева, П. Яноушек зерттеулерінде қарым — қатынас мақсат бағдарлы, индивидтердің бір — бірін қабылдай алуы, түсіне алуы, өзара бірлесіп іс — әрекет жасауы және ақпарат алмасу үрдісі (үрдістер) деп қарастырылады. Қарым — қатынастың топтық жағдайдағы әлеуметтік психологиялық эффектілерін, механизмдерін талдау мақсатымен В.С. Агеев теориялық және эмпирикалық зерттеу жүргізген. Алайда қарым — қатынастың этникалық жақтарын зерттеу теория мен тәжірибеде әлі де болса жеткіліксіз деңгейде. Педагог — ғалымдардың қарым — қатынасты зерттеулерінде өзіндік бағыт бар. Мұнда оқушының психикалық дамуы, жетілуі, нақты бір білім, дағды және біліктілікті игеруі қарым — қатынас арқылы іс — әрекет барысында жүзеге асатындығы аксиома ретінде саналады. Осы мәселеге кезінде А.В. Луначарский, Н.К. Кpyпская, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко және т.б. аса көп назар аударған.А.В. Луначарский тәрбиенің терең жолдастық қатынасқа негізделуін оқушының тәрбиесіндегі басты принцип болу керек деп көрсеткен.
Оқу — тәрбие жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз ететін педагогикалық техниканың құрамдас компонентіне Н.К. Крупская қарым — қатынасты жатқызған.
С.Т. Шацкий педагогтар, яғни ересектер мен оқушылар арасындағы өзара әрекеттестік жасау ситуацияларын терең талдап, педагогикалық әсер етудегі әдістемелер мен шеберлікті, оқушылар ұжымын ұйымдастыру тәсілдерін қарастырғанды.
Р.С. Немов зерттеуінде қарым — қатынасты адам психикасының қалыптасуы, дамуы және мәдени, саналы әрекеті деп тұжырымдайды. Адам психологиялық дамыған адамдармен қарым — қатынас арқылы, үйрену мүмкіндігіне сәйкес, өзінің жоғары танымдық қабілетін және сапасын меңгереді. Адам дамыған тұлғалармен белсенді қарым — қатынас арқылы өзі де тұлға ретінде дамиды.
А.А. Леонтьев бойынша, біздің ғылым үшін адам қоғамы қарым — қатынассыз мәнсіз, өйткені, қарым — қатынас индивидтің тұрақталу тәсілі және олардың даму құралды болып табылады. Соңғы кездерде қарым — қатынаспен адамның ішкі әлемінің психикасының тығыз байланысы тереңірек анықталуда.
Л.С. Выготский зерттеуінде бала дамуы үлкендермен жасалған қарым — қатынас барысында орындалады деп анықтайды.
И.М. Сеченев жүз жыл бұрын атағандай, жалпы өмір сүруді реттейтін және оның негізін құрайтын көңіл — күй жиынтығы қарым — қатынастан туындайды.
А.С. Макаренко оқушылармен қарым — қатынас жасауға педагог студенттік кезінде үйретілуі қажеттігін жетілдіру үшін арнайы дәрістерді жоғарғы оқу орындарында оқыту керек дегенді.
В.А. Сухомлинский еңбектерінде оптималды (тиімді) қарым — қатынас оқыту мен тәрбиенің басты мәселесі болып көтеріледі. Ол ұжым мүшелерінің бір — бірін қарым — қатынас жасауды қажетсінуін жатқызады. Соңғы кездерде жас ерекшелік және педагогикалық психология салаларында қарым — қатынасты зерттеу мәселері барынша жиі көтеріледі. Ол оқушы психикасын дамыту тәжірибесіндегі сұраныс — қажеттілікпен түсіндіріледі. Қазір қарым — қатынас және жеке адам, қарым — қатынас және даму ұғымдары параллель қарастырылады да, оқушылардың психикалық үрдістерінің, функцияларының, қасиеттерінің коммуникациялық детерминациясы ғылымда жан — жақты талданады. Бұл жағдайдың өзі қарым — қатынас бойынша теориялық және эксперименталдық зерттеулерді интенсификациялап қана қоймай, психология пәнінің принципиалды жаңаруына жағдай жасады (Г.М. Андреева). Осылайша адамның психикалық дамуы басқа индивидтермен қарым — қатынас, байланыс жасау арқылы психологиялық жағынан бағаланып, талданады. Сонда адам психикасының даму мәселесі тері астындағы адам (А.Н. Леонтьев) сипаттамасынан асып шығады да, басқа адамдармен қарым — қатынас жасау, әрекеттесу, коммуникация кеңістігімен қарастырылады. Қарым — қатынастың бұл аспектісі, кезіндегі кеңес психологтары Л.С. Выготский, Е.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, В.Н. Мясищев, Д.Б. Эльконин, Б.Ф. Ломов, А.В. Петровский, Г.М. Андреева, А.А. Бодалев, В.П. Панюшкин және т.б. еңбектеріне негіз болды. Біздің зерттеулер үшін айрықша маңызды жайт, ол жоғарыдағы қарым — қатынас детерминттілігін (себептілігін), яғни адам психикасын дұрыс қалыптастыру, дамуды психикалық дұрыс қалыптастыру, дамуды психикалық коррекциялау және реабилитациялау міндеттерін шешуде қарым — қатынастың әрі құралы, әрі мақсаты болып табылатындығы. Осы бағыттың негізінде Э. Фромм, Г.С. Салливен, Ж. Лакан, К.Р. Роджерс, А.Г. Маслоу, Р. Мэй, С.М. Джорард концепциялары, әсіресе оның психокоррекциялық және психо — терапиялық жақтары дамып отыр. Психологиялық, педагогикалық зерттеулерде педагог пен оқушылар арасындағы қарым — қатынас мәселесі басқы орын алады. Бұл қарым — қатынасты анықтауда арнайы педагогикалық қарым — қатынас деген ұғым қолданылады. Педагогикалық қарым — қатынас А.А. Бодалев, В.А. Кан-Калик, Я.Л. Коломинский, Е.А. Панько, В.А. Петровский, А.А. Леонтьев т.б еңбектерінде мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипатталады. Педагогикалық қарым — қатынас педагог пен оқушылар арасындағы нақты психологиялық контакт деп түсіндіріледі.
Б.Ф. Ломовтың пікірінше, қазіргі кезде қарым — қатынас және психика іштей баланыста: қарым — қатынас барысында субъектінің екінші субъектіге ішкі әлемін көрсету жүзеге асады.
Қарым-қатынастың тұлғалық формаларын зерттей келе М.И. Бобнева мынадай пікірге келді: Тұлғаның ішкі әлемі әртүрлі қарым — қатынас түрлеріне байланысты қалыптасады және адамның ішкі әлемі тұлғалық қарым — қатынастың интериоализациаланған формасы.
В.Н. Мясищев басқа адамдар мен қарым — қатынас және іс-әрекет процесінде дамитын тұлғаны күрделі қатынастар жүйесі ретінде көрсетті.
Отандық ғалымдарының еңбектеріндегі қарым — қатынас тұжырымдарын талдап, ол өз зерттеуімізде арқау болады. Х.Т. Шерьязданованың зерттеу жұмыстарында тұлғаның қарым-қатынасын жетіл-дірудің психологиялық — педагогикалық амалдарын дәйектеледі. С.Қ. Бердібаева зерттеуінде тұлғаның қарым-қатынас кезіндегі шығармашылық іс-әрекеттің дәйектеген. Б.Ә. Әмірова тұлғаны зерттеуді қазіргі теориялық және тәжірибелік психологиядағы ең маңызды бағыттардың бірі ретінде дәлелдейді. А.Р. Ерментаева қазақстанда алғаш рет тұлғаны психологиялық дайындаудың субъект — бағдарлы негізін зерттеуге байланысты дәйектеген. Н.Қ. Тоқсанбаева қарым — қатынасты бірлескен іс — әрекетті жүйелендіру факторы ретінде қарастырған. Қарым — қатынастың коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік үдерістермен бірдей жүйе ретінде көрінуінің өзі бірлескен іс — әрекетті жүйелендіру факторы ретінде анықтап, тұлғаның қарым — қатынастағы эмоциялық күйлерінің құзыреттілігі бірлескен іс — әрекетті жүйелендірудің факторы ретінде дәйектеледі. Тұлға қоғамдық қатынастар жүйесінде қалыптасады. Қарым — қатынас қоғамдық қатынастардың жүзеге асыру тәсілі ретінде көрінеді..
Қарым — қатынас үнемі іс — әрекетпен тығыз байланысты және іс — әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастыра аламыз. Біз кеңестік психолог А.Н. Леонтьевтің іс — әрекет теориясын қолдандық. Адамдар өмірінде қарым — қатынас көптеген функциялар атқарады. Біз олардың үш түрін бөліп көрсеттік:
— бірлескен іс — әрекетті ұйымдастыру;
— тұлға аралық қатынасты қалыптастыруды дамыту;
— адамдардың бірін — бірі тануы.
Қарым — қатынас категориясының мәнділігі адамның және тұлғаның қоғамдық мәнділігін ашуға көмектеседі. А.С. Макаренко қарым — қатынасты жеке теориялық мәселе ретінде қарастырған жоқ. Алайда оның еңбектерінде ұжымның қалыптасуындағы қарым — қатынастың рөлі, ұжымдағы іскерлік және жеке қатынастар мәселері, оқушылар ұжымымен өзара әрекет жасау аспектілері айқын сипатталады. Олай болса қарым — қатынас біріншіден оқу міндеттерін шешу құралдары, екіншіден тәрбие үрдісін әлеуметтік — психологиялық қамтамасыз ету шарты, үшіншіден оқу мен тәрбиені нәтижелі ететіндей педагогпен оқушылардың өзара қатынасын ұйымдастыру тәсілі болады.
60 — шы жылдардың аяғында әлеуметтік және педагогикалық психологияның қиылысында педагогикалық қарым — қатынас түсінігі пайда болып кеңестік ғалымдардың қызығушылықтарын тудырды.
80 — ші жылдардың басында А.А. Бодалев және В.Я. Ляудис педагогикалық қарым — қатынас тұлғаның қалыптасуының және оның дамуын басқару мүмкіндіктерін қарастыратын білімнің жаңа аймағы екендігін атап көрсетті.
А.А. Леонтьевтің педагогикалық қарым — қатынас мәселесінің оқыту және тәрбиелеу тәжірибесінде аса өзекті екендігіне көңіл аудартуы ерекше рөлге ие. Өз еңбегінде А.А. Леонтьев әрбір мұғалімге педагогикалық қарым — қатынас түсінігінің мәнін жан — жақты және түсінікті етіп жеткізді.
В.А. Кан — Калик өзінің және басқалардың педагогикалық тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалім мен оқытушы, мұғалім мен сынып арасындағы, қатынастарда кездесетін қиындықтардың себебі, мұғалімнің педагогикалық қатынасының қыр — сырын әлі де болса бойына сіңірмегені туралы, әр мұғалім коммуникативтік іскерліктерді меңгеріп, оны оқыту және тәрбие үрдісінде қолданылу қажет екенін айтады. В.А. Кан — Калик мұғалімнің коммуникативтік іскерліктеріне: көпшілік алдында сөз сөйлей білу; қарым — қатынасқа түсе білу; әр түрлі жағдайлар туғыза отырып шығармашылық іс — әрекетті ұйымдастыру, оқу және тәрбие үрдісінде дұрыс қарым — қатынас құрып, оны басқара білу іскерліктерін қарастырады.
В.Н. Мясищев оқушы мен мұғалімнің, бастық пен қол астындағылардың, ата-ана мен баланың т.б. қарым — қатынастарын талдай келіп, қарым — қатынастың мазмұнды, мәнерлі және әрекетті, элементтері тек ғана тіл мен немесе ым ишаратты мен ассоциативтік байланыстарды (түрлі бейнелер немесе күшті эмоциялармен қанықтырылған) көрсетумен де байланысты екенін тұжырымдайды. В.Н. Мясищевтің негізгі идеясы бойынша, адамның жеке даралық қасиеттері: мінезі, тіпті бейімділіктері мен қабілеттері де адам аралық қарым-қатынаста көрінеді де, дамиды деп тұжырымдайды.
А.В. Мудрик қарым — қатынасты педагогикалық категория ретінде көрсетіп, оқушыларда бір мақсатты бағыттағы коммуникативті жағдайдан шығу жолдарында жаңа тәсілдерді, қолдана білу іскерліктерін жатқызады. Бүгінгі таңда қарым — қатынас мәселесі педагогика — психология саласында ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Педагогикалық қарым — қатынас негізінде оқушылардың мінез — құлқы, таным дүниесі, адамгершілік позициясы қалыптасып, жетіледі (Х.Т. Шерьязданова, В.Ф. Моргун т.б.). Педагогикалық қарым — қатынастың формасы — оқушылар мен педагогтың субъект — субъект жүйесіндегі бірлескен әрекеттестіктері болып табылады. Сондықтан, келешек педагог және психологтар оқушылармен педагогикалық қарым — қатынас ұйымдастыра білуі керек. Осыған сәйкес келешек педагог және психологтарды даярлауда, педагогикалық қарым — қатынасқа даярлауды бірінші критерий деп білеміз. Педагогикалық қарым — қатынас педагогтың жеке басы, оқушылар психикасына әсер етудегі рөлі, яғни қарым — қатынас стилі арқылы әр деңгейде көрінеді.
В.С. Мухина қарым — қатынас стилін педагогтың оқушыларға әлеуметтік психологиялық әсер етуінің дара типологиялық ерекшелігі деп анықтайды. Әдебиеттерге талдау жасағанда педагогтық қарым — қатынас стилінде коммуникациялық тәсіл, қатынас сипаты, даралық, оқушылар ерекшелігі, әлеуметтік — адамгершілік құндылықтар, әлеуметтік рөлі мен статус көрінеді. Ал, К. Левин қарым — қатынастағы стилдің үш түрін авторитарлы, яғни басқарудағы қатал тәртіп; демократиялы тәсіл, бұл әріптестік, әркімнің белсенділігін арттыру; немқұрайлы тәсіл деп нақтылайды. А.А. Бодалев және В.Я. Ляудис педагогикалық қарым — қатынас тұлғаның қалыптасуының және оның дамуын басқару мүмкіндіктерін қарастыратын білімнің жаңа аймағы екендігін атап көрсетті.
Х.Т. Шерьязданова қарым-қатынасты болашақ педагогтерді кәсіби дайындау негізі ретінде дәйектеген.
А.Р. Ерментаева педагогикалық қарым-қатынасты дамытудың этнопсихологиялық негізін, ұлттық психологияның педагогикалық қарым-қатынасқа әсерін қарастырған.
Қарым-қатынастың психологиялық ерекшелігі және психологиялық әдістерді адам-адам саласы бойынша байланыс жасайтын мамандық иелері үшін аса маңызды. Мұндай мамандықтардың бірі — педагог және психолог мамандық иелері.
А.А. Леонтьевтің педагогикалық қарым — қатынас мәселесінің оқыту және тәрбиелеу тәжірибесінде аса өзекті екендігін атады. Мұғалім мен оқушының өзара қатынасын гуманизациялауды Беларусь психологтары Н.А. Березовина, Я.Л. Коломинский, С.В. Кондратьев және олардың шәкірттерінің еңбектерінде қарастырылған.
Оқу — тәрбие қарым — қатынасы мәселесін қарастыруда В.А. Кан-Калик, Х.Т. Шерьязданова, А.Р. Ерментаева т.б. ғалымдардың еңбектерінің маңызы зор. Т.Н. Мальковская мұғалімнің жоғары сынып оқушыларымен қарым — қатынасының аспектілерін қарастырды.
А.В. Мудрик оқушылар мен тәрбиелік әсердің өзара әрекеттестігін, В.В. Чечета ата — аналар мен балалар арасындағы қарым — қатынас ерекшелігін қарастырды. Ғалымдар мұғалімнің оқушымен байланыс жүйесінің жетілдіру міндетін алдыға қояды. Педагогикалық қарым — қатынас мұғалімнің көп бейнелік коммуникациясын біріктіретін кең түсінік — тек қана оқушылармен емес, олардың ата — аналарымен, әріптестерімен, әкімшілікпен қарым — қатынас.
Л. Колбергтің айтуы … жалғасы